Дәріс №29 Тақырыбы: Мәдениеттің дамуы: ғылым және өнер Дәрістің мазмұны: 1



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі22,05 Kb.
#91489
1   2
Байланысты:
29-лекция

Көркеім әдебиет. Соғыстан кейінгі бесжылдықтарда қудалаудан аман қалған танымал қаламгерлер оқырмандарын жаңа туындыларымен қуантса, олардың соңынан соны серпін танытқан жас жазушылар мен ақындар жетілді. Көрнекті мәдениет қайраткерлерін саяси қуғындау әдебиет пен өнердің даму қарқынын тежегенімен, мүлдем тоқтатып тастай алмады, ұлттық әдебиет үнемі өрлеу үстінде болды.
1947 жылы Мцхтар Әуезов “Абай” романының екі кітабын жазып бітірді. Шығарма КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 1955 жылы жазушының іргелі туындысының жалғасы — “Абай жолы” эпопеясы дүниеге келді. Бұл шығарма автордың ғана емес, көпжанрлы қазақ әдебиетінің жетістігі деп танылды.Қазақтың ұлы ақыны. философ, ағартушы Абайдың күрес пен ізденіске толы жолы романда халық тағдырымен етене байланыста суреттеледі. 1959 жылы М.Әуезовке әдебиет пен өнер саласындағы Лениндік сыйлықтың берілуі «АБАЙ жолы" эпопеясының мәдени. көркемдік және ғылыми-танымдық маңызына бағалау болды.Ғабит Мүсіреповтің « Оянған өлке»романы 1950 жылдардағы ұлттық прозаның тағы бір жетістігі болды. Романда жазушы қазақ даласындағы өзгерістерді — қазақтардың өнеркәсіпке араласа бастауын, дала өміріндегі жаңалықтарды,ғасырлар бойы орныққан дәстүрлердің жалғастық табуын тарихи шындық шеңберінде, психологиялық тереңдікпен суреттеді .Көрнекті қазақ жазушысы Сәбит Мұқанов «Сырдария» романында замандастарының өмірін,еңбегін ,арман-мақсаттарын нанымды бейнеледі. «Өмір мектебі» трилогиясында жазушы ауызекі әңгіме ,өмірбаяндық сыр шерту дәстүрін жалғастыра отырып,туған халқының тарихи жолына өз түсінігінше баға берді. Бұл жылдары Ғабиден Мұстафин жемісті еңбек етті. 1949 жылы Мәскеуде өткен Қазақ Кеңес әдебиетінің онкүндігінде орыс тіліне аударылған “Шығанақ”, "Милионер” повестері әдеби қауымның назарын аударды. Кейіннен автор тарихи таңырыптарға қалам тартып, « Қарағанды» , “Дауылдан кейін” романдарын жазды.1950 жылдарда қазақ поэзиясы неғұрлым байып, алуан түрлі сипат ала бастады.Бұл жылдары көрнекті қазаң ақыны Әбділда Тәжібаев бірқатар поэзиялық циклдер, сатиралық “Шайтан”, терең философиялық мәні бар “Портреттер” поэмаларын жазды. Х.Ергалиевтің “Біздің ауылдың қызы”, «Құрманғазы» Т Жароковтың “Жапанды орман жаңғыртты”, Қ.Бекқожиннің “Мариям Жагорқызы”, Ж.Молдағалиевті «Жыртуралы жыр” поэмалары қазақ кеңес поэзиясының алтын қорына қосылды.
Қазақстанның 1950 жылдардағы әдеби өмірі республикада Х.Абдуллин “Гүлстан” повесін жазды. К.Хасанов ұйғыр драматургиясын жасауда көп еңбек етті. Ким Кван Хен бастаған корей жазушыларының дарынды тобы әдебиет сахнасынан көзге іліге бастады.
Ол кезде өзге кеңес жазушылары сияқты Қазақстан қаламгерлері де коммунистік партияға иланып, елдің болашағына сеніммен қарады. Сондықтан олар революцияны, социалистік құрылыс әкелген жаңалықтарды шабытпен жырлады, болыневиктердің ұнамды бейнелерін жасады. Халықтар достығы тақырыбы өмірдің өз ағысынан туындап, көркем шығармаларға өзек болып жатты. сталиннің жекебасына табынушылықты айыптаған КОКП XX съезінен кейін әділетсіз жазаға ұшыраған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров есімдері аңталды. Алайда А.Байтүрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытов секілді аса көрнекті әдебиетшілер мен Өзге ақын-жазушылардың есімдері жабулы күйінде қала берді. Олардың көркем туындылары республика оқырмандардың қолына тие қоймады.Өнер. Соғыстан кейінгі онжылдықтарда қазақ өнері даму үстінде болды. Арнайы білімі бар кәсіпқой өнер қайраткерлері аз болғанымен, халық арасынан шыққан дарындылар мол еді. Олар өнердің өрлеу қарқыны жоғары болуын қамтамасыз етті. Қазақ театрлары Ташкенттен, Мәскеуден арнайы білім алып келген жас актерлермен толықтырылып отырды. Режиссерлік, көркемдік жетекшілік қызыметтерге орталықтан мамандар шақырылды. 1952 жылы В.Голубович Қазақ драма театрында М.Әуезовтің “Абай” драмасын қойды. Қойылым КСРО Мемлкеттік сыйлығына үсынылды. Ә.Әбішевтщ “Достық пен махаббат”, Ш.Хұсайыновтың «Кеше мен бүгін» , Тәжібаевтың “Жалғыз ағаш орман емес” пьесалары сол жылдардың сахнасынан берік орын алды. Актерлер Қ. Бадыров, Қ. Қуанышбаев, Р. Қойшыбаева, Е. Өмірзақов, С.Қожамқүлов, Х.Бөкеевалар ірі шығармашылық табыстарға жетті. Шымкентте, Қарағандыда, Семейде өзіндік қолтанбасы бар шығармашылық ұжымдар қалыптасты.
Я.С. Штейн басқарған жылдары Орыс драма театры қазіргі зман тақырыптарын игеруге бетбүрыс жасады.Театрдың белді актерлері Е.Диордиев, Ю.Померанцев,Н.Трофимова жемісті еңбек етті. В. Б. Харламова өнерге сіңірген еңбегі үшін КСРО Халың әртісі атаған алды.Бұл кезде Н.Сац басқарған Жасөспірімдер театры үлкен шығармашылық өрлеу үстінде болды.Қазақстанның музыка мәдениеті елеулі табыстарға жетті. Қазақ Мемлекеттік хор капелласы шығармашылық ұйым ретінде қалыптасты. Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблі Жастар мен студенттердің дүниежүзілік VI фестивалінің лауреаты атанды. Дирижер Ш.Қажығалиевтің басшылығымен Құрманғазы атындағы Ұлт аспаптар оркестрі ұлттық және әлем классиктерінің шығармаларын орындады. Қазақ Мемлекеттік филармониясы еңбекшілерге мәдени ңызмет көрсетті.Опера және балет өнері де жолға қойылды. 1946 жылы « Біржан — Сара» операсының қойылуы республика мәдениет әлеміндегі елеулі оқиға болды. 1949 жылы осы қойылым үшін сазгер М.Төлебаев, қоюшылар мен орындаушылардың бір тобы — Қ.Жандарбеков, А.Нешаева,К.Бейсейітова, Ә.Үмбетова, Б. Досымжанов,Ш. Бейсекова КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Сазгер Брусиловский “Дударай”, М.Төлебаевпен бірігіп “Амангелді" операларын, Қ.Қожамьяров тұңғыш ұйғыр операсы «Назугумды» жазды. Үйғыр сазгерінің “Ризвангүл" симфониялың поэмасы 1954 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды. Сол жылдары Қазақ академиялық Опера және балет театрында осы өнердің көпұлтты ұжымы қалыптасты. Өншілер Е.Серкебаев, К.Кенжетаев, В.Иванов,А.Круглыхина, дирижерлер Г.Дұғашев, В.Чернов, балет бишілері Ю.Ковалев, С.Көшербаева және басқалары жемісті еңбек етіп, көпшілік көңілінен шыға білді. Симфониялық музыка өнеріде өрлеу үстінде болды.. Бұл салада В.Великанов, Қ.Мусин, Е.Рахмадиев, С. Мұхаметжанов, Ғ.Жұбанова және басқа композиторлар кемел туындыларын дүниеге әкелді.
Соғыстан кейінгі жылдарда Алматы көркемсурет училищесінен басқа оқу орны болмағандықтан, қазақстандық жас суретшілер орталық қалалардың жоғары оқу орындарынан білім алды. Жас суретшілер Қ.Телжанов «Жас мал» , «Атамекен», С.Мәмбеев “Тауда”, «Киіз үй қасында» М.Кенбаев «Шопан әні», «Сұхбат» атты суреттерінде бейне әсерлілігіне, психологиялық тереңдікке қол жеткізе білді. А.Степанов пен А.Ғалымбаева салған портреттерінде адамның, алуан түрлі көңіл күйі мен толғаныстарын шынайы бейнеледі. Н.Нүрмұхамедов, М.Лизогуб, К.Шаяхметов,Л.Черкасский, Н.Таңсықбаев, Ә.Қастеев сияқты қылқам шеберлері тарихи-революциялық тақырыпқа, индустрациялық пейзаждарға бой ұрды. Графика және кітап иллюстрациясы жанрлары да республика суретшілерінің назарынан тыс қалмады. Республиканық өз мүсіншілер тобы өсіп шықты. Монументті және камералы мүсіннің түрлі пішіндері қалыптасты. Абайдың, Жамбылдың, өзге қайраткерлердің ескерткіштері жасалып, қала алаңдарынан орын алды.
Бақылау сұрақ:
1.Қазақ КСР Ғылым академиясы қашан құрылды, онда қандай ірі ғалымдар еңбек етті?
2.Оның тұңғыш президенті кім болды.
3.Қазақстанда қоғамдық –әлеументтік ғылымдардың дамуына қандай кедергілер болды.
4. Соғыстан кейінгі көрнекті жазушыларды және олардың шығармалардын атап айтындар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет