1.Ғылым ретінде Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері мен және оның зерттеулерінің көкейкестілігі



бет10/13
Дата30.01.2020
өлшемі287,63 Kb.
#56814
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
33-36


48)Қайта құру бағыты.1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы күрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.[2]1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

49. Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы декларация. Қ-н тәуелсіздік жолында 1 кезеңі: 1989 – 1990 ж. 2 кезеңі: 1990ж 25 қазан – 1991ж желтоқсан. 3 кезеңі: 1991ж 16 желтоқсан – 1992ж.4 кезең: 1993ж – 1995 ж. 5 кезең: 1995ж наурыздан жаңа кезең басталды. Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ елінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда 17 баптан тұратын «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысыл таяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 ж. 16 қыркүйекте Декларацияның жобасы алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.ДекларациядаҚазақКСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этносөкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Декларацияда: "Қазақ КСР-іРеспублика үлесіне сәйкес жалпы одақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. Декларация бойынша Қазақ КСР-іне өз ішкі әскерлерін, мемлекеттікқауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауғақұқық берілді. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды.Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат болып табылады 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі . КСРО құлдырауы және ТМД қалыптасуы 1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белорусь басшылары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО құру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республикалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды. Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді. КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы Президент болып табылады.1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп, Қазақстан 260 жылға созылған отарлық бұғаудан құтылып, өз алдына дербес мемлекет құруға мүмкіндік алды.

50. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы Президент болып табылады.1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп, Қазақстан 260 жылға созылған отарлық бұғаудан құтылып, өз алдына дербес мемлекет құруға мүмкіндік алды.

51. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Мемлекеттік рәміздер әрбір мемлекет дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Олар халық менталитетінің, тарихының, мәдениетінің көркемдік бейнесі. Ел азаматтарының мемлекеттік нышандарды қастерлеуінен, адамдардың өзін қаншалықты сол мемлекеттің азаматы ретінде сезінетінін, оның болашағына сенетінін, оның патриоты болып табылатынын көрсетеді. Нышандарды зерделеу мемлекет, оның уағыздайтын құндылықтары, тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы туралы көп мәселені білуге мүмкіндік береді. Қазақстанда үш түрлі басы бүтін мемлекеттік нышандар бар, олар елтаңба, ту, әнұран. Нышандар бүгінгі ұрпақпен өмірден өткен ұрпақтың арасын байланыстырушы, уақыттың үзілмес жігін куәландырады. Олар халықтың ұлт ретінде бірігуін көрсететін естеліктің куәгері. ХХ жүзжылдықтың аяғында тарих сахнасында Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін қалыптастырды. Осы шақта жаңа ресми нышандарды әзірлеу ерекше маңызды болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы тік бұрышты көгілдір түсті мата сол жағында ұлттық өрнек нақышталған, ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнелері, көгілдір түс халықтың мәдени –этникалық бірлігін және мемлекеттің мызғымастығын, байлық пен береке (күн), мемлекеттік билік пен әлемдік өркениетке талпынысын білдіреді. Өрнек ұлттық колорит ерекшеліктерін көрсетеді. Ту Қазақстан Республикасы Президенті резиденциясының ғимаратында, Парламент және Үкіметтің, министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші: Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және өзге де соттардың, Бас Прокуратураның, Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мекемелерінің ғимараттарында тігіледі немесе орнатылады. Аталған ғимараттарда мемлекеттік ту үнемі болуы керек. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының көгілдір түсті бетінде шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар (тірек) шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның дөңгеленген кейпі тіршілік пен мәңгіліктің нышанын білдіреді. Шаңырақ отбасылық береке, бейбітшілік пен тыныштық белгісі. Шаңырақтың үш күлдіреуіші үш жүздің бірлігін, алтын қанатты мүйізі бар жүйріктер елін қорғай алатын қазақтың тыныштықты қалайтынын білдіреді. Бес тармақты жұлдыз бес құрылықтың бірлікке ұмтылысын көрсетеді. Елтаңбаның алтын және көгілдір түсі Қазақстанның көпұлтты халқының ашық-жарқын болашағын, әлемнің барлық халықтарымен достықта және бірлікте өмір сүруін қалайтынын меңзейді. Мемлекеттік ту мен елтаңба ұлттық валютада, әскери белгілерде бедерленген. Мемлекеттік нышандар отандық әуелайнерлерде де бейнеленген. Әнұран Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Назарбаев Әуені: Шәмші Қалдаяқов Әнұран адамдардың өз мемлекетіне деген ерекше сезімін оятады. Онда халықтың тарихы, оның жанының кеңдігі мен байлығы, алған бағыты көрініс табады.
52. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және баптан тұрады.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993ж 28қаңтарда қабылданған болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл 1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді. Конституция құрылымы I бөлім. Жалпы ережеле II бөлім. Адам және азамат III бөлім. Президент IV бөлім. Парламент V бөлім. Үкімет VI бөлім. Конституциялық кеңес VII бөлім. Соттар және сот төрелігі VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
53) Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны  697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында. 
Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін. ЖағрапиясыҚала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.Қала аймағының жер-бедері тегістелген. Қаланың климаты шұғыл континеттік. Астана қаласындағы негізгі әрі маңызды сулы артериясы Есіл өзені болып табылады, және оның екі арнасы Сарыбұлақ пен  Ақбұлақ.Астанадан 25-30 шақырым радиуста тұщы және ащы көлдер көп. Қала аумағы – 71 мың га.ТабиғатыҚоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ. Жылдық орта температурасы 3,1 °C. Жылдық жауын-шашын көлемі 300 мм. Жаздың ыстығы 40 °C –тан асып кете алса, қыстың суығы – 50 °C-қа дейін төмендейді. Қысының суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады.Халқы2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, қаланың халық саны 697,3 мың адамды құрайды. 2009 жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады – бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қалаға жасалған миграциялық толқындар негізінен Қазақстанның өзге аймақтарынан болады. Астана адам капиталын тарту жағынан және тұрғындарының табысы жағынан елдегі көшбасшы қала болып келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б.Қазақстан астанасының тарихыАстана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне  келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты.  Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.ЭкономикаҚаланың экономикасының негізін құрайтындар: сауда, көлік, байланыс және  құрылыс. Қазақстан экономикасының сауда саласындағы жалпы өнімге салатын үлесі жағынан  Астана еліміздегі маңызы бар облыстар мен қалалар   арасында Алматыдан кейінгі  екінші орынды алады. Астана және Алматы қалаларының біріккен аймақтық  өнімі Қазақстанның сауда саласының тең жартысын алып отыр. Сондай-ақ, бөлшек сауда айналымы бойынша Астана еліміз бойынша екінші орында тұр. Астана республикада құрылыс жағынан да алға озып келеді. 2009 жылы елде пайдалануға берілген құрылыс нысандарының бестен бір бөлігі осы өңірдің үлесіне тиеді. Соңғы бес жыл көлемінде қолдануға берілген үйлердің көлемі бойынша да Астана алда келе жатыр.

Қаланың өндірістік әлеуеті негізінен құрылыс бұйымдарын, тамақ өнімдері/сусындар және машина жасау салаларына бағытталған. Астана Қазақстан бойынша құрылысқа арналған темір бұйымдарын, бетон, қолдануға дайын бетон, бетоннан жасалған заттар шығару жағынан жетекші орынды алады. Сонымен бірге, құрылысқа арналған темір құрылғылар, радиатор,  орталық жылу қазандық, көтергіш-көлік құрылғыларын жасау жағынан да басым үлеске ие.Қаланың жалпы аймақтық өнімінің 22 пайызын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері толықтырып отыр.Инвесторларды тарту және бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар ашу үшін қалада "Астана – жаңа қала» атты арнайы экономикалық белдеу (АЭБ) құрылған. АЭБ негізінде салық және кедендік жеңілдіктер қарастыратын құқықтық тәртіп енгізілген. АЭБ аймағында әртүрлі бағыттағы бағдарламалар жұмыс істейді. Қаланың дамуы өндірістің жаңа әрі ірі көлемі бойынша бәсекеге қабілетті экономика құруға, оның ішінде қаланың жалпы аймақтық өнімі мен туризм саласын дамытуға мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын дамытуға бағытталған.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №67 Бұйрығымен  2006 жылдың 17 наурызынан бастап  2003 жылға дейін қаланың  тұрақты дамыту стратегиялық жоспары бекітілген. Аталған жоспарды қаланы тұрақты дамыту орталығы жүзеге асырды.



МәдениетіСондай-ақ, қалада бес жоғарғы оқу орны, Ақмола облыстық филармониясы, мұражай (тарихи-аймақтану мұражайы, қолданбалы өнер мұражайы), театрлар (К.Бәйсейтова атындағы ұлттық опера және балет театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драмалық театры, М.Горький атындағы орыс драмалық театры), кітапханалар жұмыс істейді.Қаланың мәдени-ағарту орындарына, сонымен бірге, Конгресс-холл, Жастар сарайы, Президенттің Мәдениет Орталығы, «Шабыт» шығармашылық сарайы,  Бейбітшілік және келісім сарайын жатқызуға болады. Бәйтерек монументі қаланың басты символы болып саналады.Қалалық геральдикалар2008 жылдың 5 маусымында қалалық мәслихаттың 16-шы кезектен тыс сессиясында Қазақстан астанасының  жаңа елтаңбасы мен туы белгіленді.Аталған елтаңбаның тұжырымдамасы мен сызбасының авторы болып Президент Нұрсұлтан Назарбаев саналады.Елтаңбаның негізіне кемелдік пен мәңгіліктің белгісі ретінде шеңбер қойылған. Орталық элементі ретінде екі басты символ–Бәйтерек пен шаңырақ біріктіріліп көрсетілген. Ондағы суреттер жаңа Қазақстанның даму бағыттарынан хабар беріп тұр. Сонымен бірге, Бәйтеректің негізіне «құс қанаттары» орнаменттері қойылған. Ол аңыздағы Самұрық құсының бейнесінде әзірленген. Елтаңба екі сақинаға бөлінген. Оның сыртқы бөлігі  Ұлы даланың терең тарихынан сыр тартады. Көшпенді халық соғыс белгісі ретінде қызыл түсті таңдаған. Сондай-ақ, қызыл түс туылу, өсу және даму деген түсініктермен астасып жатыр. Сақинаның жиектері «бөрі көз» орнаменттерімен безендірілген. Бұл көшпенді халқымыздың көк бөрі ұрпақтары екендігін әйгілеп тұр.Ішкі сақинадан тәуелсіз Қазақстан  және Астана қаласының жаңа символдарын көруге болады. Аспан түстес ішкі сақина еліміздің көк байрағын көзге елестетеді. Оның жиегіне жүргізілген жасыл түсті орнамент көктемгі молшылық пен жастықтың нышаны ретінде таңдалған.Аталған көркемдік шешімдер жаңа Қазақстан   және Астана қаласының гүлденуі мен дамуын білдіреді.Қаланың көрнекті жерлері

  • Сулы-Жасыл бульвар–Астананың жаңа алаңындағы көше

  • Ақ Орда–Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы

  • Бәйтерек монументі – Астананың символы және басты көрікті жері

  • Тәуелсіздік  сарайы – дипломатиялық және басқа да халықаралық маңызды кездесулер өткізетін орын

  • Бейбітшілік және келісім сарайы – әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының конгрессі өтетін жер

  • Хан Шатыр –  ірі сауда, ойын-сауық орталығы

  • «Шабыт» шығармашылық сарайы – қаланың мәдениет және өнер орталығы

  • «Қазақ елі» монументі – Қазақстан Тәуелсіздігінің символы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет