Ұлттық киімдер қазақ халқының ұлттық киімдері



Дата02.01.2022
өлшемі343,5 Kb.
#107926
түріСабақ
Байланысты:
Ұлттық киімдер

Сабақтың тақырыбы:

  • ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР
  • Қазақ халқының ұлттық киімдері
  • Қазақ халқының киім – кешегі ұлттық, тұрмыстық және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақтардың ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы анық байқалады.
  • Қазақ халқының ұлттық киімдері үшке бөлінген. Олар: бір киер киім, күнделікті киім, жұмыс киімдері. Бір киер киім деп жиындарға, той- думанға барғанда киетін сәнді киімді атаған.Бір киер киімдерге ашық түсті көйлек, камзол, шапан, үкілі тақия, сәукеле, бөрік т.б. жатады.
  • Сәукеле - қызды ұзатқандағы киетін бас киім. Сәукелені арнайы ақ киізден жасап, сыртын қымбат матамен қаптайды, шетіне құндыз, кәмшат терісін айналдыра тігеді.Сәукелеге алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылады.
  • Шапан – қазақ жерінде шапандар әр түрлі тігілген: сырмалы шапан, қаптал шапан, қыз – келіншектерге арналған қималы шапан. Сәнді шапандарды түрлі қымбат матадан тігіп, оларға түйме орнына асыл тастар орнатылған, күміс қапсырма тағылған. Кейде жағасына құндыз салынып әшекеленген. Қазақтың халық дәстүрі - сыйлы қонаққа “ шапан” жабу күні бүгінге дейін сақталып келеді.
  • Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді.
  • Тымақ – ерлердің бас киімі. Тымақтың төбесі шошақ, құлағы ұзын, артқы делегейі желкені жауып тұрады. Тымақ қатты аяз күндері суық жібермейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет