1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»



бет17/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

Хандықтың құрылуы.
Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетін, Орта азиядағы Хорезм шахтар және Қарахандар әулетімен соғысқа және соқтығыстарға әкеліп жеткізген. XI ғ. бірінші жартысында буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың обьективті себебіне айналды.
XI ғасырдың басында Кимек қағанаты құлағаннан кейін Ертістен Еділге дейінгі кең аумақ қыпшақтардың қолына өтті. Осылайша, Қыпшақ хандығы (XI ғ.-1219 ж.) пайда болды. XI-XII ғғ. Орталық Азия мен Шығыс Европадағы түркі тілдес халықтардың ішіндегі саны жағынан ең көбі қыпшақтар болды. Ордасы Сығанақ қаласы.
Қыпшақ мемлекеті өзінің саяси жағынан күшейіп тарих сахнасында елеулі көтерілген кез XI ғасырдың ортасы.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Хандар шығатын әулеттік ру-ел бөрілі деп аталынған. Махмұд Қашқаридің айтуына қарағанда, XI-XIII ғғ басындағы қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы Абар хан болған екен (Табар). Орда деп аталатын хан ордасында ханның мал-мүлкі мен армиясын басқарған ханның басқару апараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түрік дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанаты Ордасымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат-ордасымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Әскери ұйымдар мен әскери-әкімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені олардан көшпелі тұрмыс ерекшелігі толық көрінген және олар көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған.
Билеуші ақсүйек топтарының (хандар, тархандар, басқақтар, югурлар, бектер мен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған, бұған қоса рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай болінген. Орталық Азиянын көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпаладың қатаң иерархиясы қоғамдық және тайпалардың қатаң негізгі принципі болды.


19. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.
Қазақстанмен шектескен Моңғолия аумағында пайда болса да бұл ұлыстардың еліміздің шежіресінде өзіндік қолтаңбасы бар
Олар мемлекеттiлiк бастауларына үлес қосты. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта кезiнде Ертiстің жоғары тұсы мен Орхон өзенінің аралығында сегiз-оғыз атаумен пайда болған. 
Сегiз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейiнгi жердi алып жатты. Х-ХІІ ғасырдың басында наймандар Ляо империясына тәуелдiлiкте едi. Керейiттер (керейлер) мен меркiттермен одақтасқан наймандар iрi мемлекетті құрылымға айналды. Наймандар өздерiн қоршаған көшпелi және отырықшы-егiншi этностармен, әсiресе қаңлылармен өте тығыз этникалық саяси және мәдени байланыс орнатты. 
1125 жылы Қидан мемлекетi күйрегеннен кейiн, оның орнынан бiрнеше мемлекеттік бiрлестiктер құрылды. Олардың арасынан жетекшiлiк рөл керейiт хандарының қолына көштi. Керейiттер туралы алғашқы мәлiметтер Х ғасырдың басында кездеседі. Олар Шыңғысхан шапқыншылығына дейінгі кездерде Моңғолия мен Алтай аумағына үстемдiк еткен. Жалайырлар Шыңғыс хан империясының өрлеу кезiне қарай қазіргі Моңғолия жерінің Хилок және Орхон сағасы аймағын мекендеген. Наймандар, керейiттер, жалайырлар құрған ұлыстар — алғашқы феодалдық мемлекеттік құрылымдардың бір көрінісі болып табылады. 
Ұлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық институттардан жоғары тұрады. «Ұлыс» ұғымы ол кезде «халық" дегендi бiлдiрген. Ұлыс құрамында қандас туысқан адамдардың болуы мiндеттi емес едi. Әрбiр ұлыс белгiлi бiр аумақты иелендi. 1185 жылы Шыңғыс хан меркiт ұлысын талқандаған соң, кейін керейiттерде оған бағынады. 1190 — 1206 жылдары Орта Азиядағы соғыстар нәтижесiнде найман, керейiт, меркiттердiң бiр бөлiгi елімізге қоныс аударған. Моңғолдардың шапқыншылығынан кейін найман мен керейiт топтары, жалайырлар қазақ хандығының негізін құраған алғашқы руларға айналады. 
Сырдарияға жеткен наймандар, Едiлдегі керейiттердiң бiр бөлiгi өзбек, қырғыз құрамына, ал шағын тобы қазақтар құрамына кiрдi. Екінші бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалып, керей (ашамайлы керей, абақ керей) деген атпен Орта жүз қазақтарына қосылды. Үшеуі-де әлеуметтік-саяси дамудың бiр-деңгейiнде тұрды. Бұл мемлекеттерде iс жүргiзу кең таралған. Құжаттар мөр басу арқылы бекiтiлген. Алым-салық жинау, адамдарды қызметке тағайындау құжаттарына мөр басылған. Ұлыстарда хан қосынының (ордасының) басқару органдары, әскерi және жасауылы бар басқару аппараты жұмыс iстегені бүгінгі таңда бізге белгілі болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет