ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҰЛТ ТАРИХЫ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР
Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде
2-жинақ
2-ші басылым, өңдел. және толық.
Қарағанды 2015
ӘОЖ 94 (574)
КБЖ 63.3. (5 Каз)
Ұ 48
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен
Құрастырушы-авторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, Л.Г. Матвеенкова, А.К. Мубаракова, М.Ж. Сүлейменова, С.Д. Шаймұханова, Н.З. Ошанов, Т.Ж. Мақалаков, З.Н. Нурлигенова, А.Е. Даниярова, Е.Г. Огольцова, А.А. Әбдірахманова, К.С. Тілеуғабылова.
Ұ 48 Ұлт тарихы толқынындағы ұлы тұлғалар. Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 2-жинақ / ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен. – 2-ші басылым, өңдел. және толық. – Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасы, 2015. – 91 б.
Жинақ Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар және олардың ролі туралы баяндайтын мақалалардан тұрады.
Жинақ материалдары кураторларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өнегесінде патриоттық тәрбиелеу Тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде кураторлық сағаттар мен басқа да іс-шараларды дайындау үшін ұсынылады.
ӘОЖ 94 (574)
КБЖ 63.3. (5 Каз)
©Қарағанды мемлекеттік
техникалық университеті, 2015
Кіріспе
Қоғам қалай және қайтіп дамиды? Тарихты кім немесе не жасайды? Осы сұрақтарға философтар мен тарихшылар, социологтар мен политологтар бірге жауап іздеуге талпынады, бірақ ортақ пікірге келе алмайды.
«Тарих – бұл табиғи тарихи процесс», - деп тұжырымдайды біреулер.
«Тарих – саясатшылар әрекетінің нәтижесі», - деп санайды басқалары. «Тарих – кездейсоқ оқиғалар ісі», - деп үшіншілері олармен келіспей жатады. Дегенмен, әдетте, бәрінің бір мәселеге көзқарасы ортақ – тұтас адамзатқоғамының тарихында да, жеке алғанда ұлттар қоғамының тарихында да басты рөлді ұлы тұлғалар атқарады.
Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі.
Өз заманындағы ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметін зерделеу мәселесі ерекше мәнге и болмақ егер осы адамдар тек тарихты жасап қана қоймай, сонымен бірге сол қоғамның мәдени құндылықтарын, адамгершілік принциптері мен дәстүрлерін бойында сақтап, оның жетекшісі бола білген жағдайда.
Өздерінің ұлы бабаларының даңқты тарихына ортақ еткізу адам баласының өз еліне, оның ұлы тарихына, оны жасаған ұлы тұлғаларға деген мақтаныш сезімін қалыптастырады. «Біздің бабаларымыз қазіргі Қазақстанның ұлан байтақ даласын қорғап, төл мәдениетін сақтап, өмірді түйсіну мен танудың ерекше түрін бізге мұра етіп қалдырды. Бұл дала халқының бостандық сүйе білуі мен айбындылығы тарихтың қатал кезеңдерінде де жоғалтылмай, ата-бабаларымыз біз үшін сақтай алды», - деп Н.Ә. Назарбаев Л.И. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеттің студенттері алдындағы өзінің дәрісінде атап көрсетті (Казахстанская правда, 2007, 27 мамыр).
Сонымен, Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалардың өмірлік қызметінің тарихы қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру факторларының бірі болып табылады.
Ұсынылып отырған жинақта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары дайындаған, ұлы тарихи тұлғалар және олардың Қазақстанның тарихы мен мәдениетіндегі рөлі туралы баяндайтын материалдар берілген. Бұл материалдар кураторларға «Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар» тақырыбында кураторлық сағаттар дайындау және өткізу кезінде ақпараттық көмек береді.
В.В. Киянский,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Экология және табиғатты пайдалану
мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі
БІР АРМАН
Ұлы Абай айтқандай: «Ерте заманда «елбасы», «топ басы» деген атаққа ие болған адамдар болған. Олар дауларды шешкен, қоғам өмірін басқарған. «Елбасы» шешіміне қарсы келуге болмайтын. Оған үлкен құрметпен қарайтын, оны тыңдап, оған бағынатын. Және екінші – адамдар бірлікті жоғары бағалап, оны сақтауға тырысатын. Кімде-кім ата-бабасының атын атап, басқаларды көмекке шақыратын болса, барлығы өкпе-ренішті ұмытып, жәрдемдесуге жұмылатын».
Бүгінгі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті нығайту мен бірлікті асқақтату үшін ежелден келе жатқан «ел» деген түбір негізінде ортақтасқан «Мәңгілік Ел» атты Патриоттық акт жасауды және мемлекетімізге Қазақ Елі атауын беруді ұсынды. Бұл ретте Президентіміз өткенге көз сала отырып, көкейкөзділігімен болашақты да көре білді, ол егемен мемлекет құру кезінде уақыт сынынан өткен және «Қазақстан жолы-2050» Жолдауында көрсетілген құндылықтарға негізделу керек. Ол негіздер мыналар: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана; ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім; зайырлы қоғам және жоғары рух; индустриаландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсу; Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы; тарих, мәдениет және тіл ортақтығы; ұлттық қауіпсіздік.
Елбасы бізге, өзінің отандастарына былай дейді: өткенді ұмытпаңдар, болашаққа ұмтылыңдар. Мақсат қойылды, мақсатқа жеткізетін жол салынды және мақсатқа жету орны анықталды – ол «Мәңгілік Ел», оның аты Қазақ Елі. Осы жолмен жүре отырып, біз өткеннің ұшқынын емес, алауын алуымыз керек. Бұдан (оттан, құштарлықтан, қуаттан, шөптен, ошақтан, жанұядан) бүгін бізді біріктіріп отырған «отан» (атамекен, ошақ), «отандас» (замандас), «отау» (жанұя, жастар киіз үйі) сөздері пайда болды. Бұл оттың жылулығы – ата-бабамыздың үлкен сенімінде, оны Қазақстанның бүгінгі ұрпағы сақтап келеді, «Жасыл ел» және «Нұр Отан» халық партиясының жетекшілік рөлімен жүзеге асырылып отырған үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламаларының орындалуына үлес қосуда.
Қазақ Елінің болашағы бүгін қалануда, мұны Астананың келбетінен көруге болады, бұнда бүкіл елдің өсуі сипат алған және Қазақ елінің сәулет-мүсіндік кешені қалыптасқан. Бұл Отанымыздың асқақ бейнесі, тәуелсіздік символы, мұнда орталықтан стела бой көтерген, ол аспанға ұмтылған алтын Самұрық құсымен бейнеленген, ал стеланы көркемдейтін барельефтер әлемнің төрт жағына бағытталып, астананың еліміздің жүрегі және Еуразияның географиялық орталығы болып табылатындығын көрсетеді. Мұнда әр таң шығыстан Күннің шығуымен басталады, Бейбітшілік және Келісім сарайының үстімен өтеді, Ақ Орданың көгілдір күмбезіне сәулесін түсіреді, ал тал түсте Өмір ағашы – «Бәйтеректі» нұрландырады да, «Хан Шатырдан» асады, бұл бір күнде сәулет өнері жауһарларының бойында сақталған халық тарихын жарқын еткендей көрініс.
Күн сәулесінің тоқтайтын енді бір нүктесі Салтанат аркасы – «Мәңгілік Ел», ол алтын қимасының симметриясымен және үйлесімділігімен астанамызға келетіндер мен астанамыздан шығатындардың әрқайсысын қарсы алады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай бой көтерген 20 метрлік арка Сарыарқадай, арқадай (арқау, қорғаушы), Шығыс пен Батысты біріктірген «Мәңгілік Ел» атты мемлекетіміздің негізі болып табылады. Астанамыздың аркалық және арқанды көпір конструкциялары мен бірегей ғимараттарына қарап былайша айтуға болады: «Халқым, арқандай берік бола білсең, қанатты боласың». «Мәңгілік Ел» – бұл біздің ортақ үйіміздің ұлттық идеясы және ата-бабамыздың асқақ арманы.
Бүгінгі күні жаһандану деп аталатын өзгерістер әрдайым болды және әр уақытта түрліше аталды. Сол өзгерістер аясында мемлекеттер жойылып та, жаңа мемлекеттер пайда болып та жатты. Тек іштен өзімізді өзіміз ұйымдастыру, жүрек деңгейіндегі бірлік пен патриоттық сезім арқылы егемендігімізді нығайтып, тарихымызды кеңейте аламыз. Сондықтан ата-бабамыздың айтып кеткен нақыл сөздерін ешқашан ұмытпаймыз: «Ел бірлігі – ел теңдігі. Бірлікті ел бұзылмас».
Әр ұрпақтың өз арманы болу керек. Мен Жоғарғы Кеңестің 13-ші шақырылымының депутаты ретінде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың астананы көшіру туралы сөзін тыңдау және оны қайта орналастыруға дауыс беру бақытына ие болдым. Бүгінгі күні бұл арманымыз орындалды, енді Елбасы Қазақ елі жайлы өзінің жаңа, ежелгі, көкейкесті арманын жариялады. Көшбасшымыздың бұл арманы Отанымыздың патриоттарының жүрегі мен санасына жетіп, үлкен күшке айналсын. Олар, бірінші кезекте, жастар Қазақстандық жолда-2050 бәрін де көтере алады, бұл жолда барлығының бір арманы, бір мүддесі, бір болашағы және Көшбасшымен бір арманы болу керек.
«Казахстанская правда», 2014, 26 ақпан.
С.И. Ферхо,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Әлеуметтік-мәдени дамыту
жөніндегі комитеттің мүшесі
Достарыңызбен бөлісу: |