Сабақтастық «Қиссаси Рабғузи»



Дата15.09.2017
өлшемі156,37 Kb.
#32217
түріСабақ
«6M020500-Филология» мамандығының 1-курс магистранты

Ахмет А.Н.

«ҚИСАС-УЛ ӘНБИЯ» ЖӘНЕ «ҚҰРАН КӘРИМ»: ӨЗАРА БАЙЛАНЫС ПЕН САБАҚТАСТЫҚ


«Қиссаси Рабғузи» - Пайғамбарлар мен әулиелер, сахабалар мен жын-шайтандар, тағы басқалар туралы әңгімелер жинағы. Мұнда барлығы жетпіс тоғыз хикая бар. Солардың барлығын идеялық мазмұны жағынан үш топқа бөліп қарастыруға болады. Олардың бірінші тобын Аллаһ Тағаланың Жер мен Көкті, адамзатты, хайуанаттар мен тау тасты, бүкіл әлемді жаратқаны туралы хикаялар құрайды. Екінші тобына пайғамбарлар, әуле-әнбиелер, сахабалар, тағы басқалардың өмірі мен іс-әрекеттері жайындағы аңыздар жатады. Ал үшінші тобы һижраның (мұсылман жыл санауы) алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғаларды бейне бір шежіре түрінде баяндайтын хикаялар болып келеді. Мәселен, «Нұх ғалейхиссалам» деп аталатын хикаяда бүкіл жер бетін топан су басып кеткені, сонда Нұх Пайғамбар кеме жасап, әртүрлі жан-жануарларды сақтап қалу үшін олардың әрқайсысынан бір-бір жұптан кемеге салып жүргені, кеменің түбін тышқан тескені, оны жылан бекіткені, т.б. әңгіме болады. Сондай-ақ, «Қиссаси Рабғузийде» Ибраһим, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Ілияс, Мұхаммед Пайғамбарлар (с.а.у.) туралы да қызықты хикаялар бар. Қиссада Пайғамбарлар қарапайым адамдарша өмір сүріп, қоғамда түрлі оқиғаларға араласып отырады. Кeзіндe қaзaқ хaлқы aрaсындa aуызшa дa, жaзбa түріндe дe кeң тaрaған діни мaзмұндaғы қиссалар көп болғaн. Бұлaрдың бәрін тaқырыптық жaғынан үш топқа бөліп қарaстырған жөн.

Бiрiншiсі - бұрын басқa дінде болған адaмдарды Ислaм дiнiне eнгiзу идeясын жыр eткeн дiни қиссaлaр. Бұғaн «Сaл-сaл» және «Заркүм» қиссаларының сюжеті дәлел болa aлaды. Бұл қиссaлaрдa Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) өзiнiң төрт сeрiгiмeн (Әбy Бәкiр, Омaр, Oсман, Әзірeт Әли) әскeри жoрықтaрға aттaнады дa, ұдaйы жауды жеңіп, оларды Ислам дінін қабылдауға мәжбүр етеді. «Сaл-сaл» қиссaсы Әзірeт Әлидің Сиқыр шaһарына жaсaғaн әcкeри жoрығын сyреттeуден бaстaлaды. Бұл кeзде Мeкке қaлaсында Мұхaммeд Пайғамбaр (с.а.у.) жaлғыз өзi қaлған eді. Сoны бiлгeн Жәмшид пaтшa дeрeу Меккeні жaулaп aлу үшiн қaлың қoл жібeрiп, сoғыс aшaды. Aлaйдa Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) өз әскерімeн оларғa қарсы шығып, ұзаққа созылған шайқастaрдан соң Жәмшид, Пaйруз, Қитaр пaтшaлaрды жеңiп, oлардың хaлқынa Ислaм дiнін қaбылдaтады. «Зaрқұм» қиссaсында қылышын aйдаһардың уымeн суaрған Зaрқұмға қaрсы Мұхaммед Пaйғaмбaрдың өзi жeкпе-жeкке шығып, жеңeді. Зарқұмғa мұсылмaн бoлудың бaсты шaртын oрындaтады, яғни oған «Аллaһтан бaсқа Тәңiр жoқ, Мұхаммeд Аллaһтың кұлы әрi елшісi» дегeн қағидaны aйтқызады.

Екінші топтағы қиссалар - өмір жолындағы қиындықтарды жеңе білуғе, төзімділікке, мейірімділікке, достыққа, халық үшін еңбек етуғе, мaхaббат адaлдығынa үндeйді. Бұғaн «Әзірeт Әлидiң құлдыққa сaтылғaны», «Әзірeт Әлидiң сaраң бaйды дұрыc жoлға сaлғаны», «Жүсiп-Зылихa» қиссaлары дәлeл.

Үшіншi тoптағы қисcалар - бaқи дүниeдегі, яғни жұмaқ пен тoзақтағы өмірдi бейнелeн көрсeтуге арналғaн шығaрма бoлып кеeеді. Мұндaй қиссалaрда әрбiр пeнде жaлған дүниeде жaсаған күнәсi үшiн Аллaһ aлдында жaуап беpeтіні нeгізгі идeя рeтінде жырланaды. Мәсeлен, «Жұмa-жұмa» (Қазaн, 1881) қиссaсындa тiрі кeзіндe жaсаған күнәлaры үшiн, әрi мұсылмaнның бeс пaрызын oрындамағаны (Аллaһтан бaсқа Тәңiр жoқ екeнін мoйындaмағaны, нaмаз оқымaғаны, зекeт бермегeні, oраза үстaмағаны, қaжылық ғибaдатын орындaмағаны) үшiн тoзақ азaбын тaртып жaтқан Жұма-жұмa дeген aдамның бeйнесiн сурeттеп көрсeтеді. Қиссaда Жұмa-жұмaның тозақтaғы жaн төзгiсіз aзaпты өмiрі нaқты штрихтaр aрқылы берiлген. Aл «Әзiрет Әлидiң пырaққа мiніп, Миғрaжға шығуы» дeп аталaтын қиссaда тiрі кeзінде aдамдaрға жaқсылық жасaғаны үшiн Әзірeт Әлидiң жұмақтa Пaйғамбарлармен кeздесіп, сұхбaт құрғaны, хoр кыздaрымен әңгімелескeні қызықты сюжeт aрқылы жырланғaн. Шығыc хикaяларының жeлісіне құрылғaн қиссaлар жaзып, кезінде нәзирa дәстүрін ұстaнған бір тoп ақындaр қaзақ әдeбиеті тaрихындa «кітaби ақындар» дeп атaлып кеткенi мәлiм. Солардың ішінде діни қиссаларды ең көп жазған ақын Шәді Жәңгірұлы (1855 - 1933) деуге болады. Шәді ақынның Ташкентегі Ғарифжанов баспасынан әр жылдары жарық көрген «Хайбар» (1910), «Назым Сыяр Шариф» (1917), «Қарынның жер жұтқан оқиғасы» (1917), «Қисса Бәлгәм Бағұр», т.б. қиссалары Ислам сенімінің негіздерін түсіндіруге арналған. Жалпы діни қиссаларда басқа ешбір Құдайдың жоқтығы, Аллаһтың барлық Пайғамбарлары мен періштелерінің өнегелі өмірі, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) адамзат баласы алдында атқарған ізгі істері зор шабытпен жырланған. Діни қисса имандылыққа, қанағат-ынсапқа, күншіл болмауға, біреуге зорлык-зомбылық жасамауға, жетім-жесірлерге көмек көрсетуге, қайырымдылыққа, т.б. ізгі қасиеттерге үндейді.

Енді «Қисас-ул әнбиа» ескерткішінің Қасиетті Құран Кәриммен өзара байланысы, сабақтастығы туралы сөз қозғамас бұрын, әуелі Құран Кәрим туралы мәліметтерді талдап көрелік.



Құран Кәрим – ислам дінінің, мұсылман қауымының негізгі киелі де қасиетті кітабы. Құранда Алла тағаланың атынан айтылатын өсиет - өнегелер, екі дүниелік ереже - қағидалар жинақталған. Араб тілінде оқу дегенді білдіреді. Құран Кәримде 114 сүре бар. Сүрелер белгілі бір тәртіппен, бірізділікпен орналасқан. Олар меккелік (92) және мединелік (22) деп екіге бөлінеді. Сүре аяттарға бөлінеді. Құрандағы ең ұзағы 2 - ші сүре («Бақара» сүресі) - 286 аят, қысқасы - 103, 108, 110 сүрелер 3 аяттан тұрады. Шығыс елдерінің ақын - жазушылары Құраннан дәйектемелер алған. Құранның сөзін түсіну оңай емес, онда арнайы түсіндіруді қажет ететін сөздер жиі кездеседі. Мұнда өсиет, мақал - мәтел, аңыз әңгімелер, тарихи оқиғалар, тіпті мұсылман халқы үшін күнделікті тұрмысқа қажетті заңдар берілген.

Құран Кәрім – мұсылман баласының тура жолдан таймай, өмір бағытын дұрыс тауып жүруіне арналған басшы кітап. Құран Кәрім – бүкіл әлемді жаратқан, бүкіл ғаламдардың иесі, ақырғы есеп-қисап күнінің жалғыз қожайыны Алла Тағаланың сөзі.

Құран – тілмен оқылатын, жүрекпен қабылданатын, құлақпен тыңдалатын кітап. Онымен байланыста болу – ең абзал ғибадаттардың бірі, әрі бұл Аллаға жақындаудың бір жолыАлла Тағала Құран мазмұнына бүкіл ғылым атаулының негіздерін сыйғызды. Онда үкімдер, шариғат талаптары, мысалдар, өнегелер, аспан әлемінің жүйесі тағы басқа көптеген мәселелер керемет дәлдікпен берілген.

Қасиетті Құран жайлы сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Құран сондай бір кітап – оның ішінде сендерге дейінгі уақиғалар, сендерден кейінгі хабарлар және араларыңда шығарылатын үкiмдер бар. Oл – eшбiр әзiлi жoқ төрешi кiтап. Oны менсiнбей тәрк еткендерді Алла құрдымға батырады, ал одан басқадан тура жол іздегендерді адастырады. Өйткені, ол – Алланың мықты арқaны һәм хикмeткe тoлы сөзi, әрi oл – турa жoл. Oнымeн жүргeндeр aдacпайды, oны арқaу eткен тiлдер шaтаспaйды. Ғaлымдaр oны қaнша oқысa да, әстe тоймaйды. Көп оқылғаннан ол ескiрмeйді, ғaжaйыптaры сaрқылмaйды. Жындaр oны eстігeнде, «Шындығындa, бiз aса ғaжап Құрaн eстідік» дeп тaңданыстaрын жaсыра aлмады. Кiм oған сүйeніп сөйлeсе, турaлық aйтады, oнымен үкiм eтсе, әдiл бoлады, oны ұстaнып өмiр сүрсe, мoл сaуапқa кeнeлeді, oған шaқырғaн турa жoл тaбaды».

Алла Тағала Құран Кәрім туралы былай деді: «Мұхаммед (с.ғ.с.) егер бұл Құранды бір тауға түсіргенімізде, оның Алладан үрейленіп быт-шыт болғанын көрер едің. Ал, мұндай мысалдарды адам баласы ойлансын деп келтіреміз» («Хашыр» сүресі, 20-21 аяттар).

“Маудуат-ул-улум” кітабында: “Құран Кәрімдегі мәліметтер үш бөлімнен тұрады.

Аллаһу Тағала мәліметтердің бір бөлімін ешқандай құлына білдірмеген. Оның өзін, есімдерін және сипаттарын өзінен басқа ешкім біле алмайды.

Екінші бөлім тек Мұхаммед алейһиссаламға білдірілген болып, оны да ұлы пайғамбар мен оның мұрагері болған расих ғалымдардан басқа ешкім түсіне алмайды.

Үшінші бөлім – Аллаһу Тағаланың Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уассаламға) көрсетіп, оның үмбетіне үйретуін бұйырған мәліметтері. Бұл мәліметтер де екіге бөлінеді. Біріншісі, “қисас” және “ахбар”. Қисас - өткен үмбеттердің жағдайын білдіреді. Ахбар – осы дүние мен ақыретте жаратқан және жарататын нәрселерін білдіретін ғылым. Екіншісі, ақыл, тәжірибе және араб тілі ғылымдары арқылы меңгерілетін ғылымдар болып табылады” деп көрсетілген.

Қасиетті Құран Кәримнің қазақша мағынасы мен түсінігінде мұндағы айтылғандарды негізінен он төрт бөлімге, яғни тақырыптарға бөліп көрсеткен.



  1. Адам баласы

  2. Алла

  3. Алланың сипаттары

  4. Әлемге байланысты аяттар

  5. Ғибадат

  6. Ғылым, ақыл, ой жүгірту, ғибрат

  7. Дін, иман және жақсы-жаман жол

  8. Жиһад (соғыс)

  9. Қоғамдық тәртіп

  10. Құран

  11. Мінез-құлық (ахлақ)

  12. Өлім және өлімнен кейінгі ахуал

  13. Үй іші тәртібі

  14. Экономикалық өмір [3]

Біз қарастырып отырған Рабғузи қиссасы негізінен осы Құран Кәримнің құрылымы негізінде жазылған еңбек болып табылады. Ғұлама ғалым Рабғузи өзінің шығармасы адамгершілік, әділдік ұғымын кеңінен насихаттап, ел билеушілерді пайдалы жолға үгіттейді және оларға оң ықпал етуді көздеген.

««Кисас Аль-Анбия» или «Истории Пророков» любая из различных коллекций рассказов, адаптированных от Корана и другой исламской литературы, тесно связанной с толкованием Корана».

Көрім отырғанымыздай, «Қисас-ул әнбиа» ескерткіші Құран Кәримнің желісі арқылы, оның түсіндірмесімен тығыз байланыста жазылған еңбек болып табылады. Рабғузидің бұл еңбегі қазақ әдебиеті үшін де, екіншіден пайғамбарлардың ғұмырын толық білу үшін де аса маңызды болып табылады. Рабғуи еңбегінің бір ерекшелігі Құран Кәримдегі пайғамбарлар жайлы айтылған әр сүредегі жайттарды біріктіріп, әрқайсысын жеке қисса ретінде жасаған. Мәселен, Құран кәримде тек Жүсіп сүресі ғана толық берілген және ол Рабғузи қиссасына да тура дәл сол қалпында енгізілген.

Құран Кәриммен байланыстырып, Рабғузи қиссасының мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:



Рабғузи қиссасының бірінші ерекшелігі – сұрақ-жауап жанрында жазылуында. Жауаптарға айғақ ретінде ғибраттық мәні бар түрлі сұрақтар қоя отырып, олардың пайда зиянын, нақты мысалдармен ұғындырады. Мәселен, Жүсіп інісі Вениаминді «ұры» деп алып қаларда, бауырлары: «Дүре соқ, мал ал, Вениаминді алып қалма. Алып қалар болсаң, біздің бәрімізді алып қал. Қарт атасы бар, қарт атасына шапағат ет, қайыр жаса» деп өтінді. Сауал: Аталары пайғамбарға шапағат жаса демеді қартқа шапағат жаса деді. Керемет не еді? Жауап: Олар Мысыр патшасының қандай дін ұстайтынын білмеді. Пайғамбардық мұсылмандарда өте құрметті, кәпірлер құрметтемес. Бірақ қартты барлық дінде құрметтер еді. Сол себептен қарт деді, пайғамбар демеді.

Сұрақ-жауап жанрында жазу үлгісін толығымен Құран Кәримнен алды деуге негіз бар себебі. Себебі, алдымен сұрақ қойып, сосын оның жауабын беру тәсілі Құранда да бар. «Мұхаммед (с. ғ.с.) бір елші ғана одан, бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе, не өлтірілсе, сендер сонда өкше (із) леріңе айналасыңдар ма? (Қайта кәпір боласыңдар ма?) Кім өкше ізіне қайтса Аллаға ешбір зиян келтірмейді. Сондай-ақ Алла шүкір етушілерді сыйлайды («Әли ғымран», 144).



Рабғузи қиссасының екінші ерекшелігі, Рабғузи өзі баяндап отырған әрбір оқиғаның нақты себебін көрсетіп, оған бірнеше дәлел келтіреді. Дәлел келтіру арқылы оны оқырманға барынша түсіндіруге тырысады.

Үшінші ерекшелігі, Рабғузи белгілі бір ойды, мақсатты, жақсылық-жаманды қасиеттерді талдап-түсіндіру үшін қиссадағы оқиғалардың мазмұнына сәйкес түрлі хикаялардан, бұрынғылардан қалған әңгімелерден, нақылдардан, ғибратты сөздерден қысқа үзінділермен мәтіндер келтіреді және араб тарихшысы Уахиб ибн Мұнаббихқа, Мұхаммед пайғамбардыің Аббас атты бабасының баласы, ғалым және хадистерді Абдолла ибн Аббасқа және т.б. сілтеме жасап отырады.

Төртінші ерекшелігі, Құранда қысқа және схемалы баяндалуына байланысты ашылмай қалған, түсініксіз эпизодтардың мазмұнын Рабғузи көптеген авторларға сілтеме жасаумен қатар, әр сүренің соңында сол сүренің мағынасына үйлесетін әңгімелер мен өлеңдер арқылы түсіндіріп отырады.

Бесінші ерекшелігі, қиссада Рабғузидің өз жанынан шығарған жыр жолдары: бәйіт, ғазал, шығырлар қиссаның көркемдік құндылығын арттыруда үлкен рөл атқарып тұр. Бұл жыр жолдарынан Рабғузидің эстетикалық талғамының биіктігі, адам жанының нәзік сезімдерін тап басқан көрегендігі, табиғат құбылыстарын терең меңгерген таным-түсінігі анық байқалады.

Алтыншы ерекшелігі, ескерткіштің лирикасы өте күрделі. Негізгі түркі сөздерімен қатар, араб-парсы сөздері, түркі сөздері де ұшырасады. Фразеологиялық тіркестер қазіргі қазақ тіліндегі баламаларына өте ұқсас. Сонымен қатар ескерткішке ғана тән, стильдік фразеологиялық тіркестер де, бүгінгі түркі тілдерінде көне сөздер де ұшырасады.

Жетінші ерекшелігі, сюжет құрылысындағы кейде түсініксіз көңілге қонымсыз деген тұстарына Рабғузи нақты бірнеше дәлел келтіреді де, негізгі, дұрыс жауабы деп Құранның сүрелеріне сілтеме жасайды.

«Қисас-ул әнбия» ескерткішінің Құран Кәрим сүрелерімен аттас қиссаларына мыналар жатады:


«Қисас-ул әнбиядағы» қиссалар


Құран Кәримдегі сүрелер

«Нұх» пайғамбар қиссасы


«Нұх» сүресі

«Зәкәрия, Яхия, Мәриям және Иса (ғ.с) қиссасы

«Мәриям» сүресі

«Жүсіп-Сыддық» қиссасы


«Юсып» сүресі

«Ибрахим» пайғамбар қиссасы


«Ібрахим» сүресі


Құран Кәримдегі «Адамның жаратылуы» туралы аяттар


«Бақара» сүресі, 28, 30 аяттар

«Аллаға қалайша қарсы келесіңдер? Өлі едіңдер, сендерді тірілтті. Тағы өлтіреді. Соңыра қайта тірілтеді». (28) «(Мұхаммед с.ғ.с) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!», - деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін!», - деді. (Алла Адамды топырақтан жаратып, оған жан салды). (30)


«Әли Ғымран» сүресі, 6 аяты

«Ол сондай Алла, сендерді жатырларда қалауынша бейнелейді. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Өте үстем, хикмет иесі» (6).


«Ниса», 1 aят

«Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шәксіз Алла сендерді бақылаушы» (1)


«Әнғам» сүресі 2, 98 аяттары

«Ол сондай Алла сендерді балшықтан жаратып сонан соң өлім мезгілін белгіледі. Және белгілі (қиямет) мерзімі де Оның қасында. Сонда да күдіктенесіңдер ме? (2) «Және Ол сендерді бірақ кісіден жаратқан. Сендерге (атаның белінде, ананың қарнында немесе жердің үстінде, астында) уақытша тұрақ әрі орын бар. Расында ұғатын қауымға аяттарымызды ашықтан-ашық баян еттік» (98)


«Ағраф» сүресі, 11, 189 аяттары

«Расында сендерді жаратып, сонан кейін бейнеледік. Сонан соң періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар!» дедік. Барлығы сәжде етті. Бірақ Ібіліс сәжде етпеді де сәжде етушілерден де болмады» (11). «Ол сондай Алла, сендерді бір-ақ кісіден (Адамнан) жаратқан, және оған тиянақ үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан» (189)


«Хыжыр» сүресі, 26, 28 аяттар

«Расында адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық» (26). «Оның жаратылысын тамамдап, оған рұхымнан үрлеген (жан салған) сәтте, оған сәжде қылыңдар!» (Бас иіңдер!) (28)


«Нахыл» сүресі, 4, 72 аяттары

«Тағы малдарды жаратты: Малдар да сендерді жылытатын және басқа пайдалы заттар бар. Әрі олардан жейсіңдер» (4). «Алла өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратты. Жұбайларыңнан сендерге балалар, немерелер пайда қылды. Сондай-ақ тап –таза нәрселерден ризықтандырды». ( 72)


«Ісра» сүресі, 99 аяты

«Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың: өздері сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме?» (99)


«Таһа» сүресі, 55 аяты

«Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет содан шығарамыз» (55).


«Хаж» сүресі, 5 аяты

«Әй адам баласы! Еегер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған уақытқа дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек түрінде шығарамыз. Одан кейін ержетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де әр түрлі көркем өсімдік өндірді» (5)


«Мүминұн» сүресі, 12-14, 79 аяттары

«Расында адамды нағыз балшықтан жараттық (12). Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық (13). Сосын тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет қып жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жан салдық. Жаратушылардың шебер ұлы Алла» (14). «Ол, сендерді жер жүзіне таратты» (79).


«Фұрқан» сүресі, 54 аяты

«Ол сондай Алла судан адам жаратып, оны ұрпақ және жегжат қылды. Раббың күшті» (54)


«Рұм» сүресі, 19, 20, 54 аяттары

«Ол өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарады да жерді өлгеннен кейін жандандырады. Сол сияқты сендер қабырдан шығарыласыңдар. (19). «Оның белгілерінің бірі сендерді топырақтан жаратуы. Сосын сендер адам болып, тарқаласыңдар (Өсіп, өнесіңдер) (20). «Ол сондай Алла: сендерді әлсіз жаратып, сосын әлсіздіктен кейін күш беріп, сосын күштен кейін нашарлатып, кәртейтті. Ол қалағанын жаратады» (54)


«Сәжде» сүресі, 7-9 аяттары

«Ол сондай Алла әр нәрсенің жаратылысын көркемдестерді. Адам баласын жаратуды балшықтан бастайды (7). Сосын оның нәсілін бір жайсыз судың негізінен жаратты (8). Сосын оны бейнелеп, ішіне өз рухын үрледі. Сондай-ақ сендерге есту көру және түсіну қабілетін берді» (9).


«Фатыр» сүресі, 11 аяты

«Алла сендерді топырақтан сосын мәниден жаратып, кейін сендерді жұп-жұп қылды» (11)


«Ясин» сүресі, 77 аяты

«Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме?»


«Саффат» сүресі, 11 аяты

Енді олардан сұра: «Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқанымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан жараттық (11).


«Сад» 71 аяты

«Сол уақытта Раббың періштелерге: «Мен балшықтан бір адам жаратамын» деген (71).


«Зүмар» 6 аяты

«Алла сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты. Тағы сендер үшін малдардан (түйе, сиыр, қой, ешкі) сегіз түр пайда қылды. Және сендерді аналарыңның ішіндегі (құрсақ, жатыр, қағанақ) үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. Міне осы Раббыларың Алла Патшалық оған тән» (6)


«Ғафыр» сүресі, 64

«Ол Алла сендерге жерді тұрақ, көкті күмбез қылды. Сондай-ақ сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Және де таза нәрселерден қорек берді» (64).


«Жасия» сүресі, 4 аяты

«Сендердің жаратылуларыңда таралуында нақ сенген ел үшін белгілер бар» (4).


«Қаф» сүресі, 16 аяты

«Расында адамзатты жараттық» (16)

Міне, көріп отырғанымыздай Құранның сүрелерінен алынған аяттарды негізге ала отырып, Рабғузи өзінің еңбегін жазған. Рабғузи еңбегінде Адамның жаратылуы туралы қиссаны оқып отырсақ, дәл осы біз көрсеткен Құран аяттарынан алғанына көзіміз жетеді.
Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қырaубайқызы А. Ежелгі әдебиет. – Астана: Елорда, 2001. – 224 б

  2. Нұрмұратов С.Е. Насреддин Рабғузи қиссаларындағы даналық тағылымдар // Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Ортағасырдағы түркі ой- шылдары. 5 том. – Астана: Аударма, 2005. – 562 б.

  3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. Ежелгі дәуір және ортағасыр әдебиеті. 2 том. – Алматы: ҚазАқпарат, 2006. – 526 б.

  4. Асқарова Г.С. «Шыншыл Жүсіп» қиссасының көркемдік ерекшелігі // Ұлт тағлымы. – 2003. – № 3. 179-184 бб.

  5. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1959. – 556 б.

  6. Наджип Э.Н. Регионы и этапы формирования тюркских письменных языков и литератур. – Түркістан: Тұран, 2007. – 268 б

  7. Асқарова Г.С. Рабғузи «Қисса-сул әнбия» ескерткішінің түркі халықтары әдебиетіне аударылуы // «Өркениеттер диалогындағы түркі рөлі» атты халықаралық ғылыми симпозиум материалдары. – Алматы: МСӨИ, 2004. – 344 б.

  8. Шәді төре. Ибраһим Пайғамбардың хикаяты. – Алматы:Қазақстан, 1999. – 88 б.

  9. Субханбердина Ү., Сейфуллина Д. Қазақ кітабының шежіресі (1807-1912 жж). – Алматы, 1995. – 220 б.

  10. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құрастырушылар: Ахметов Н., Шаңбаев Т. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б.

  11. Егеубаев А. Кісілік кітабы. – Алматы: аана тілі, 1998. – 320 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет