Сабақтың тақырыбы: §22. Гүлдің құрылысы. Мақсаты: 1 білімділік



бет2/2
Дата24.07.2017
өлшемі262,12 Kb.
#21924
түріСабақ
1   2



5.Үйге тапсырма беру: §22.оқу, гүл бөліктерін түсті қағаздан әзірлеп, қатты қағазға жапсырып әкелу

№ 222 мектеп

Сыныбы: 7г

Оқушы саны: 25

Пәні: биология

Пән мұғалімі: Кенжалы Марал


Сабақтың тақырыбы: §54.Жорғалаушылардың дене құрылысы және тіршілік әрекеті.

Мақсаты:

1)білімділік: оқушыларды жорғалаушылар класының өкілдерімен таныстыра отырып, олардың тіршілігі, түрлері, сыртқы-ішкі құрылыс ерекшеліктері туралы білім беру.

2)дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын оята отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.

3)тәрбиелік: оқушыларды өздігінен жұмыс жасай білуге, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі – сөздік әдіс, баяндау

Көрнекіліктері: суреттер, сызба-нұсқа

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) ұжымдық әрекет

б) санитарлық-гигиеналық, қауіпсіздік ережелерді сақтау

в) оқушылардың назарын сабаққа аудару



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

І-тапсырма. «Кім жылдам!»
Қосмекенділердің ас қорыту жүйесінің мүшелерін ретімен қойыңыз.

1.Өңеш 6.Ауыз қуысы

2.Аш ішек 7.Тоқ ішек

3.Қарын 8.Жұтқыншақ

4.Клоака

5.Ұйқы безі

6.Ауыз қуысы
ІІ-тапсырма.

Тақтада қосмекенділер отрядтарының өкілдері көрсетілген. Неше отряд бар екендігін анықтап, санмен белгіленген жауаптардың нөмірлерін тиісті бағанаға жазыңыз.

1.Тритондар мен саламандралар.

2.Олар Америкада, Үндістанда, Цейлонда кездеседі.

3.Зиянды жәндіктермен қоректенеді.

4.Дернәсіл кезеңінде қыстап шығады.

5.Жер астында ін қазып, тіршілік етеді

6.Ол жетісу бақатісі

7.Олар секеңдеп қозғалады

8.Сақиналы құртжылан

9.Қызылаяқ бақа Балқаш көлінің маңында кездеседі.

10.Кешке, түнде белсенді тіршілік етеді
ІІІ.Жаңа тақырып Жорғалаушылар класы

нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген

Мекен ортасы кейбір түрлері суда тіршілік етуге бейімделген
ағаш басында тіршілік етуге бейімделген

Жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герпетология (грекше «герпетон» - «жорғалаушылар» + «логия» - ғылым) деп атайды.



Жеке топтары

кесірткелер жыландар тасбақалар крокодильдер


Денесі – бас, мойын, тұлға, құйрық, бессаусақты аяқтан тұрады.

құрғақ құрғап кетуден

без болмайды Терісі қорғаныштық

мүйізді қабыршақ үнемі түлейді



Қаңқасы – бассүйек, омыртқа жотасы, кеуде торы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары. Жыландармен аяқсыз кесірткелерде аяқ болмайды.

Ақтарында

Жақ сүйектерінде бұлшық еттері жақсы дамыған

Мойынында

Кеуде қуысында

Омыртқа жотасы

мойын арқа-бел сегізкөз құйрық



Ас қорыту жүйесі

ауыз→жұтқыншақ→өңеш→қарын→ашішек→тоқ ішек→ тік ішек→ клоака
ауа тамырлары өкпе жұп танау тесіктері

Тыныс алу жүйесі

кіші ұяшықтар көмекей кеңірдек


дара жынысты іштей ұрықтанады

жұмыртқа салады Жорғалаушылардың көбеюі тірі туады

қара жылан сұржылан, қалқантұмсық

гаттерия


Тұмсықбастылар отряды

Тасбақалар Қабыршақтылар

отряды Жорғалаушылар класы отряды

дала, батпақ Крокодилдер құбылғы,

тасбақасы отряды жыландар,

кесірткелер

қолтырауын,

гавиалдар, нағыз крокодил



ІV.Сабақты бекіту.

1-тапсырма

Кесіртке мен жыланның түрлерін дұрыс орналастырыңыз.



Кесірткелер

 

Жыландар

 

1.Шұбар батпат 5.Сұр келес

2.Жолақ абжылан 6.Сарыбауыр абжылан

3.Зайсандық батпат 7.Сарлан

4.Қызылжолақ абжылан


V.Үйге тапсырма беру: §54.оқу. Тақырып соңында берілген кестені толтыру.

№222 мектеп

Күні: 07.12.12.

Сыныбы: 7г

Оқушы саны: 26

Пәні: биология

Пән мұғілімі: Кенжалы Марал
Сабақтың тақырыбы: §27.Қосжарнақтылар класы.Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастар

Мақсаты:

1)білімділік: оқушыларды раушан, бұршақ тұқымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлілігі мен маңызын көрсету.

2)дамытушылық: оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту, шығармашылық деңгейін тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру.

3)тәрбиелік: оқушыларға раушан, бұршақ тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі маңызын мысалдармен түсіндіріп, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті

Көрнекіліктері: кеппешөптер, суреттер, сызба-нұсқа, презентация

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) ұжымдық әрекет

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Лездемелік сұрақтар


  1. Құлқайыргүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер қандай болады ?

  2. Олардың қаншаға жуық түрлері бар?

  3. Қазақстанның қай жерлерінде таралған

  4. Құлқайыргүлділер тұқымдасының гүлдері ?

  5. Құлқайыргүлділер тұқымдасының ең маңыздысы

  6. Мақтаның биіктігі қанша ?

  7. Бізде өсірілетін мақта неше жылдық?

  8. “Шит” деген не ?

  9. Мақтаның қанша түрлі бұтағы болады?

  10. Көсек деген не ?

  11. Мақта тұқымында қанша пайыз май болады?

  12. Мақтадан мол түсім алу үшін қандай температура қажет ?

  13. Құлқайыргүлділердің медицинада қолданылатыны

  14. Қай түрі бөлмеде өсіріледі?

  15. Мақта өнімінен қандай өнімдер алынады?

ІІІ.Жаңа тақырып:

Ғаламшарымызда раушангүлділердің 3000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Республикамызда олардың 35 түрі өседі: мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштар және т. б. Раушан, итмұрын - бұталы өсімдіктер. Шыршай, теңгежапырақ, қойбүлдірген - көпжылдық шөптекті өсімдіктер.


Сабағы.Қарабүлдірген, итмұрын, долана, раушанның сабақтарында тікенектері болады. Тікенексіз түрлері де өте көп.

Раушангүлділердің жапырақтары барлығында бірдей емес. Жай жапырақтылары: алма, алмұрт, долана, шие, өрік және т. б. ағаштарында болады. Күрделі жапырақтар (үшқұлақты) бүлдірген, құлпынай, таңқурай; қауырсын тәрізді күрделі: итмұрын, шетен, қараған; саусақ салалы күрделі: жатаған қазтабан және т. б. кездеседі.

Раушангүлділер - ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүлдері қосжынысты, қосжарнақты өсімдіктер тобы. Бұлардың сирек те болса дара жыныстылары (біржыныстылары) кездеседі. Раушангүлділердің дентинніңгүлшоғырлары алуан түрлі. Гүлсеріктері қосқабатты, 5 тостағанша жапырақшадан және 5 күлтеден тұрады. Олардың 4 тостағанша жапырақшалары да (түзу қазтабан) бар. Аталықтары өте көп, кей түрінде (теңгежапырақ) 4-8-9, ұзынды-қысқалы болып шеңберлене орналасады. Аналықтары біреу (шие, шабдалы) немесе өте көп (таңқурай, бүлдірген) болады. Оларды ұзын тұмсықты бунақденелілер тозаңдандырады. Ал жемістері құстар, жарқанаттар және су арқылы таралады.



Жемісі. Раушангүлділердің жемістері де алуан түрлі. Құрғақ жемісті (шыршай, теңгежапырақ), шырынды жемісті (алма, шие) және т. б. Мойылдың, шиенің жемістері - сүйекті-шырынды. Таңқурай жемісі көпсүйекті болып келеді. Мұндай жеміс гүлтабанға бірігіп өскен қарама сүйекті ұсақ жемісшелерден түзіледі. Құлпынай мен итмұрын жемістері қарама (көп)жаңғақшалы құрғақ жеміске жатады, тек гүлтабандары ғана шырынды болады. Тұқымдарында эндосперм болмайды, кей түрінде эндоспермнің қалдығы байқалады.

Бұршақ тұқымдастар

Бұлар да - қосжарнақты өсімдіктер. Бұршақ тұқымдастардың 12000 түрі бар деп есептеледі. Оның 650-ге жуық түрі Қазақстанда өседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңызды ерекшелігі - тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді. Түйнек бактерияларының әрекеттен тамыр жасушалары бөлініп, жасушалар саны артады. Сөйтіп тамырда түйнекшелер пайда болады. Өсімдік тіршілігін жойғанда топырақ азотты заттарға кенеледі. Бұл түйнекшелер өсімдікке де, топыраққа да пайдалы. Мұны селбесіп тіршілік ету дейді. Астық тұқымдастардан кейінгі ең көп таралған ағаш, бұта, шала бұталы, шөптекті өсімдіктер тобы.



Жапырағы қауырсын тәрізді немесе саусақ салалы күрделі жапырақты, кейде жай жапырақты болып келеді. Жапырақтарында бөбешік жапырақ болады.

Гүлдері- орташа мөлшерлі немесе ұсақ. Ұсақ гүлдері шоғырбас, шатыршагүл, шашақ гүлшоғырына жиналады. Гүлі біріккен бес тостаған жапырақшалар, 5 күлтежапырақшадан құралады. Күлтенің құрылысына қарай әр түрлі атаулары да бар. Ең ірі күлтежапырақша - «желкен», күлтенің екі бүйіріндегі 2 күлтежапырақша - «ескек» деп аталады. Ал төменгі тұтасып өскен екеуі - «қайықша». Қайықшаның ішінде 1 аналық бар, оны 10 аталық қоршап тұрады. Аталықтар қоршаған аналық түбіне тірне жинақталады. Бұршақ тұқымдастардың көпшілігінде 9 аталық жіпшелерімен бірігіп, біреуі бос қалады

Жемісі құрғақ - бұршаққап. Піскенде екі жақтауының тігісінен қақырай, тұқымдары шашылады.

Қолданылуы.Құрамында нәруыздық заттар көп болғандықтан, тағамға (асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жасымық), мал азығына пайдаланылады. Сарыбөрібұршақ, беде, ақбас түйежоңышқа, сиыржоңышқа, жантақ - пайдалы мал азығы. Жержаңғақ, нұт та тағамдық өсімдіктер. Жалаң қызыл мия медицинада жөтелге қарсы дәрі ретінде белгілі. Кассия (сана) деген түрі іш босататын дәрі ретінде пайдаланылады. Бұршақ тұқымдастардың сәндік түрлері де (қарадан), улысы да (тентекмия) бар.

ІV.Сабақты бекіту.

1-тапсырма : Раушангүлділерге жататын өсімдіктерде түзілетін жемістің атауларын ірікте

  1. көпжаңғақшалы құрғақ; 2) бүлдірген

3) қауашақ; 4) көпсүйекті; 5)шырынды

6)сүйекті-шырынды 7) тұқымша



Жемістер
















2-тапсырма :

Берілген тізімнен бұршақ тұқымдастарға жататын өсімдіктерді іріктеп, белгіле. Қандай мақсатта пайдаланылатындығын көрсететін сандарды (1-тағамға, 2-мал азығына, 3-сәндік үшін, 4-медицинада) сол өсімдіктің атауының қасына жаз.

Рауғаш - ........................

Сары қараған - ............

Жантақ - .......................

Жоңышқа - ...................

Асбұршақ - ...................



Жатаған өызыл мия-..............

V.Үйге тапсырма. §27. Оқу, сұрақтарға жауап беру
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет