Мағынаны тану
|
Әр топ өз жобаларын қорғауға екіден тапсырма беріледі.
1-топқа Гүлдің жалпы құрылысы беріледі. Осыны оқып қорғау тапсырылады
Гүлдің құрылысы
Гүл сағақ
Гүл табан
аналық
аталық
күлте
тостағанша
1-топ. 1- тапсырма
Гүл табаны-гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.
2-топ. 1-тапсырма
Тостағанша- көбінесе жасыл түсті біріккен немесе бірікпеген жасыл жапырақшалардан тұрады.Саны екіден бірнеше онға дейін жетеді. Мысал көкнарда екеу, шай өсімдігінде бірнешеу
Атқаратын қызметіне байланысты тостағанша жапырақшалар өзгеріске ұшырайды. Мысалы бақ-бақ тұқымдарын желмен тарату үшін үлпекке айналған. Меңдуана, қоңыраугүлде тостағанша бір-бірімен тұтасып , жемістің сыртын қаптап , қорғап тұрады. Кейбір жемістерде жемісі піскен соң тостағанша жапырақшасы түсіп қалса кейбір жемістерде ол сақталады. (бақлажан, бұрыш, құрма,)Жануарлар арқылы таралатын өсімдіктерде , итошағанның тостағаншасының ұшы иіліп, ілмешекке айналған.
Күлте- тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткендерге інжігүл, қоңыраугүл жатады.Бірікпей жеке орналасатын күлтелерге қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады.
Тостағанша жапырҚалақай, қызылша, қымыздық, еменнің аталық гүлдері, қарағаш гүлдері
Қызғалдақ, лалагүл, інжігүл
Тал,шаған, терек, еменнің аналық гүлі
Алма, өрік, шие
3-топ. 1- тапсырма
Аталық-гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталықаталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады. Аталықтың жіңішкерген жері –жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен тұрады. Әр бөлігінде екіден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады.
Тозаң- сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша пішіндері де алуан түрлі. Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді. Әрбір тозаңның сыртын үшкір өсінділері бармайда тікенектер, бұртиған төмпешіктері болады.Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз витаминдер бар.
Аналық-гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасында орналасады.
Аналықтың ұшын-ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін- мойын,түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейміз.
Аналық аузы- өсімдік түріне қарай түрліше (домалақ, үлпекті, қостелімді, көптелімді, жұлдызша,)болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай жасайды.
Жатын- аналықтың ең негізгі бөлігі және көп ұялы . Жатынынның ішінде бір немесе бірнеше мыңдаған тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршік жатында дамитындықтан жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртын екі қабат қабықша қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар. Одан тозаң түтігі тұқымбүршігіне енеді.Тұқымбүршіктің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша (аналық жасуша) болады. Сондықтан ұрықтану аналық ішінде жүреді. Әрбір аналық өзара бірігіп кеткен бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан түзіледі.
3-топ. Тапсырма №2
Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе –дұрысгүл(алма, итмұрын, мақта)
Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса, бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе –бұрысгүл(соя, үрмебұршақ, сәлбен)
2-топ. Тапсырма №2
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер
Бір гүлде аталық пен аналық болса (мақта, қызанақ, картоп, лалагүл) –қос жынысты. Аталық немесе аналық қана болса дара жынысты гүл дейді. Тек аталығы болса аталық гүл, ал тек аналығы болса аналық гүл дейді.
Аталық гүлдермен аналық гүлдер бір өсімдікте болса –бір үйлі( жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы)
Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте болса –екі үйлі(қос үйлі)
Өсімдіктер(қарасора, қалақай, терек, тал)
Жыныссыз гүлдерде жыныс мүшелері (аталық пен аналық) дамымайды. Мысалы күнбағыс, гүлкекіре және себет гүлшоғырының шетіндегі гүлдер жыныссыз болғандықтан жеміс бермейді.
|
Ой толғаныс
|
Гүл формуласы
Формула дегеніміз гүл құрылысындағы гүл бөліктерінің атын бас әрпімен белгілеу.
Халықаралық атауы.
Т-Тостағаншасы- Са (Calyx)
К-Күлтесі- Со (Corolla)
Жай гүлсерік - Р (Perigonium)
А-Аталық гүл - A (Androceum)
Ж- Аналық гүл - G (Gynoeceum)
Аталық гүл (марс белгісі)
Аналық гүл (шолпан белгісі)
Қос жынысты гүл ,
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды
|