Сабақтың тақырыбы: «Отты жылдар шежіресі»



Дата26.06.2018
өлшемі23,59 Kb.
#44552
түріСабақ
Атырау қаласы №23 орта мектебінің 3 «б» сыныбының «Отты жылдар шежіресі» атты тәрбие сағатынан.

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Отты жылдар шежіресі»

Мақсаты: Оқушыларды өжеттіке,Отанды сүюге,адамгершілікке,патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Интератив тақта,шар,гүлдер,жазылған ұлағатты сөздер,тақырып мәтіні,көрме.

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар! 3 «б» сынып оқушыларының қолдауымен «Отты жылдар шежіресі» атты ашық тәрбие шарамызға қош келдіңіздер!



2 жүргізуші: -Ия, Ұлы жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Ұлы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.Сондықтан біз үшін бұл күннің маңызы өте жоғары.

(1,2,3, слайд, марш өлең)

Мұғалім. 4 слайд оқу. Бейнеролик (Соғыс туралы)

1 жүргізуші. - Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап,1418 азапты күнді мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен,қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

2жүргізуші -Ия,Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады.Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

1жүргізуші: -Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес.Соғыста

27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты.Соның ішінде 410 мыңы Қазақстандықтар болды.



Келесі кезек оқушыларға беріледі

Ислам.

-Сен құрметте оны,

Түсіндің бе қарағым.

Ол ақшаға сатқан жоқ.

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Ол жауға қарсы шапты.

Бізді жалмамақ болған ажалды,

Өр кеудесімен қақты.

Сен құрметте оны!

З.Асылай

Ажалсыз адам өлмейді.

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып,қар төсеп,

Мен жатырмын далада.

Ұлан

Қалғымасын шекарада тұрған

Айналмасын ешқашан да мұңға шер.

Ескерткіштер орнатады ерлерге

Бейбіт өмір салтанатын құрған ер.

2жүргізуші: -Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында. (Бейнеролик)

Аманжан

-Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте Қазақстандықтардың үлесі зор болды.

Камилат:

Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған.



1 жүргізуші: -Алматыда жасақталған 28 Панфиловшы батырлардың ерліктері ше?

1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары құрады.



Расул.-Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды.

-Ашу мен кек оятты ел намысын,

Әйелдер төкті терді майдан үшін.

Сұрапыл соғыс әлі бітпей қойды.

Сеніммен күтті халық жеңіс тойды.

-Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.

2 жүргізуші -Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:

Бауыржан Момышұлы,Мәлік Габдуллин,Төлеген Тоқтаров.Қазақ батырлары Сталингрд үшін шайқасты.

1 жүргізуші.- Қазақ халқының қаһарман батыр қыздары Әлия мен Мәншүк,ұшқыш Хиуаз Доспанова.

2 жүргізуші: Оқушылардың орындауында Ән «28 батыр» Хор.

Жаңғырып орны жараның, (Камилат)

Жазылып әлі кенткен жоқ.

Жоғалтқан ұлын ананың.

Көз жасы әлі кепкен жоқ.

Жабысып соғыс суығы.

Денеде жатыр дерт болып.

Шырпыдай жанған шыбығы,

Елестер орман өрт болып.

Тауларды бомба төңгеріп. (Расул)

Өмірге оқтар дақ салған.

Жетпіс те өлең өртеніп,

Жетпіс те шашты ақ салған.

Жорыққа бүгін шықты жұрт. (Айдын)

Жоюға соғыс тұманын.

Тыңдады дүние тік тұрып,

Коммунистер ұранын.

«Түспесін ауыр,басқа күй,

Болмасын соғыс қанды апат.

Қалмасын жетім жас сәби

Болмасын жесір махаббат.»

Күш қуаттың бойында тасқыны бар. (Толғанай)

Мұқалмайтын төзімді достығы бар.

Талай тарих таңғалып куә болған.

Елімнің ерлік деген дәстүрі бар.

1-жүргізуші: -«Ұлын күткен 40 жыл» көрінісіне назар аударыңыздар!

(Немересі әжесінің қасында сурет салып жатады.Әжесі ұршық иіріп отырады.Радиодан А.Қоразбаевтың «Қара кемпір әңі» баяу естіліп тұрады.



Немересі: -Әже мына ән қандай зарлы,қандай мұңды бұл кім туралы айтылып жатыр?

Әжесі: -Е,шырағым бұл соғыс кімдерді жылатпады,кімдер жыламады? Бұл ән қос егіз ұлын осыдан 40 жыл бұрын соғысқа аттандырған қос боздағын жоқтаған бейбақ ананың үні.Ол ана осы Жамбыл облысы,Жуалы ауданында тұрып келді.Қос боздағын күткен ғазиз ана сол жердегі «Қызыл сай» деген төбеге шығып күнде келе жатыр ма деп күтіп жүреді екен. Қайтсін, 40 жыл болса да өлімге қимай қос ұлын күтумен көз жұмыпты.Соған шығарылған ән шырағым!

Немересі:

  • Қандай қорқынышты,қандай қасіретті.Бұл соғысты ойлап тапқан гитлердің жүрегі жоқ-ау сірә.Қаншама адам,қаншама бейбақ соғыстың құрбаны болды десеңші.Ал біздердің ше?. –Жоқ,жоқ оны елестетудің өзі қорқынышты. –Мен соғысты жек көрем,жек көрем.

Әжесі: -Ия шырағым, мұндай алапат соғыс жойылсын,сендерден бұл күндердің беті әрмен.Соғысты ашқан жауыздарды халықтың қарғысы атсын деймін. (жылап,көзін сүртеді)

Немересі: -ия,мен соғысты жек көремін! «Мен соғысты жек көрем» (тақпақ айту)

2 жүргізуші: -Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін 45 бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды.Халық Отан ұғымын терең сезінді. «Ешкім де,ештеңе де ұмыт қалған жоқ» Осынау сөздер жеңіс мерекелеу кезінде жиі айтылады.

1жүргізуші: -Композиция «Соғыстан қайтқан солдаттар» (Ескерткішке гүл шоқтарын қою.)

2-жүргізуш: -1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев.(Қошқарбаев слайд)

Ойлап ойлап тұрдым көп. (Асылай)

Сұрау бердім білгім кеп.

Қуанышты мереке,

Жеңіс күні қай күн деп.

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын.

Бейбіт күннің бәрі де,

Жеңіс күні шырағым!

Ән:

Жеңіс келді ән болды. (Нұржан) (Жеңіс туралы бейнебаян,әуенмен)

Келді ауылға сән көрік.

Жеңіс келді,алақай.

Тойып жейтін нан болып.

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.

Көктем шуақ-тоғызыншы май күні.

Біздің ұлы жеңісіміз көктем ғой.

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Би. «Катюша»

Жасасын Жеңіс! (Асылхан)

Бақытты елім,күле бер!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер.

Болмасын соғыс,болмасын соғыс,

Болмасын!



Ән: «День победы» (слайд,музыка,қолдарын былғау)

1 жүргізуші: - Ия,Соғыс жан алып,жан беру,Соғыс халықтың басына келген қасірет,жұт.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 27 жыл толып отыр. 2-жүргізуші'>(Слайд) « Ауған соғысы.»



2-жүргізуші: -1989 жылы.15 ақпанында талай аналарды,перзенттерінен айырған,мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де,қайғылы «Ауған соғысы» аяқталды.Жылдар өткен сайын жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.Еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Қазір ортамызда ардагер ұлдары қонақта.

Қонақтарға сөз берілді.

1-жүргізуші –«Ауған соғысы» ардагерлері біздің «Отты жылдар шежіресі» тақырыбындағы патриоттық тәрбиелік шарамызға хош келіпсіздер!

2-жүргізуші: -Армысыздар Ауғандық жауынгерлер, (Слайд,музыка)

Жырым бар жараланған жаныңды емдер

Өлгендердің жәнната болсын жаны,

Тірілерің мың жаса дәуірлеңдер.!

1-жүргізуші! - Ерлік қылған ағаларым, аспан, асты,жер үсті.

Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті.

Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,

Аттандыңдар,атқардыңдар соғысты.

2-жүргізуші. -Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды.

1-жүгізуші: -Жауынан қарсы келіп жасқанбаған. (Бейнебаян)

Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолын өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң.



Ислам -Мен қазақтың ұланыңмын елімнің (слайд,музыка)

Мен қазақтың тірегімін жерімнің

Ұланыңмын туын көкке көтерер.

Болашаққа алға бастап жетелер

Қиындығын қазағымның әрқашан,

Қайыспастай қара нардай көтерер.



Нұржан - Елге қауіп төнбесін.

Егестен адам өлмесін.

Есен аман болайық.

Енді соғыс болмасын!



Өртенбесін туған ел! Шайқалмасын асқар бел. Шайқалмасын шалқар көл! (хормен)

-Жасасын жеңіс!

Бақытты елім,күле бер!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!

Болмасын соғыс,Болмасын соғыс,Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Бәрі. Хор Ән «Бейбітшілік сақталады.»



2-жүргізуші: Осымен қымбатты,ұстаздар,қонақтар! 3 «б» сынып оқушыларының қолдауымен көрсетілген «Отты жылдар шежіресі» атты мектепішілік шарамыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға алғыс білдіреміз!

Өткізген сынып жетекші: Султангалиева Қоныр Тулеуовна

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет