Автор: Набиденова Айнур Нуртазаевна
Пән: Қазақстан тарихы
Сынып: 9-сынып
Бөлім: Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде
Тақырып: 1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
8.3.1.7. ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;
8.1.2.1. қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;
Сабақтың мақсаты:
Тоталитарлық жүйе саясатының зардаптарына талдау жасау; Әміршіл-әкімшіл саясаты кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қоғамдағы рөлін анықтау
Тілдік мақсаттар:
Тақырыпқа қатысты жаңа сөздер: тоталитарлық жүйе, депортация, репрессия, ұжымдастыру саясаты, әміршіл-әкімшіл жүйе, КАРЛАГ, ГУЛАГ, АЛЖИР. Жазылымға ұсынылатын сөз тіркестері: Демографиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, табиғи зардаптарын жазу “5 минут қалғанда” әдісі
Күтілетін нәтиже:
ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдайды.
Бағалау критерийлері:
Тоталитарлық жүйе саясатының зардаптарын талдау жасайды;
Әміршіл-әкімшіл саясаты кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қоғамдағы рөлін анықтайды
Құндылықтарды дарыту:
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйенің зардаптарын анықтай отырып оқушы бойында тәуелсіздіктің қадір-қасиетін бағалау құндылығы қалыптасады
Ұжымдастыру саясатының дәстүрлі қазақ қоғамына тигізген әсері қандай болғанын біледі
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
(5 минут)
Оқушылар үй тапсырмасына қаншалықты дайын екендігін ескеріп, өзін-өзі бағалап, білімін 10-100-ге дейінгі пайыздық мөлшермен өлшеп сол орындықтың артқы жағындағы ақ бет қағазға жазады.
Топқа бөлу: “Стикердегі диалог” әдісі.
Үй тапсырмасын тексеру арқылы топқа бөлінеді. Өзін-өзі бағалайды.
Дескриптор: 1. Карточканы таңдап алып сұраққа жауап береді.
2. Сұраққа жауап берген оқушы келесі сұрақты оқиды
3. Тізбек тұйықталып, топ болып құрылады
Сабақтың ортасы
(25 минут)
Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау мақсатында оқушыларға үлестірмелі материал таратылады. Оқушылар мәтінмен танысады. Кейін 3 топ өздері келісе отырып мәтінді бөліп алады да ортаға салып талқылайды және қорғайды. Сағат тілі арқылы топ бірін-бірі бағалайды.
Дескриптор: 1. А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың қоғамдағы рөлі мен қызметін дәйек арқылы талдайды 2. Ә.Бөкейханов пен Х.Досмұхамедовтың қоғамдағы рөлі мен қызметін дәйек арқылы талдайды 3. Ж.Аймауытов пен М.Жұмабаевтың қоғамдағы рөлі мен қызметін дәйек арқылы талдайды
Жұппен жұмыс. Әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау мақсатындағы тапсырма.
1. Демографиялық зардаптары
2. Әлеуметтік зардаптары
3. Экономикалық зардаптары 4. Саяси зардаптары
5. Мәдени зардаптары
6. Табиғи зардаптары
Дескриптор: 1. ХХ ғасырдың 20-30 жж. әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, демографиялық факторлары бойынша талдайды
2. Тақырып бойынша нақты мысал келтіреді
3. Қорытынды жасайды
Сабақтың соңы
(5 минут)
Рефлексия: Әлемді өзгерт (Оқушылардың оқу дағдыарын анықтау мақсатында. Шағын орта мен ұжымдық ортаны таңдаса - А (төмен), ауқымды, жергілікті ортаны таңдаса - Б (орта), ұлттық, әлемдік ортаны таңдаса - С (жоғарғы) деңгей екендігін анықтауға болады)
Рефлексия
(5 минут)
“5 минут қалғанда” әдісі
Сабақ басында қойған мақсатқа қайта оралып, өзін-өзі бағалау)