1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы



бет18/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау
Икт семинар 8, Омархан Аружан Бж 21-12к, Глагол.Алина,Айганым,Алуа, Документ Microsoft Word (3)
20.Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.
Ұлы Жібек жолы сан алуан халықтар мемлекеттер және мәдениеттер арасындағы тарихи байланыстардың көп бағдарлы желісін тудырғаны соншалық үнемі осы негізде оны қайта қалпына келтіру, одан да тамаша коммуникациялық қызмет деңгейіне жеткізу қажеттілігі әрдайым туындап отырған. Қазіргі таңда мұның түркі әлемі үшін үлкен маңыз тудырып отырған жағы мынада: Ұлы Жібек жолының қажеттілігі мен пайдалану шарттары қаншалықты өзгеріп отырса да, оның қызметін қайта қалпына келтіріп, ұдайы қолданыста болуын қамтамасыз еткендер - ең алдымен түркі халықтары, олар құрған мемлекеттер мен империялар болатын. Қысқартып айтқанда, әлем тарихы мен өркениеті үшін Ұлы Жібек жолының маңызы қаншалықты үлкен болса, түркі халықтары да оның осы күнге дейін келіп жетуінде, жұмысын жалғастыруында соншалықты үлкен рөл атқарған.
Біздің дәуіріміздің I ғасырынан бастап, негізінен, Жібек жолы арқылы Еуразия өркениеттері арасында жүйелі сауда байланыстары құрылды. Бұл байланыстар дамыған инфрақұрылымы бар көп салалы қарым-қатынас формаларын тудырды. Ғасырлар бойы егіншілік өнімдерін қажет еткен Еуразия даласының көшпенділері сауда-айырбас жұмыстарының белсенді қатысушылары болды. Олар Еуразияның қолайлы аймақтарына орналасып, Қытайдан Орталық Еуропаға дейінгі барлық өркениет ошақтарымен байланыс құрды. Жібек жолының солтүстік пен оңтүстік (құрлық пен теңіз) бағыттары, сәйкесінше, Орталық Азия Жерорта теңізі бассейні мен Қытай - Шығыс Түркістан Жерорта теңізі бассейні бағыттары жұмыс істеп тұрды.
Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолымен табиғи байланысы негізінен, табиғи-географиялық, саяси-экономикалық және мәдени-интерактивтік факторларға сүйенеді. Түркілер ұзақ уақыт Ұлы Жібек жолы бойында жүргізілген сауда мен мәдени байланыстардың басты қолдаушысы, қатысушысы, әрі ұйымдастырушы ортағы (түркі тіліндегі «ортақ» деген сөзді сол дәуірлердегі барлық халықтар қолданған), яғни серіктесі болған. Түркі мемлекеттері мен империялары Ұлы Жібек жолының Транс-Еуразия коммуникация жүйесі ретінде қызмет атқаруында өзінің тарихи миссиясын абыроймен атқарып, бұл жолдың 2200 тарихында белгілі бір аймақтық шекараларда оны өз бақылауында ұстаған. Жібек жолы саясаты - түркі өркениеті мен саяси мәдениетінің іргелі құндылықтары арасында ерекше орын алады. Жібек жолы түркі дүниетанымының әмбебаптануына; ал түркілердің әскери-саяси дарыны Жібек жолының кеңейіп, гүлденуіне жол ашқан. Мыңжылдықтардың өркениет жады мен құндылықтарын өзінде сақтап қалған Ұлы Жібек жолы расында да, адамзаттың дамуында маңызды рөл атқарды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет