1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Қазақстанда Парламенттің рөлінің артуы және еліміздің саяси жүйесіндегі өзгерістер



бет105/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

122.Қазақстанда Парламенттің рөлінің артуы және еліміздің саяси жүйесіндегі өзгерістер
Қазақстан Парламенті Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Заңды 2007 жылғы мамырдың 17-сінде қабылдады. Конституциялық реформа авторы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болды. Ол мемлекеттік комиссияны жəне кейін Жұмыс тобын тікелей басқарды. Бұл шешімді ол еліміздің болашағы үшін жəне демократиялық ел ретінде гүлденіп даму үшін қабылдады. Бұл — еліміз экономикасының теңдессіз өркендеуі, неғұрлым өзекті əлеуметтік проблемаларды шешу дəуірі [1].
Бұл құжат саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын іске асырудың, еліміздің құқықтық кеңістігінде терең өзгерістер жасаудың заңды нəтижесі болып табылады. Еліміздегі экономикалық табыстар, қазақстандық əрбір отбасының əл-ауқатының артуы, өмір сүру стандарттарының өсуі Қазақстанның демократиялық дамуының жаңа кезеңіне берік тұғыр жасап берді. Біздің елімізде саяси жаңару үдерісі бірте-бірте, қажетті экономикалық жағдайлар жасалуына орай, Қазақстан тəуелсіздік алған сəттен бастап бүкіл ретте біз өзіміздің дербес, қазақстандық даму жолымен жүріп келеміз, бір кездері таңдап алған сол жолмен содан бері келеміз. Əлемдік практиканы зерделеп, талдай келіп, біз нақ осы эволюциялық жолды таңдап алдық.
Парламенттің жұмыс тəжірибесіне парламенттік комитеттердің отырыстарында Үкімет мүшелерінің кандидатураларын талқылау енгізілді. Қолданыстағы Конституция аясында елімізде демократиялық үрдістерді дамыту жөнінде бірқатар шаралардың қабылдануы Мемлекеттік комиссия қызметінің нақты нəтижесі болды.
Қазақстанда 2006–2011 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы əзірленіп, Президенттің Жарлығымен бекітілді.
Жан-жақты қоғамдық пікірталас пен негізгі саяси күштермен кеңестерді негізге ала отырып, Мемлекеттік комиссия енді жаңа кезеңде демократиялық дамытудың өзекті мəселелеріне жауаптарын ұсынды. Мынадай мəселелерге қатысты шешімдер əзірленді:

  • атқарушы биліктің тиімділігі, ашықтығы мен есептілігі жəне сыбайлас жемқорлықпен күрес. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру жəне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;

  • сайлау заңнамасын жетілдіру;

  • парламенттің жауапкершілігін кеңейту;

  • əлемдік озық стандарттарға сəйкес сот жүйесін дамыту, судьялардың тəуелсіздігі;

  • саяси партиялардың елдің саяси өміріне əлдеқайда белсенді қатысуы;

  • ҮЕҰ-ның қоғамдық өмірдегі рөлін күшейту;

  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіру. Саяси жаңартудың негізгі жұмысының басты қорытындысы болды. Бұл ұсыныстар — елдің негізгі қоғамдық-саяси күштерінің пікірлерін ескеретін ұжымдық еңбектің жемісі [2].

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы осы жұмыстың нəтижесі болды.
Саяси өзгерістер бағдарламасы мен конституциялық реформаларды əзірлеу, оның аса маңызды құрамдастарының бірі ретінде біздің алға басуымыздың басым арнасына айналды. Конституцияның тұрақтылығы мен мызғымастығын қамтамасыз ету үшін Конституцияға өзгерістер тəртібін күрделендіру ұсынылды. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізетін жəне біздің Отанымыз дамуының жаңа сапалық сатысына қадам басатын уақыттың келгеніне кəміл сенімділік тудырады. «Конституциялық өзгерістер Қазақстанның қуатты, бəсекеге қабілетті жəне демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы жолындағы маңызды кезеңге айналмақ. Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңін заңнамалық қамтамасыз ету жөнінде Парламенттің белсенді жұмысынан үміт артамын», — деді Елбасы Н.Ə.Назарбаев [2].
Қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы қоғамдағы түбегейлі саясат жəне əлеуметтік өзгерістер жағдайында болды. Қазақстан Республикасында кəсіби, тұрақты қызмет ететін атқарушы жəне заң шығарушы органдардың пайда болуы — халықтық өкілдіктің күрделі тарихи дамуының жетістігі.
Осы уақыттан қазіргі кезге дейінгі аралықта Қазақстан ірі модернизациялық жоба «Қазақстан– 2030» атты Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың Стратегиясын жүзеге асырды. Нəтижесінде еліміз жаңа сапалы сатыға көтеріліп, əлемдегі бəсекеге қабілетті елу мемлекет қатарына ену міндетін қою мүмкіндігін берді.
Парламентаризмнің дамуы бұл өзіндік мақсат емес, ол қоғамға, жеке адамға қызмет етуде ғана мəніне ие болады. Осыған орай қазіргі əлемде қалыптасқан парламенттің əр түрлі типтерін, парламенттік қызмет түрлерін, əлеуметтік рөлін салыстыра талдау өте маңызды.
Қазіргі парламентаризм — жан-жақты динамикалық құбылыс. Мəселені терең түсіну жəне оның даму бағыттарын айқындау, қазақстандық парламентаризм мен басқа əлемдегі қалыптасқан үлгілерді түсінуге жəне салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік беретіндігі айқын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет