Толеранттылық



бет1/2
Дата23.04.2024
өлшемі48,13 Kb.
#201261
  1   2
Байланысты:
11 сынып БЖБ 16.04

    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Толеранттылық – ел бірлігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Сөйлеу әрекетінің түрлері



Тыңдалым Айтылым






Оқу мақсаты

11.1.4.1
11.2.2.1

Көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет- мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау
Ғылыми және кәсіби мәтіндерге сүйеніп, монологпен диалогті үйлестіре қолдану, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушылармен қарым-қатынас
орнату

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көркем шығарманы кино туындысымен салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасайды

  • Сөйлеу этикеті формаларын қолданып, кәсіби мәтіндер бойынша тыңдаушымен диалогке түседі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма







Мәтіндерді мұқият тыңдаңыз.



  1. Шәріп Бейсембаевтың «Тел өскен ұл» көркем фильмнен үзінді (7.30-10.00 аралығы). (https://www.youtube.com/watch?v=39uGnytMRDg&pbjreload=10)

  2. С.Мұратбековтің «Телі өскен ұл» шығармасынан берілген үзінді. (https://kitap.kz/audio-book?page=2)

Самолет Алматы аэропортына кеп қонған. Трап әкелініп, жолаушылар сыртқа шыға бастады.


Евдокия да солардың ішінде. Аэровокзал қоршауының сыртында тұрған көптеген қарсы алушыларға көзі түскен. Бәрі де осы жаққа қарап жүздері жайраңдап, қолдарындағы гүлдерін бұлғайды. Евдокия да күлімсірей қарап, қолын бұлғап қойды.
Осы мезетте репродуктордан самбырлаған ащы дауыс естілген.
− Филиппова Евдокия Филипповна, сізді балаңыз аэровокзалдан шыға беріс есікте күтіп тұр. Қайталаймын!
− Маған айтқан сияқты ма мынаны, − деді дегбірсізденген Евдокия. − Ол шығатын есігі қай жақта?
− Жүріңіз, мен сізді ертіп апарайын, − деді тарамыс арық. Бұлар аэровокзалды қақ жарып өтіп, шығар есікке таяған. Дәл шыға берісте Евдокия:
− Сәл кішкене аялдайықшы, − деп өтінген. − Жүрегім орнықсын, − өзі кідірістеп біраз тұрды да, жүрегі орныққандай болған соң, шығуға беттеді.
Есіктің шыға берісіндегі баспалдақтарда гүл ұстаған көп адамдар тұр екен, орысы да, қазағы да бар, бәрі аралас. Евдокия олардың бәрін тез ғана бір шолып қарап өтті де, өзіне күлімсірей қарап тұрған аласа бойлы, арықтау сары жігітке қарай жүрді, бірақ қарсы алдынан ұзын бойлы, кең иықты басқа бір жігіт кес-кестеп шыға берді. Евдокия оған жалт қараған, екеуінің көздері бір-бірімен ұшырасқан сәтте, ана жүрегі дір ете түсіп, өзінен туған, өзінен нәр
алған жанарды қалтқысыз таныды, уақыт жеп солғаны болмаса, бір кезде өзінің жанары да дәл

осындай болатын.
Ана мен бала құшағы айқасқан... тілшілер жан-жақтан фотоаппараттарын сыртылдатып суретке түсіріп ап жатыр.
Айнала тұрған әйелдердің көздерінде жас мөлдірейді. Евдокия өзі де жылап тұр. Самолетпен бірге келген тарамыс арық көзі жыпылықтап жасаурап бір шетке ығыса берді, онан соң өзін-өзі тез жөнге келтіріп анадай жерде әлгіндегі қарсы алушылар әзірлеп тұрған
«Волгаға» қарай тез-тез басып жүріп кетті.



  1. Берілген үзіндіні аталған шығарманың фильмдегі нұсқасымен салыстырыңыз. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттаңыз.




  1. С. Мұратбековтің «Телі өскен ұл» шығармасындағы ақпаратты қолдана отырып, шығармадағы кейіпкерлер арасында сұхбат жүргізіңіздер. Сұхбат кезінде сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыздар.

    1. Евдокия – Саша

    2. Саша – Айташ

    3. Қалиша – Евдокия т.б.



Сөйлеу этикетінің формалары: сәлеметсіз бе; сіз қалай ойлайсыз; ... дегенмен келісесіз бе; мен сіздің... ойыңызбен келісемін; өте жақсы ой айттыңыз; пікіріңізге рахмет; сау болыңыз; кешіріңіз, бірақ сізбен келісе алмаймын; өте құнды пікір айттыңыз; сізге қарсылық танытуға мәжбүрмін; ... деген сөзіңізді түсіндіріп жіберсеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет