1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Түркі-ислам синтезінің қалыптасуындағы Қожа Ахмет Ясауи сопылық мектебінің рөлі



бет20/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау
Икт семинар 8, Омархан Аружан Бж 21-12к, Глагол.Алина,Айганым,Алуа, Документ Microsoft Word (3)
22.Түркі-ислам синтезінің қалыптасуындағы Қожа Ахмет Ясауи сопылық мектебінің рөлі.
Қожа Ахмет Йасауи түркілерге иманды, исламды ғана қайтарып қойған жоқ, сонымен бірге, түркінің көнеден келе жатқан мәдениетін, тілін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін түгелімен қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Өйткені, VIII ғасырдың екінші жартысында ислам дінін қабылдаған түркілер X-XII ғасырларға келгенде өзінің дәстүрлі мәдениетінен, тілінен, мемлекеттік жүйесінен толығымен толығымен ажыраған болатын. Алғашында ислам дінін қабылдау тек дінді емес, бүкіл араб болмысын қабылдау деп түсінген түркілер арабтанып, парсыланып кеткен еді. Қожа Ахмет Йасауи ислам дінінің басты талабы Иман екендігін түсіндіруі, иманы бар адамның мұсылман болып саналатынын сезіндіруі, арабтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын қабылдамай-ақ әрбір мұсылманның өз мәдениетін сақтауы мүмкін екендігіне көзін жеткізуі түркілердің өзінің дәстүрлі мәдениетіне қайтадан бет бұруына мүмкіндік берді. Қожа Ахмет Йасауи түркі мәдениетін сақтап қалу ғана емес, оны қайта жаңғырту жолында да көп еңбек етті. Ол түркі тілін дін тіліне, ғылым-білім тіліне, әдебиет мәдениет тіліне, мемлекет тіліне айналдырды.
Қожа Ахмет Йасауи сынды Ұлы тұлғаның түркі халықтары тарихы мен мәдениетіндегі орны қандай, неге оның есімі түркі халықтарының жадынан ерекше орын алады деген сұраққа әлі ешкім жартымды жауап бере алған жоқ. Ол заңды да. Өйткені, Қожа Ахмет дәуірінен кейінгі 800 жыл халық жадындағы көптеген мәліметтерді шайып кетті. Ал, жазба деректер болса, жоққа тән. Тек, "Диуани Хикмет" қана көңілге медеу. Соңғы жылдардағы ізденістер нәтижесінде Қожа Ахмет Йасауидің "Диуани Хикметтен" өзге де шығармалары болғандығы белгілі болып отыр. Мысалы, Шайх Хұдайдад ибн Ташмұхаммед азизан ал-Бұхари жазған "Бустан ал-Мухиббин"1 атты шығармада Қожа Ахмет Йасауидің "Фатава-и танбих" атты шығармасы болғандығы туралы дерек бар. Одан басқа "Мират ал-қулуб", "Рисала" сияқты шығармалар да Қожа Ахмет Йасауидің қаламынан шыққандығы анықталып отыр. Бірақ, бұл шығармалардың ішінде "Мират ал-қулуб" Қожа Ахмет Йасауидің белді шәкірті Мұхаммед Данышманд Зарнуқи тарапынан жазылғандығы туралы айтылатын деректер барлығын да ескеруіміз керек. Әрине, бұл шығармаларда негізінен сопылық туралы, ұстаз бен шәкірт ара қатынасы тағы басқа сопылыққа қатысты мәселелер айтылады да, тарихи мәліметтер жоққа тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет