Сабақтың тақырыбы: §22. Гүлдің құрылысы. Мақсаты: 1 білімділік



бет1/2
Дата24.07.2017
өлшемі262,12 Kb.
#21924
түріСабақ
  1   2
№222 мектеп

Сыныбы: 6г

Оқушы саны: 26

Пәні: биология

Пән мұғалімі: Кенжалы Марал

Сабақтың тақырыбы: §22.Гүлдің құрылысы.
Мақсаты:

1)білімділік: гүлге анықтама бере отырып, гүлдің жалпы құрылысын түсіндіру.

2)дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын оята отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.

3)тәрбиелік: оқушыларды өздігінен жұмыс жасай білуге, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі – сөздік әдіс, баяндау

Көрнекіліктері: суреттер, сызба-нұсқа

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) ұжымдық әрекет

б) санитарлық-гигиеналық, қауіпсіздік ережелерді сақтау

в) оқушылардың назарын сабаққа аудару



2.Үй тапсырмасын сұрау.

Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөліп, әр топтың мүшелері «Тамыр», «Сабақ», «Жапырақ» туралы меңгерген білімдерін тірек-сызбалар түрінде сұрадым.



І-тапсырма. «Тамыр»

1-топ. Тамырдың шығу тегі

2-топ. Тамырдың жүйесі

3-топ. Тамыр бөлімдері



ІІ-тапсырма. «Сабақ»

1-топ. Сабақтың құрылысы

2-топ. Сабақ бойымен қоректің қозғалуы

3-топ. Сабақтың өсуі




ІІІ-тапсырма. «Жапырақ»

1-топ. Жапырақтың құрылысы

2-топ. Жапырақ жүйесі

3-топ. Жапырақтың қызметі


3.Жаңа тақырып

Гүл дегеніміз – көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен. Гүл – бүршіктің өсу нүктесінен дамиды.


Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді.

Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке-жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден бірнеше ондаған санға дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты тостағанша әртүрлі өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін үлпекке айналады. Меңдуана, қоңыраугүл өсімдіктерінде тостағанша жапырақшалары бір-бірімен тұтасып, жемістің сыртын қаптап, қорғап тұрады.

Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады, саны біреуден бірнешеуге дейін жетеді. Күлте жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткендерге інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрында болады.

Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі, алуан түрлі ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелерді еліктіреді.



Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді.



Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын мүшесі. Гүлде бірден бастап жүздеген аталыққа дейін болады.

Әрбір аталық - аталық жіпшесінен және кеңейген жері тозаңқаптан тұрады.

Тек магнолия өсімдігінің гүлінде аталық жіпшесі болмайды.Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған.

Тозаң – сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша. Тозаңының пішіндері де алуан түрлі.Тозаң сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді.

Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі. Гүлдің дәл ортасында орналасады.

Аналықтың ұшын – ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді.



Аналықтың аузы шие, алхоры, асбұршақта домалақ. Шүйіршөпте екіге айырылған.

Аналықтың мойны аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса, соғырлым жеңіл тозаңданады.

Жатын – аналықтың ең негізгі бөлігі. Жатынның ішінде бір немесе бірнеше мыңдаған тұқым бүршігі бар. Тұқым бүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді.

4.Сабақты бекіту.

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей (5 ұпай)

1. Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар.

2. Гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша жапырақшалары қандай қызмет атқарады?

3. Күлте жапырақша қайда орналасады, ол қандай қызмет атқарады?



ІІ деңгей (4 ұпай)

1.Аталықтың құрылысы, атқаратын қызметі?

2.Аналықтың құрылысы, атқаратын қызметі?

3.Гүл серігі дегеніміз не, ол қалай бөлінеді?



ІІІ деңгей (3 ұпай)



Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет