Филология және көптілді білім беру институты



бет1/3
Дата14.10.2022
өлшемі64,63 Kb.
#153112
  1   2   3
Байланысты:
7-аптаның тапсырмасы
13 такырып ЖЕФ слайд

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Қазақ тілі мен әдебиеті



СӨЖ


Тақырыбы:
Ә.Тәңірбергенов шығармаларындағы заман тынысы.
Ғ.Қарашұлы және Н.Орманбетұлы өлеңдеріндегі азаттық идеясы.
Орындаған: Әлімғожа Дастан
(2-курс ДОТ)
Тексерген: Сейсенбаева Жанар
Алматы, 2022.
ЖОСПАР.



  1. Өз заманының ащы шындығын жырлаудағы Ә.Тәңірбергенов реалистік үні.

  2. Ғ.Қарашұлының өмірі мен шығармашылығы.

  3. Нарманбет өлеңдеріндегі заман шыңдығы.

Әріп Тәңірбергенов (1856-1924).

Аягөз өңірінде туып-өскен. Өз тұсындағы алуан қырлы әлеуметтік оқиғаларға араласып, сан түрлі қызмет атқарған. Мұсылманша да, орысша да білім алған. Өз кезіндегі өрелі жанның бірі ретінде бағаланып, көп тілді игерген (орыс, түрік, араб, фарсы, қытай). Шығыстың классикалық әдебиетінен де, орыс әдебиетінен де нәр алып өсуіне байланысты шығармашылығында осы әдебиеттер әсері алмасып көрініс тауып отырады. Өлеңдерінде өз дәуірінң өзекті мәселелерін көтере білген. Бірақ жалпы шығармашылығында қарама-қайшылықтар кездесіп қалатын кездері бар. Бірқатар өлеңдері поэзиялық тұрғыдан жатық, ұйқасы келісімді, ой ағыны айқын болып келеді. Кейбір өлеңдері табан астында суырып салмалылықпен шығарылғандықтан да мағынасы жағынан шашыраңқы шығып жатады.


Әріп шығыс әдебиеті үлгісінде қиссаларда жазған (“ЗиядаШамұрат”). Абай мен Әріп арасында ұстаздық, шәкірттік қарымқатынастар болған. Жалпы шығармашылығын тақырыбына, көтерген мәселелеріне орай шартты түрде төрт салаға бөлуге болады: Сатиралық өлеңдері, ағартушылыққа үндеген өлеңдері, адам баласына тән сезім күйлерін жырлауы, өмір жайлы өсиет-өнеге сөздері.
Ақын отаршылдық саясат зардаптарын тұспалдай айтып, ел басқарған әкімдер мен надан байлардың елге істеген қиянатын ашық сынға алған (“Найман Секікбай қожаға”, “Тұрғали болысқа”, “Тәуірбек болысқа”, “Қабділдә биге айтқаны” т.б.). Бұл өлеңдерінде сатиралық сипат басымдау жатады және тапқыр әжуа, сықақ, әзілге де толы болып келеді.
Әріп біраз өлеңдерінде еңбекті ардақтап, ғылым-білімнің пайдасы жөнінде ой толғайды (“Еңбек туралы”, “Замандасқа”, “Ғылым туралы”, “Шәкірттеріме”, “Шұғбанға”, “Орыстың муссанифы Пушкин дана”, “Халқыма”, “Ғанидің тірлігі” т.б.). Достық, махаббат жайлы өлеңдері де (“Сараға” т.б.) кездеседі. Ақынның өнеге-өсиетті негіз еткен дидактикалық сарындағы өлеңдері де бар (“Ақыл”, “Дүние туралы”, “Өлім туралы”, “Нәпсіге”, “Иман туралы” т.б.). Бұл топтағы өлеңдерінде Әріп тақырып ретінде алынған мәселелер туралы өзіндік көзқарасын танытады. Онда діни тұжырымдар басымдау шығып жатады.
Әріптің “Біржан мен Сара айтысына” қатысы бар. Кейбір зерттеушілер осы айтысты шығарған немесе әдеби өңдеген Әріп деген пікірді ұстанады. Оған дәлел ретінде Қазандағы баспаға 1898 жылы Зайсаннан жіберілген қолжазбаны айтады. Қанша дегенменде Сара мен Әріп арасындағы адамгершілік, достық қатынастар болғандығы рас. Бірақ айтысқа Әріптің қатысы туралы пікір-талас әлі бір жақты шешіле қойған жоқ. Әріп Кеңес тұсында да бірді-екілі өлеңдер жазған. Бірақ шығармашылықпен толыққанды күйде айналыспаған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет