Дәріс №29 Тақырыбы: Мәдениеттің дамуы: ғылым және өнер Дәрістің мазмұны: 1



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі22,05 Kb.
#91489
  1   2
Байланысты:
29-лекция


ДӘРІС № 29
Тақырыбы: Мәдениеттің дамуы: ғылым және өнер
Дәрістің мазмұны:
1.Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы.
2. Қоғамдық ғылымдардың даму тенденциялары.
3.Әдебиет. Өнер.
Ғымның дамуы. Соғыстан кейінгі жылдарда мәдениеттің материалдық базасы әлсіз болды. Тек 1950 жылдар ішінде мәдениетті дамыту жағдайы біртіндеп түзеле бастады. 1946 жылдың маусым айында КСРО FA-ның Қазақ филиалының, негізінде Қазақ КСР Ғылым академиясының құррылуы республиканың ғылыми және мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Қазақстанда жаңа ғылым ордасын құруға көрнекті орыс ғалымдары С.И.Вавилов, Н II Бардин, А.М.Панкратова және басқалары ұйымдастырушылық көмек көрсетті. Академияның тұңғыш президента болып көрнекті ғалым, Кеңестік Қазақстан ғылымын ұйымдастырушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. 1950-1 965 жылдар арасында республикадағы ғылыми- зерттеу институттарының, филиалдар мен бөлімшелерінің саны 38-ден 84-ке дейін ал оларда істейтін ғылыми қызметкерлердің саны 3,3 мыңнан 18, 2 мыңға дейін өсті Өскеменде, Қарағандыда, Шымкентте ірі ғылыми орталықтар бой көтерді. Жаратылыстану және нақты ғылым салалары жоғары қарқмнмен дамыды. Ғылым академиясында Қазақстан ғалымдары жемісті еңбек етті. Қазақ КСР ҒА-ның ғылыми мекемелері 1946-1949 жылдары халық шаруашылығына енгізу үшін 900- ден астам ұсыныстар мен зерттеулер ұсынды. Минералды шикізаттар мен кен орындарының табиғатта таралу заңдылыңтарын ашып, металлогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Қ.И.Сәтбаев бастаған бір топ ғалымға Лениндік сыйлық берілді.1950 жылдар ішінде қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді. Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің шығармаларын жинап, жарыққа шығару қолға алыма бастады. ҚазМУ-де философия факультеті ашылды. 1958 жылы Қазаң КСР FA-ның Философия және құқық институты құрылды. 1961 жылы Тіл білімі, әдебиет және өнер институттары шаңырақ көтерді. Философтар Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және философиялық ойдың тарихын зерттеді, диалектикалық логика саласында зерттеулер жүргізіле бастады. Тарпхшылар 1957-1959 жылдары “Қазаң КСР тарихының”екі томдығын жариялады. Ә.Марғұлан көшпелілердің қола дәуірдегі тарихы мен мәдениетін зерттеді.Сонымен қоса республикадағы қоғамдық ғылымдардың даму барысында келешекте тоқырауға соқтырмай қоймаитын келеңсіз үрдіс те орын алды. Оның себебі, ол жылдары қоғамдық ғылымдар коммунистік идеология үстемдігі жағдайында дамыған еді. Қоғамдық ғылымдар түгелдей партиялық құжаттарда тұжырымдалған бағытарды дәріптеуге жұмылдырылды. Партия тарихы барлық жоғары оқу орындарында өтілетін ең негізгі пәнге айналды. Партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан тек коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер талап етті. 1950 жылдардың соңында “КСРО-да социализм толық және түпкілікті жеңіске жетті” деген ресми партиялық тұжырым қабылданғаннан кейін, бүкіл одақтағы сияқты Қазақстанда да қоғамдық-саяси ой осы формула шеңберінде дамытылатын болды. Қоғамтанушы ғалымдар капитализмнің іріп-шіріп бара жатқандығын, таяу арада оның мүлдем құритынын дәлелдеп бақты. Социализмнің гүлденуі мен лениндік ұлт саясаты салтанатының мысалдары Қазақстан халқының көпұлтты болуынан, түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы аралас некенің көбеюінің қазақ жастарының орыс тіліне, өзге мәдениетке көбірек ден қоюынан ізделініп, насихатталып жатты. Қоғамдық ой тұтасымен әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің сняси мақсаттарын діттеу жолына түсті. Үстемдік етіп отырған коммунистік идеологияның талаптарына бейімделу қоғамдық ғылымдарды сыңаржақ насихат құралына айналдырып жіберді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет