1ж/ж 2015-2016 оқу жылы бойынша
6 сынып оқушысы
биология пәнінен
әкімшілік-бақылау жұмысы
Тірі табиғаттағы өзгерістердің жиынтығын зерттейді:
А) ботаника Б) биология С) зоология Д) экология
2. Өсімдіктер туралы ғылымдардың жиынтығы, бтологияның бір саласы, өсімдіктер дүниесін зерттейтін ғылым:
А) ботаника Б) биология С) зоология Д) экология
Сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген, биіктігі 3 метрден кем болмайтын діңі бар, көпжылдық өсімдік:
А) сабақ Б) тамыр С) ағаш Д) гүл
Ерекше құрылысы бар нақты қызмет атқаратын өсімдік ағзасының бір бөлігі:
А) вегетативті мүше Б) генеративті мүше С) спора Д) тұқым
Көзге көріне бермейтін, шар немесе сопақша тәрізді өте майда жасушалар:
А) вегетативті мүше Б) генеративті мүше С) спора Д) тұқым
Ағзалардың өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді:
А) ботаника Б) биология С) зоология Д) экология
Өте ұсақ заттарды 100-ден 2000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал:
А) Микропрепарат Б) микроскоп С) телескоп Д) лупа
Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат:
А) ядро Б) жасуша С) цитоплазма Д) мембрана
Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы:
А) ұлпа Б) жасуша С) цитоплазма Д) мембрана
Өсімдіктің жерасты мүшесі:
А) гүл Б) сабақ С) тамыр Д) тостағанша жапырақша
Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ:
А) өркен Б) сабақ С) тамыр Д) тостағанша жапырақша
Өркеннің негізгі бөлігі:
А) өркен Б) сабақ С) тамыр Д) тостағанша жапырақша
Сабақтың ең сыртқы қабаты:
А) камбий Б) өзек С) сүрек Д) қабық
Сабақтың орталық бөлігі:
А) камбий Б) өзек С) сүрек Д) қабық
Өсімдікке қоректік заттарды жеткізуші және тірек қызметін ғана атқарып қоймай, сонымен бірге органикалық заттарды қорға жинап вегетативті көбеюге қатысады:
А) өркен Б) сабақ С) тамыр Д) тостағанша жапырақша
Түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жерасты өркен:
А) тамырсабақ Б) түйнек С) пиязшық Д) картоп
Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері:
А) гүл сағағы Б) гүл табаны
С) тостағанша жапырақша Д) күлте жапырақша
Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері:
А) гүл сағағы Б) гүл табаны
С) тостағанша жапырақша Д) күлте жапырақша
Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы:
А) шашақ Б) гүлшоғыр С) жай масақ Д) Жай шатыр
Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі:
А) Тозаңдану Б) Өздігінен тозаңдану
С) Айқас тозаңдану Д) Бунақденелілер арқылы тозаңдану
Достарыңызбен бөлісу: |