Оғыздар мемлекеті



Дата21.11.2023
өлшемі37,76 Kb.
#192726
түріҚұрамы
Байланысты:
ОҒЫЗДАР
Нуралиев ответ


ОҒЫЗДАР МЕМЛЕКЕТІ
Содержание
Кіріспе……………………………………………………………………………..3
Оғыздардың құрылуы, этникалық және тайпалық құрамы……………………4
Оғыздардың саясаты……………………………………………………………..6
Оғыздардың құлдырауы………………………………………………………….7
Мәдениеті………………………………………………………………………...11
Оғыздар Еуразия тарихында……………………………………………………14
Қорытынды………………………………………………………………………17
Пайдаланылған әдебиет…………………………………………………………18
Кіріспе
Оғыз мемлекеті(9-11 ғасырлардың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвазиенбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук). 8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шуалқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдіңхаладжылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды. 9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.

Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуатының өсуіне әсер етті.
10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.
Оғыздар – (ежелгі түрікше – оғуз; қазақша – оғыз) – орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түрік тілдес тайпалар. Оғыздар атауын бірқатар зерттеушілер алғашқыда «тайпалар», «тайпалар бірлестігі» деген ұғымды білдірген деп есептеді. Оғыздар жайлы деректер түрлі жазба ескерткіштерде, шежіреде, жыр, аңыз әңгіме үлгілерінде ғұз, оғыз деген атаулармен ертеде орта ғасырлардан басталғаны белгілі. Оғыз атауының ұлыстық, тайпалық этнонимге айналуы түркі халықтарына ортақ «Оғызнама» жырындағы басты кейіпкер Оғыз қаған есімімен тікелей байланысты. Жырда ол барша түркі ру-тайпаларының арғы атасы етіп көрсетіледі. Уақыт өте келе оның есімі этностық атау мағынасына айналған. 7 ғасырдың басында Түрік қағандығы құрамында тоғыз-оғыз одағы пайда болды. Орхон руна жазуында Шығыс Түрік қағандығы (6 – 8 ғасырлар) құрамына кірген Оғыздар тайпалары Шығыс Моңғолияны мекендегендігі айтылады. Н.Я. Бичурин өзінің «Ерте кездері Орта Азияны қоныстанған халықтар жөніндегі мәліметтер» жинағында «Шығыс Түрік қағандығы кезінде Ашина ұрпағының «түрік» атымен (қайта аталып) оғыз-түрік тайпа одағының әкімшілік бірлігі болды» деп жазады. Оғыздар шамамен 8 ғасырдың орта шенінде Жетісудан Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі ағысы алқаптарына жылжи бастаған. Қырғыздар шабуылынан 840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырап, оған тәуелді түрік-оғыздар қарлұқтармен болған қақтығыс нәтижесінде 9 ғасырда батысқа қарай ығысты. 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағында Оғыздар этносы бірте-бірте қалыптасып орнықты. Оғыздардың этностық құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген ежелгі этностық топтар (негізінен, түріктенгендер) мен Жетісу, Сібірдің көшпелі және жартылай көшпелі рулары мен тайпалары енді. Оғыздар бірнеше тайпаға, тайпалар руларға бөлінді. Махмұт Қашқаридың(11 ғасыр) деректерінде оғыздардың алғашқы 24 тайпадан, кейін 22 тайпадан құралғаны айтылады. Олар: қынық, қайығ, байундур, йуа-йыуа, салғур, афшар, бәктілі, бугдуз, байат, йаз-ғыр, аймур, қарабөлук, алқабөлук, ігдір, урәгір-йурәгір, тутырқа, улайундлуғ, тугәр-тігер, бажанақ, чувулдар, чәбич, чаруқлуғ. Жетекші руы – қынық. Оғыздар бұзұқ (бузук), ұшұқ (учук) болып екіге бөлінді. Олар тиісінше оғыздар әскерлерінің оң және сол қанаттарына кірді. Осы топтардың әрқайсысы теңдей екі топқа бөлінген 24 тайпадан құралды. 9 ғасырдың соңы мен 10 ғасырдың ортасында Арал теңізі, Каспий теңізі және Сырдарияның төменгі алқаптарында Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталық Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Оғыз державасының саяси орталығы ретінде Янгикенттің тандап алынуына көптеген жағдайлар себеп болады. Бұлардың ішіндегі ең бастысы оның Азияның ірі егіншілік өңірлерімен, Хорезммен және Мауараннахрмен түйісіп жатқан жердегі географиялық орны болды. Янгикент кимек даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл және Нура бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде болды, Сығанақ пен Оңтүстік Оралға баратын сауда жолы осы қаланың үстінен өтетін еді. Басқа да ертедегі феодалдық саяси бірлестіктер сияқты оғыздар мемлекеті де тұтас топтасқан мемлекет болған жоқ. Әл-Идриси оғыздарда, хандар болар, бірнеше «патшалардың» болғаны туралы айтады. Ірі бірлестіктерді басқарған бұл көсемдердін ордалары бекіністі орындар болды, оларда қазына және азық-түлік сақталды. Оғыз хандары өздерінің иеліктерін қорғау үшін арнайы әскери отрядтар құрды, ал соғыс шыққан және шапқыншылық жасалған кезде балашағасы мен мал-мүлкін алып, қамалдарға тығылды.
Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік табиғаты жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Онда әскери-демократиялық құрылыстың қойнауынан өсіп шыққан ел билеу институттары сақталды, ал жабғудың билігін ірі әскери-тайпалық ақсүйектердің кеңесі шектеп отырды. Ескі рулық-тайпалық институттардын тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. Басқару аппараты қалыптасты. X ғасырдың аяғында-ақ уақытылы алынып тұратын алым-салық жүйесі болды. Ханның салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы атты отряд болып құрылды, ал алым-салық төлеуден бас тартқан «бүлікшілерге» жазалау отрядтары жіберіліп отырды.
Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Махмұт Қашқари оғыздардың Сабран (Сауран), Сіткун (Сүткент), Суғнақ (Сығанақ), Қарнақ, т.б. қалалары болғандығын айтады. 11 ғасырдың ортасында шығыстан келген қыпшақтар оғыздар мемлекетін талқандады. Оғыздардың бір бөлігі батысқа кетіп, оңтүстік орыс далаларына қоныс тепті, салжұқтар басқарған басқа бір бөлігі алдыңғы Азия елдерін жаулап алды. Оғыздардың солтүстік-батыстағы бөліктері бертін келе Еділдің төменгі бойындағы татарлармен, оңтүстік Оралдағы башқұрттармен сіңісіп кетті. Сырдария, Арал алқаптары мен Солтүстік Каспий маңын мекендеген Оғыз тайпалары қазақ тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оғыздардың 11 – 13 ғасырларда Кавказ бен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы әзірбайжан, түрік, гагауз халықтарының этногенезінде маңызды рөл атқарды. Ертедегі оғыз тобының орныға бастауы Батыс Жетісумен байланысты. Оғыздардың тарихи аңыздары да осы пікірді қуаттайды, оларда оғыздардың алғашқы ата-бабаларының бірінің Ыстықкөл маңында болғаны айтылады. Бұл арада жетісулық (ежелгі оғыздық) рулық-тайпалық бөліністер еске алынып отырса керек, олар кейін қалыптасқан оғыз тайпалар одағына кірген болатын. Атақты Оғыз ханның Таластан Еділге дейінгі аралықтағы жерлерді жаулап алғаны туралы тарихи аңыздарда, оның әскерлерінде өздерін «октуғра-оғызбыз» деп атайтын бірнеше мың үйдің болғаны айтылады. Бұл атаудағы «оқ» деген термин назар аудартады, ол «жебе», «ру», «тайпа»деген ұғымдарды білдірген. Айтарлықтай бір жай сол, неғұрлым кейінгі кезде жебе белгісі ұшұқтардық — оғыз әскерінің сол қанатына жататын бір фратрияның эмблемасы болды.
Печенегтермен ұзақ уақыт шайқасу тайпалардың оғыз одағының саяси топтасуына себепші болды. Оғыз конфедерациясы кірме элементтердің Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындарымен араласуының нәтижесінде құрылды. Оның құрамына қанғар-печенегтердің біразы және Сырдария аңғарының, Арал маңының және Каспийдің солтүстік төңірегінің, басқа да далалық тайпаларының біразы енді. Бұлар арғы тегі үнді-еуропалық және фин-угорлық болғанымен, бара-бара түріктенген тайпалар еді. Олардың бірсыпырасы Арал теңізінен Каспийдің шығыс жағалауына дейінгі даланы мекендеген аландар, астар болды. Тегінде, Батыс Арал өңірінің дала халқы да осындай аралас халық болса керек, онда оғыздарға дейін VIII — IX ғасырларда бажғарлар, нұқардалар және бажналар мекендеген. Осы топтардың арасындағы тығыз қарым-қатынастың арқасында этникалық және мәдени жақындасу жүзеге асты. Қалаларда басқа жақтан келіп қоныстанушылар саны оғыздардың отырықшы топтарынан көп болса керек. Мәселен, X ғасырда Жанкент, Жент, Хора тұрғындары негізінен алғанда «мұсылмандар» болған, ал ол кезде оғыздардың негізгі бұқарасы, соның ішінде олардың билеушілері де әлі ислам дініне кірмеген еді.
Оғыздардың саясаты
Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтың арасында хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Киев Русінің оғыздармен әскери-саяси одағы олардың саяси және сауда-экономикалық мүдделерінің бір болуынан туындады. Хазариямен бәсекелес болған ежелгі орыс мемлекетіне одақтас керек болды; екінші жағынан, феодалданып келе жатқан көшпелі оғыз шонжарлары ездерінің малына жайылымға, Дон және Қара теңіз маңындағы далаларға өте мұқтаж болды, ал оған жетуге Хазария бөгет жасады. Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп, ЕуропаныАзиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне Шығыс елдерінің бай нарығына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі.
Оғыздардың құлдырауы X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-салықтардың жыртқыштықпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі. Жабулардың өз қазыналарының қамын ойлаған саясатына наразылықты X ғасырдың орта кезінде-ақ Жентке жақын жерге келіп орын тепкен салжұқ көсемдері пайдаланды. Салжұқ көсемдері Жанкенттің оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жентті басып алады. Алайда олар, өздеріне артқан үмітті ақтай алмай, бұқараның қолдауынан айырылған болуы керек. Әйтпесе, олардың көп ұзамай-ақ Жент аймағынан кетуге мәжбүр болғанын түсіндіру қиын. Көтерілісшілер қозғалысы сәтсіздікке ұшырап, халық «ландары» жанышталды. Осының бәрі Әли ханның мұрагері және оның орнына тұрған Шахмәлік өкіметінің нығаюына себепші болды. Онын тұсында мемлекеттің күшейгені соншалық, 1041 жылы оғыздар Хорезмді басып алды. Алайда екі жылдан кейін Шахмәлік деректемелер бойынша, бізге белгілі огыз жабғуларының соңғысы — салжұқтардың қолына түсіп, өлтірілді. Көтерілісшілер қозғалысына қарсы күрес, салжұқтарға қарсы жылдар бойғы жүргізілген шайқастар мен соғыстар оғыз жабғуларының бірлестігін іштей үңгіп әлсіретті. Оғыздар мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққыларынан құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардын тегеурінінен Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға кетті, енді біразы Мауараннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Қыпшактар XI ғасырдың ортасында талқандаған оғыздардың қалдықтары кейін келе Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті.
Орта ғасырлардағы (Оғыз дәуірі) Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті (Қарахан,Қарақытай,Оғыз,Қимақхандықтарының тұрмыс-тіршілігі туралы) 
Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Негізін салған Сатұқ Боғра хан (915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін созылды. 
Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30-ж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталыпы Бұқарда болған, қарауына ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі - қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді. 
Арслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады.
1056 ж. Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралыпы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Бограхан харунның (1075-1102)- Қашғар, Баласағұн мен хотан қожасының қоластына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжұқ сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады. Бұған бас себебі - қидан мемлекетінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады. 12 ғ. екінші жартысында қидандар Батыс Түркі қағанатына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан-Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды. Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық "икта" деп аталады, ал оны жинаушыны "мукта", немесе "иктадар" деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде - ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұн есімі кең мәлім болды. Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қара қытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді. 1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді. 
1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарыс шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады. Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады. Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды. Кимақ қағанаты (9-11 ғ.б.). Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды. 840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады. 10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген. Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады"- деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған. 
11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауының екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі. 
Оғыз мемлекеті (9-11 ғғ. басы). 9-10 ғғ. Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. "Оғыз" деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар - бузук және үшүк (учук). 8 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың "Көне Гузия" деп аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.
9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғ.) еңбегінде айтылады. Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы - түркі және иран тілінде сөйлеген. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге - "иналамиға" - беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің "сюбаши" деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, ел ішінде бақсы-балгерлер ықпалын жүргізді. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті. 10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Европа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті. 
Мәдениеті: Әл-Фараби философиясының негізі-аристотелизмді эманация туралы неоплатондық іліммен ұштастыру болып табылады. Оның философиясының бірегей, дербес сипатына ешкім күмән келтірмейді. Негізінен идеалист бола тұрып, Әл-Фараби материалистік пікірлер де айтқан. Мәселен, ол ең жоғарғы дүниенің бар екенін және оны түйсік арқылы танып-білуге болатынын мойындаған, адамның жанын денемен байланысты қараған. Нақ осы себептен де мұсылман дін басылары философты діннен безген деп те кінәлаған. Дүние, Әл-Фараби көзқарасы бойынша материалдық элементтерден құралатын заттардан тұрады. Қозғалыс дегеніміз денелердің қасиеті. Оның математика, музыка, астрономия және т.б. туралы еңбектері бар. Еңбектерінің аттары: "Ғылымның шығуы", "Музыканың ұлы кітабы", "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат" және т.б.
Түркі әдебиетінің көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашқари.
Жүсіп Баласағұн 1017 жылы туды. 1069-1070 жылы "Құтты біліг"(Құтадғу біліг) атты 6520 бет тұратын поэма жазды.Автор идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі топтарға бөлінген адамдардың мінез-құлқын, ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактьикалық шығарма.
Махмұд Қашқари (11ғ.) автордың айтуынша Қарахан әміршісі Насыр ибн Әли тұқымынан шыққан. Ол ел аралап түркілердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін, әдет-ғұрыптарын жазып алады. Байқауларын жинақтап "Диуани лұғат-ат-түрк" (Түркі тілдерінің сөздігі) деген еңбек жазды. Бұл еңбекті ежелгі орта ғасырдағы түріктердің халықтық өмірінің нағыз энциклопедиясы девге болады.
Қала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы, сопы ақындардың ішіндеАхмет Иассауи (1103-1166) шығармалары ерекше орын алады. Ол оңтүстік Қазақстандағы түркі халқы арасында ислам мен мұсылман дінінің тарауына зор еңбек сіңірді. Оның өлеңмен жазылған "Диуани хикмет (Даналық жайындағы кітап) деген еңбегі бар.
Әуелі тарихқа сәл шегініс жасар болсақ: Оғыз мемлекеті саяси бірлестік ретінде Х ғасырда құрылған деген дерек бар. Бұл жас мемлекеттің астанасы Сырдың төменгі ағысындағы Жаңакент қаласы болған екен.
Сол кездегі Киев Русімен тізе қоса отырып Хазар мемлекетін тас-талқан етіп жеңеді. Осындай тәсілмен бұлғарларды да ығыстырған Оғыздар Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына, сондай-ақ Еділ мен Кама өзендері бойына өз ықпалын жүргізіп, мемлекет ретінде нығая түскен екен.
Дегенмен, тарихтың алма-кезек белестерінде, яғни ХІ ғасырдың орта шенінде қыпшақтардың пәрменді күштеріне қарсы тұра алмай, оғыздар Дешті қыпшақ даласынан батысқа қарай ығысуға мәжбүр болған-ды. Ал мемлекет боп құрылар бұрын, яни ІХ-Х ғасырларда оғыз әскері шекарасын кеңейту мақсатында көршілерімен небір алапат шайқастарға түскен еді. Соның нәтижесінде Сырдарияның төменгі ағысы мен қарт Қаратауды мекендеген олар біртіндеп Каспий теңізінің солтүстігі мен Арал теңізінің батыс жағалауына да өз ықпалдарын жүргізе бастаған болатын.
Сөз жоқ, мұндай жетістіктер «ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен» небір жорықтарға толы болды. Ол жорықтарға оғыз қағандары жасақтарын өздері бастап шығатын. Яғни патша сарайында тығылып отырмай, жеме-жемге келгенде қолбасшы да боп кете беретін еді.
Осындай ерліктерге толы даңқты сапарлар хақында, батыр оғландарының қайталанбас қасиеттері турасында туған халқы небір жыр дастандарды өмірге келтірген. Солардың бірі- «Оғыз-наме», яғни Оғыз қағаны туралы эпос.
Қазақстанда туып-өскен философ әрі энциклопедияшы ғалым Әбу насыр Әл-Фараби (870-950) мұсылман шығысында Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" ретінде мәлім болды. Ол Бағдаттта, Дамаскда, халеб қалаларында болды. Әл-Фараби философиясының негізі-аристотелизмді эманация туралы неоплатондық іліммен ұштастыру болып табылады. Оның философиясының бірегей, дербес сипатына ешкім күмән келтірмейді. Негізінен идеалист бола тұрып, Әл-Фараби материалистік пікірлер де айтқан. Мәселен, ол ең жоғарғы дүниенің бар екенін және оны түйсік арқылы танып-білуге болатынын мойындаған, адамның жанын денемен байланысты қараған. Нақ осы себептен де мұсылман дін басылары философты діннен безген деп те кінәлаған. Дүние, Әл-Фараби көзқарасы бойынша материалдық элементтерден құралатын заттардан тұрады. Қозғалыс дегеніміз денелердің қасиеті. Оның математика, музыка, астрономия және т.б. туралы еңбектері бар. Еңбектерінің аттары: "Ғылымның шығуы", "Музыканың ұлы кітабы", "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат" және т.б. 
Түркі әдебиетінің көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашқари.
Жүсіп Баласағұн 1017 жылы туды. 1069-1070 жылы "Құтты біліг"(Құтадғу біліг) атты 6520 бет тұратын поэма жазды.Автор идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі топтарға бөлінген адамдардың мінез-құлқын, ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактьикалық шығарма. Махмұд Қашқари (11ғ.) автордың айтуынша Қарахан әміршісі Насыр ибн Әли тұқымынан шыққан. Ол ел аралап түркілердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін, әдет-ғұрыптарын жазып алады. Байқауларын жинақтап "Диуани лұғат-ат-түрк" (Түркі тілдерінің сөздігі) деген еңбек жазды. Бұл еңбекті ежелгі орта ғасырдағы түріктердің халықтық өмірінің нағыз энциклопедиясы девге болады. Қала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы, сопы ақындардың ішінде Ахмет Иассауи (1103-1166) шығармалары ерекше орын алады. Ол оңтүстік Қазақстандағы түркі халқы арасында ислам мен мұсылман дінінің тарауына зор еңбек сіңірді. Оның өлеңмен жазылған "Диуани хикмет (Даналық жайындағы кітап) деген еңбегі бар.


  • Оғыздар Қазақстан аумағында

Оғыз тайпалары кең-байтақ жерді мекендеді. Оғыздардың қоныстары Ырғызда, Жайықта, Жемде, Ойылда, Аралсор көлінің оң жак жағасында болды, шығыста оғыздардың кейбір топтары Балқаш көлінің оңтүстік жағасына дейін барды, мұнда олардың Ғорғұз деген бекінісі болды. Оғыздар, сондай-ак Арал маңын, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу оңірін мекендеді; бірақ олар бұл жерлердің бәрінде бірдей көп болған жоқ. Олар Каспийдің солтүстік өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысында мейлінше тутас қоныстанды. Оғыздар билеушілерінің бірінің бекіністі ордасы Дахлан каласы болды. «Нұзхат әл-мүштақ» шығармасында оғыздардың әскері көп болғаны және олардың Таразға жасаған шапқыншылықтары туралы айтылады. Соғыстардан кейін бітім жасалып, сауда жүргізіліп тұрды. Мұнда Шаштан мұсылман көпестері келіп, мал, негізінен түйе мен жылқы сатып алып жүрген. Түркі халықтарының тарихында X-XVІІI ғасырлар, ғылым мен мәдениеттің шарықтап, адамзат өркениетінің дамуында зор үлес қосқан кезеңі болды.
Адамзаттың бай қазынасы “Оғыз наме”, “Гесер”, “Манас”, “Алпамыс” және осы сияқты ондаған мың, жүздеген мың жолдан тұратын әлемдегі ең көлемді эпикалық дастандарды тудырып, оны түгелдей жатқа айту тек түркі шайырларының ғана қолынан келеді. Жиырма екі мың жолдан тұратын “Манас” дастанын бізге жеткізген сондай ұлы шайырдың бірі - қытайда тұрып жатқан жырау Жүсіп Мамай. Кезінде Янушкевич “даланың Цицерондары мен Демосфендері” деп атаған Ұлы даланың Көроғұлы, Марабай сияқты т.б. ұлы ақын-жыраулар түркі халықтарының, қала берді адамзаттың асыл қазынасы. Олар көшпенділер өркениетінің мұрасы – ондаған батырлық эпостармен қатар “Қырық қыз”, “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”, “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан” сияқты т.б. махаббат дастандарын жеткізді. 
«Оғыз дәуірінен қалған белгілердің аса күрделі бір түрі – Сырдария бойындағы ескі қалалар, күмбездер, мұнаралар, кешендер, не олардың қирап жатқан орындары. Ондай жәдігерлер Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Сарысу бойларында да баршылық» - деп, Янгикент (Жанкент), Жент, Узкент (Өгізкент), Баршынкент (Қыз қала), Сүткент, Отырар, Сауран, Сығанақ, Түркістан, тағы басқа оғыздар дәуіріндегі ең атақты қалаларға шолу жасайды. Бұл жерде «оғыз-қыпшақ дәуірінен келе жатқан түбегейлі мұраның бірі - … сәулетті күмбіздер, кешендер, мұнаралар, сұпылар» екендігін және «бұл күмбездердің көпшілігі Қорқыт заманымен тұстас, ислам дінінің Орта Азия өлкесіне тарай бастаған кезінде жасалған жәдігерлер. Ол күмбездерде жатқан кісілердің әрбірі не оғыз, не қыпшақ, не қаңлы тайпаларынан шыққан адамдар. Сондықтан олар туралы айтылатын хикаялар, аңыздар қазақ халқының ортасында осы күнге дейін бар » деген дәлелді пікірін айтады. Мұнан әрі Ә.Марғұлан Қорқыт күмбезінің тарихына тоқтала отырып, «Қорқыттың Сыр бойында тұрған күмбезін өткен ғасырдың екінші жарымында бірнеше ғалымдар барып көрген. Ғұндардың астанасы болған және түріктер қасиетті санаған Өтүкеннің Оғыз дастанында, Тянь Шань таулары мен Орхун бассейні арасындағы аймақтың аты болғаны белгілі. Оғыздар билеп тұрған кезде Өтүкен қаласы маңызды шешімдер жасалған орталық болатын. Көк Тәңірге және Жер-суға арналған құрбан осы жерде ұсынылатын еді. Қалың ағашты Өтүкен орманын Йышты Көктүріктер және Ұйғырлар да қасиетті деп қабылдаған. Дәстүрлі түрік дінінде табиғи күштерге сену бойынша тау культымен бірге орман және ағаш культы да маңызды орын алуда. Оғыздардың нақты өрлеуі Х ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни 965 жылы олар Киев князі Святославпен Хазар мемлекетін талқандады. 985 жылы Святославтың ұлы Владимир, қазіргі татар-чуваштардың ата бабалары – еділ бұлғарларына қарсы жорықта оғыздардың көмегісіз қимылдай алмады. Бұл оқиға Оғыз мемлекетін Алихан басқарып тұрған уақытқа тап келеді.Оның ізбасары Шахмелик 1041 жылы Хорезмді жаулап алды, бірақ 2 жылдан соң салжықтар қолынан қаза тапты. Салжықтармен жүргізілген бірнеше соғыстар мемлекеттің әлсіреуіне әкеп соқты және қыпшақтардың тықсыруымен оғыз мемлекеті құлады. Оғыздардың едәуір бөлігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға кетті. Қалған бөлігі Қарахан билігі астына кірді. Қалғандары түркі тілдес тайпалар арасына қосылды.



Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.


10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Европа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.
«ОҒЫЗ-НАМЕ» - БАБАЛАР ШЕЖІРЕСІ
Әуелгіде бұл шығарма ауызша пайда болып, оның бірнеше нұсқасы дүниеге келген дейді түркологтар. Уақыт тезінен өте келе оның екі нұсқасы қағазға түскен екен. Олардың бірі - ұйғыр әріпімен көшіріліп жазылған, Париждің ұлттық кітапханасында сақтаулы нұсқасы. Бұл шағын қолжазба, бар болғаны 42 беттен тұрады. Ал әрбір бетте 9 жолдан ғана орналасқан екен.
Жырдың тілдік құрылымын зерттеумен айналысқан ғалымдардың пікірінше, бұл шығарма сырттай қарағанда прозалық туынды сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, оның поэзиялық көркемдік шеберлігі шығарманың ішкі ұйқасына астасып, нәтижесінде осынау прозалық баян айрықша динамикалық екпінге ие болған. Зерттеушілердің пікірінше, «Оғыз-наме» өзінің композициялық құрлысы жағынан Күлтегін ескерткішіне едәуір ұқсас екен. Бәлкім, сол кездің көркем шығармаларында оқиғаны рет-ретімен баяндау тәсілі берік орын алды ма екен, әйтеуір қос шығарма ауторларының да оқиғаның даму желісін сақтай отырып, шығарманы жазып шыққаны байқалады.
«Оғыз-намені» орыс тіліне аударып, оның ғылыми түсініктемесін жазған атақты түрколог В.В. Радлов болатын. Сөз орайында айта кету керек, жалпы түркі халықтарына ортақ, жазба жәдігерлерімізді іздеп-тауып, аударып, ғылыми жағынан зерттеу ісінде әлем түркологтарының, оның ішінде орыс ғалымдарының сіңірген еңбектері- орасан.
Ал, совет үкіметі жылдары Әлкей Марғұлан бастаған талантты қазақ ғалымдарының көне жазба ескерткіштер сырларын танып-білудегі қосқан үлестері айтарлықтай еді.
«Оғыз-наме» 40-тан аса цикл-хикаядан тұрады. Ол хикаяларда Оғыз қағанның дүниеге келгенінен бастап, оның 40 күнде өсіп, ержеткені, сондай-ақ аңға шыққан кезінде небір жыртқыштармен айқасып, жеңгені баяндалады.
Содан кейін қағанның арасына уақыт салып үйленген қос әйелінің әрқайсысынан 3 ұл баласы болғандығы жырланады. Ал, жорық жырлары болса, бірнеше хикаяға арқау болған.
Жоғарыда айтқанымыздай, жырда тарихи шежіре-деректермен қатар, мифтік оқиғалар да кеңінен қамтылған. Мысалы, Оғыз батырға арлан қасқыр келіп, оған өзінің көмегін ұсынады. Мұның өзі ислам дініне дейін Дешті қыпшақ даласында айға, күнге, қасқырға табынған наным-сенімдердің күшті болғанын дәлелдейді.
Оғыз қаған түс жору нәтижесінде қоластындағы жерлерін өзінің алты ұлына бөліп береді. Ең соңында елін жинап, ат шаптырып, той жасап, өз билік дәуіріне былайша қортынды жасайды:
«Ей, ұлдарым менің! 
Мен басымнан көп нәрсе өткіздім. 
Талай-талай шайқасты көрдім. 
Садақ тартып, көп оқ аттым, 
Дұшпандарымды жылаттым, 
Достарымды күлдірдім. 
Көк тәңірі алдындағы парызымды өтедім. 
Ел-жұртымды сендерге табыс еттім», - деген екен.
ҚҰМ ІШІНЕН ЖАҺҰТ ТЕРГЕН ҒАЛЫМДАР
«Оғыз-наменің» тілдік және әдеби шығарма ретіндегі құндылықтары жайлы филология ғылымдарының докторы, профессор Құлмат Өмірәлиев едәуір ғылыми тұжырымдамаларға қол жеткізген.
Ең әуелі ғалым шығарманың «Оғыз-наме» деген атауын «Оғыз қаған» деп өзгерткен екен. Оның себебі: «наме» сөзі парсы тілінде «дастан», «кітап» деген ұғымды білдіреді. Шығарма кітап, дастан атануы үшін ол ең әуелі-жазбаша дүние болуы тиіс, екіншіден-оның нақты авторы болуы шарт.
Ал «Оғыз-наменің» ең әуелі ауызша пайда болып, содан бірнеше ғасырлар өте келе қағаз бетіне түскені белгілі. Ендеше, ғалымның «наме» сөзінен қашқақтауы логикалық жағынан түсінікті болса керек.
Ғалым Қ.Өмірәлиев осы эпосты зерттеу ісіне тағы мынандай айрықша үлес қосқан: атап айтқанда шығарманың 42 беттен, ал әрбір бетте 9 жолдан ғана орналасқан жүйесін бұзып, оны «Оғыз қағанның» сюжеттік жаңа желісі мен құрылымына сәйкестендіріп, 17 желіге бөліп, қайта жүйелеген екен.
Мұндай өзгерістер эпосты қарапайым оқырманның да тез түсініп, қиналмастан оқып кетуіне жағдай жасаған. Эпосты жазуға түсіру ісі, шамамен 13-ғасырда жүзеге асқан екен. Ұрпақтан ұрпаққа ауызша берілген бұл шығармаға әр дәуір өз қолтаңбасын қалдырса керек.
Дей тұрғанмен, бұдан 700 жылдай бұрын қағазға түскен нұсқасы бүгінгі күнге аса өзгеріске ұшырамастан жеткен, дейді ғалымдар.
Ал «Оғыз-намені» зерттеу ісіне айтарлықтай үлес қосқан филология ғылымдарының докторы, профессор Немат Келімбетовтың айтуынша: 
«... «Оғыз-намеде» айтылатын аңыз-шежірелер Рашид-ад-Дин, Қадырғали Жалаири, Әбілғазы Баһадурхан сияқты белгілі тарихшылардың шежіре-кітаптарында да кездеседі. Біздің ойымызша, «Оғыз-наме» эпосы мен осы тарихи шежірелерді бір-бірімен салыстыра отырып,текстологиялық талдау жасау қажет. Сол арқылы көркемдік шындық пен тарихи шындықтың ара қатынасын айқындай түскен жөн».
Ғалымның бұл ұсынысы түрколог ғалымдар үшін алынуы тиіс жаңа белес болса керек. Эпостың батырлар жорығын, олардың жүйрік аттары мен қару-жарақтарын сипаттайтын тұстарының батырлар жырына ұқсап жатуы да бұл шығарманың алғашқыда ауызша пайда болып, сол тәсілмен бірнеше ғасыр бойы өмір сүргенінің дәлелі болса керек.
Шығарма ауторларының негізгі көздеген мақсаттары-елді ауыз-бірлік, ынтымаққа жұмылдыру болған. Сондай биік мақсатты көздей отырып, олар елін, жерін қорғауға әзір болуға әрбір тыңдарманын, оқырманын шақырады.
Ғалымдардың айтуынша, көне түркі тілінде «оғуз» сөзі-уыз, яғни уыздас, сүттес, емшектес дегенді білдіреді екен. Ғалым Келімбетовтың айтуынша, «ежелгі ғұндардың кейінгі ұрпақтары бертін келе «оғуз» деген жиынтық атпен де мәлім болған». Сөз ретінде еске сала кетейік, Оғыз қаған туралы бұл дастанның жазбаша сақталып қалған екінші нұсқасы-араб әрпімен жазылған. Оның ауторы-тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуа ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан. Ол 1603-1663-жылдар аралығында өмір сүрген екен.
Қорыта айтқанда, қазіргі түркі тілдес халықтардың өткенінен мол мағлұмат алып, тарих қойнауына еркін бойлағыңыз келсе, «Оғыз-намеге» қайрылғайсыз.
Қорытынды
9 ғасырдың соңы мен 10 ғасырдың ортасында Арал теңізі, Каспий теңізі және Сырдарияның төменгі алқаптарында Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталық Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Оғыз державасының саяси орталығы ретінде Янгикенттің тандап алынуына көптеген жағдайлар себеп болады. Бұлардың ішіндегі ең бастысы оның Азияның ірі егіншілік өңірлерімен, Хорезммен және Мауараннахрмен түйісіп жатқан жердегі географиялық орны болды. Янгикент кимек даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл және Нура бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде болды, Сығанақ пен Оңтүстік Оралға баратын сауда жолы осы қаланың үстінен өтетін еді. Басқа да ертедегі феодалдық саяси бірлестіктер сияқты оғыздар мемлекеті де тұтас топтасқан мемлекет болған жоқ. Әл-Идриси оғыздарда, хандар болар, бірнеше «патшалардың» болғаны туралы айтады. Ірі бірлестіктерді басқарған бұл көсемдердін ордалары бекіністі орындар болды, оларда қазына және азық-түлік сақталды. Оғыз хандары өздерінің иеліктерін қорғау үшін арнайы әскери отрядтар құрды, ал соғыс шыққан және шапқыншылық жасалған кезде балашағасы мен мал-мүлкін алып, қамалдарға тығылды.
Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтың арасында хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Киев Русінің оғыздармен әскери-саяси одағы олардың саяси және сауда-экономикалық мүдделерінің бір болуынан туындады. Хазариямен бәсекелес болған ежелгі орыс мемлекетіне одақтас керек болды; екінші жағынан, феодалданып келе жатқан көшпелі оғыз шонжарлары ездерінің малына жайылымға, Дон және Қара теңіз маңындағы далаларға өте мұқтаж болды, ал оған жетуге Хазария бөгет жасады.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.
Көтерілісшілер қозғалысына қарсы күрес, салжұқтарға қарсы жылдар бойғы жүргізілген шайқастар мен соғыстар оғыз жабғуларының бірлестігін іштей үңгіп әлсіретті. Оғыздар мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққыларынан құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардын тегеурінінен Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға кетті, енді біразы Мауараннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына көшті.
Қорыта келе, Оғыз мемлекеті орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген беделді тайпалардың бірі десек болады. Бұл мемлекет туралы “Оғыз наме” эпосынан толығырақ білуге болады.
Пайдаланылған әдебиет 

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы 

  2. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім 

  3. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

  4. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59ISBN 978-601-282-027-0,1-т. ISBN 978-601-282-026-3

  5. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім

  6. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

  7. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59ISBN 978-601-282-027-0,1-т. ISBN 978-601-282-026-3

  8. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59ISBN 978-601-282-027-0,1-т. ISBN 978-601-282-026-3


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет