Қ.И. СӘТПАЕВ – МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаев – көрнекті геолог, ғалым және ірі ғылым ұйымдастырушысы, Қазақ КСР республикалық геология қызметінің және ғылымдар Академиясының негізін қалаушы, қазіргі уақытта оның атымен аталатын, Үлкен Жезқазғанды және Геология ғылымдары институтын құрушы. Ол – Қазақстан ғылымдар Академиясының тұңғыш Президенті және тұңғыш одақтық қазақ академигі (1946 ж. бастап). Оның есімімен геологиялық зерделеу және Қазақстанның жер қойнаулары байлықтарын ашу тарихының, пайдалы қазбалар кен орындарын жылдам айқындауға және елдің минералдық-шикізат базасын кеңейтуге бағытталған, кең кешенді зерттеулерді ұйымдастырудың жарқын беттерінің бірі байланысты.
Қ.И. Сәтпаев 1899 жылғы 12 сәуірде көшпелі қазақтың отбасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының № 4 ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде, сонан соң Павлодардың орыс-қазақ училищесінде оқыды және 1918 жылы Семей мұғалімдер семинариясын сәтті бітірген соң, Семейде педагогикалық курстарда жаратылыстану мұғалімі болып жұмыс істеді, ал 1920 жылы халық судьясы болып тағайындалады. Қ.И. Сәтпаевтің өтініші бойынша, Семей ревкомы 1921 жылы оны Томск технологиялық институтына жібереді, онда ол тау-кен факультетінің геологиялық барлау бөлімшесінің студенті болады [1, 2-б].
Атап айтқанда, студенттік жылдарда Сібір геологтар мектебінің және әсіресе оның сүйікті ұстазы және тәлімгері профессор М.А. Усовтың пайдалы әсерінен Қ.И. Сәтпаевтің ғылыми-инженерлік дүниетанымы қалыптаса бастады, М.А. Усовтың терең ғылыми идеялары мен білімдері кейінірек Қ.И. Сәтпаевтің барлық шығармашылық қызметінің негізіне жатты [2, 65-б.].
Оның көп қырлы жеке тұлғасының қалыптасуына тамаша педагогтар ғана емес, сонымен бірге академиктер М.А. Усов және В.А. Обручев сияқты ұлы ұстаздар да мүмкіндік туғызды. Қ.И. Сәтпаев ХIХ ғасырдағы қазақ ағартушыларын: тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановты, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевты, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсаринді жоғары бағалады. Адамзаттың ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы ұлы жаңалықтарымен байланысты сол кезеңнің рухани атмосферасының өзі, талантты адамды тәрбиелеу мен қалыптастыруға ұтымды мүмкіндік туғызды.
Оқуын бітірген соң, Мәскеуде біраз уақыт жұмыс істеп, 1926 жылғы күзде, жас инженер-геолог Қаныш Сәтпаев Қарсақпайға кетеді. Оның үлесіне бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы қазбалар қорларын жоспарлы айқындауға бастама болған, Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашқы тұрақты геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу міндеті тиеді. Жемісті жұмысының нәтижесінде 1928 жылы Қ.И. Сәтпаев мынадай батыл және негізделген шешімге келеді: «Жезқазған ауданы аса бай мыс провинцияларының бірін білдіреді, болашақта оның пайдасына Уралдың кен орындары ғана емес, сонымен бірге Американың белгілі мыс провинцияларының көпшілігі біріншілік пальмасын беруі мүмкін» [3, 75-б.]. Жезқазғанның үлкен болашағына деген қайсар сеніммен рухтанатын және Қ.И.Сәтпаевтің табандылығы мен қажымас энергиясының арқасында, ол басқарған жас барлаушы-геологтар ұжымы үлкен энтузиазммен жұмыс істеді және, сол жылдардың үлкен қиындықтарына қарамастан, үш жыл ішінде тамаша нәтижелерге қол жеткізе алды. 1931 жылдың аяғына қарай Жезқазғанның жер қойнауларында руданың орасан көп қоры табылды және бұрынғы Одақтың мыс кен орындарының арасында бірінші орынды мықты иеленді [4, 80-б.]. 1938 жылы Жезқазған кен-металлургия комбинатының құрылысын жобалау және бастау туралы шешім қабылданды. 1940 жылы Жезқазған-Ұлытау ауданын геологиялық зерделеудегі көрнекті жетістіктері үшін Қ.И.Сәтпаев Ленин орденімен марапатталды. Жас тау-кен инженері-геолог Қаныш Сәтпаев Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кешенді геологиялық қызметті он бес жыл басқарды. Үлкен Жезқазғанды академик Қаныш Сәтпаевтің төл тумасы деп орынды айтады [2].
Өмірлік жолын әрдайым гүл шоқтары жауып жатпады, әділетсіз қуғындау, қынжылу мен ауыртпалықтар жылдары болды. Сонымен, отызыншы жыл-ары үш рет Сәтпаев қуғын-сүргінге ұшыратылып, қаза болды. Сәтпаевтың туған ағасы Ғазиз (1892-1937) революцияға дейін Семей гимназиясында білім алды, медицина қызметкері болуға даярланып жүрген. Қаныш оны жақсы көретін және құрметтейтін, оның парасаты мен рухани қасиеттерін жоғары бағалаған. Кәрім Жәмінұлы Сәтпаев та (1897-1936) әділетсіздіктің құрбаны болды. Замандастарының куәлік етуі бойынша, бұл білімді, сүйкімді адам, талантты скрипкашы, этнографиялық кештерді ұйымдастырушы болған. Және үшіншісі – ірі педагог, қазақтардың арасындағы тұңғыш орыс тілі және әдебиеті, жаратылыстану жөніндегі маман, Семей семинариясының және Семей педагогикалық техникумының тұңғыш директоры А.З. Сәтпаев (1881-1938). Бірақ Қаныш Имантайұлы ылғи да көзі жеткен оптимист болған, ешқашан өзіне деген сенімін жоғалтпаған және шындық үшін шыдамды түрде күрескен.
1941 жылғы күзде Қ.И. Сәтпаев КСРО ҒА Қазақ филиалының Төралқасы төрағасының орынбасары, ал бір жылдан кейін төрағасы болып тағайындалды. Қ.И. Сәтпаевтің басшылығымен республика геологтарымен шешілген маңызды проблемалардың арасында соғыс жылдарында майданды металмен, көмірмен, мұнаймен толассыз қамтамасыз ету болды. Майданға қазақстандық көмек көрсетудің маңызы және мұндағы Қ.И. Сәтпаевтің ролі орасан зор болғаны сөзсіз. Ол түсінікті мақтанышпен бірнеше рет айтқан болатын: «Гитлер басқыншыларын ойсырататын он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан соғылады» [5, 103-б.].
Қаһарлы соғыс жылдары Қ.И. Сәтпаев және оның қызметтестері осы ғылыми ерлікті жасады. Жау сол кезде жалғыз жұмыс істеп тұрған Украинадағы Никопольск марганец кен орнын жаулап алғанда, Кавказдағы Чиатураға жолды жауып тастағанда, Уральск танк зауыттары сауытты болат өндіру үшін шикізатсыз қалды. 1942 жылдың басында Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің төрағасы И. Сталиннің қолы қойылған шифрланған жеделхат алынды, ол геологтарды сауытты болатты шығару үшін талап етілетін марганец кен орнын жедел табуға міндеттеді. Дәл сол күні Үкімет үйіне Алматыда болған барлық геологтар мен ғалымдарды шақырды, ОК бірінші хатшысының атынан келесі күні таңертең осы себепті дайын ұсыныстармен келу тапсырмасы берілді. Қ.Сәтпаев орнынан тұрып, майдан үшін қажетті ферромарганец рудасы Жезқазған станциясынан не бары 45 шақырым арақашықтықта Жезді деген жерде айтарлықтай жеткілікті мөлшерде бар деп жауапты мәлімдегенде, залда үнсіз отырған, қайта жиналған мамандардың таң қалғаны қандай болды десеңізші.
Осы уақытқа дейін белгісіз болған кен орнының рудалы үлгілерін тексерген соң, тәулік бойы бір күнге де тоқтамаған, руда өндіруге дайындық басталды. Құрылыс алаңдарында мыңдаған адам еңбек етті, алуан түрлі техника шоғырландырылды. Жұмыс күн сайын қарқын ала бастады. Мемлекеттік қорғаныс комитеті, әскери әрекеттер майданынан алған сияқты, Жезді құрылысшыларынан күн сайын мәліметтер алып отырды. Қабылданған қатаң шаралар мен жезқазғандықтардың батырлық әрекеттері нәтижесінде дайындық жұмыстары басталған соң, 38 күннен кейін бағалы марганец рудасының алғашқы тонналары тиелді, үш ай ішінде темір жолдың, онымен бірге кеніштің және жұмысшылар кентінің құрылысы аяқталды.
1946 жылғы 1 маусымда Қазақ КСР Ғылымдар Академиясы құрылды, оның салтанатты ашылуында Қ.И Сәтпаев тұңғыш Президенті болып тағайындалды, сонымен бірге Геология ғылымдары институтының директоры болып қалды. Ұлттық ғылымдар Академиясының құрылуы үлкен саяси маңызды тарихи акт және қазақ халқының ғылымы мен мәдениетін дамытудағы үлкен қадам болып табылды. Бұл уақытта республиканың ғылыми орталығында 1500-ден астам адам, оның ішінде 78 ғылымдар докторы мен профессорлар, 200-ге жуық ғылымдар кандидаты болды. Қ.И. Сәтпаевтің көрнекті еңбектерінің бірі – бұл «қазақстандық геологтар мектебін» құруы, оның ізі қазіргі уақытқа дейін геологиялық ғылым мен практикада сенімді көрініп келеді. Қысқа мерзім ішінде осы жас ұйым 200-ден астам қызықты жұмысты әзірледі және халық шаруашылығына ендіру үшін берді, олардың көпшілігінің авторы мен қосалқы авторы Қ.И. Сәтпаев болған. Оның бастамасы бойынша бірқатар жаңа академиялық институттар ашылды: ядролық физика, математика және механика, гидрогеология және гидрофизика, Атырауда мұнай мен табиғи тұздар химиясы, Қарағандыда химия-металлургия, Өскеменде Алтай кен-металлургия, Балқашта ихтиология және балық шаруашылығы, эксперименттік биология, экономика, философия және құқық, әдебиет және өнер, тіл білімі институттары және т.б.
Ғалым көптеген жылдар бойы көпшіліктің назарында болды. Ғылымдар Академиясының Президенті бола тұрып, Қ.И. Сәтпаев ғылыми-ұйымдастыру қызметімен бір мезгілде мемлекеттік және қоғамдық жұмысты белсенді атқарды: 1946 жылдан 1964 жылға дейін бірнеше рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 1947 жылдан 1959 жылға дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1962 жылдан 1964 жылға дейін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Кеңес Одағының алтыншы шақыруы Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Екі ондаған реттен артық үкіметтік наградалармен, соның ішінде төрт рет Ленин орденімен марапатталды. Қаныш Имантайұлы көптеген мемлекеттік комитеттер мен комиссиялардың, ғылыми журналдардың, саяси және ғылыми қоғамдардың редакциялық алқаларының мүшесі болды. Қазақстан ғылымдар Академиясының халықаралық байланыстарын қалыптастыру мен дамытуға, Ресейден, Украинадан, Өзбекстаннан, Грузиядан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан және басқа республикалардан әріптестермен ынтымақтастығын нығайту мен тереңдетуге айтарлықтай күші мен қуатын жұмсады. Қ.И. Сәтпаев өте көп жазған. Оның қаламынан орыс, қазақ, қытай, араб, ағылшын және басқа тілдерде жарияланған, 800-ден астам баспа жұмыстары шыққан.
Тұңғыш қазақ инженер-геологының Жезқазған кен орнын ашумен, металлогенияны – геология тарихының негізгі кезеңдерімен байланысты рудалы кен орындарын құрудың аймақтық шарттарын және оларды орналас-тыру заңдылықтарын зерттейтін геология бөлімін дамытумен, және ақырында, әлемде тұңғыш рет Орталық Қазақстанның металлогениялық болжамдық карта-сын жасаумен байланысты жарқын еңбектерін бүкіл әлем таныды. КСРО ҒА тұңғыш академигі және шығыс ғалымдары қатарынан КСРО ҒА Төрағасының мүшесі, Қазақстан ҒА тұңғыш Президенті ретінде осы тамаша ғалым мен ойшылдың, ірі мемлекеттік қайраткердің есімі оның көзі тірі кезінде шынайы даңқ пен танылу құрметіне бөленді. Қ.И. Сәтпаев, академик В.М. Келдыштің сөздері бойынша, жетекші геолог-теоретиктердің бірі, ғылымды және геология-лық қызметті ірі ұйымдастырушы болды, қазақстандық геологтар мектебін басқарды. Оның қажымас еңбегі және оның ізбасар геологтарының арқасында Қазақстанның жер қойнауларында Менделеевтің периодтық жүйесінің барлық дерлік элементтері ашылған. Жер асты қойнауларын барлаушы мамандығы еліміздің экономикасын көтеру және өндірістік күштерін дамыту үшін маңызды мәнге ие болды [8, 67-б.].
Қ.И. Сәтпаев сонымен бірге қарапайым, қарым-қатынасқа жеңіл, байсалды адам болған. Табиғат оған шешендікті, ұзын бойды, келбетті сымбатты сыйлаған. Ол кез келген қалың топтың ішінен ерекшеленіп тұратын, ол бірінші болып есте сақталып қалатын. Мысалы, 1947 жылы қазақ ғалымы Англияға кеңестік парламентарийлердің құрамында келгенде осы елде мынадай жағдай болған. Ресми емес қабылдау кезінде Ұлыбританияның экс-премьер-министрі У. Черчилль оған қалжыңдап: «Барлық қазақтар Сіз сияқты батыр тұлғалы, денелі ме?», - деп сұрақ қояды. «О не дегеніңіз, Черчилль мырза, қазақтардың арасында мен ең кішкентайымын, менің халқым менен биік!» - деп жауап беріпті академик Қ.И. Сәтпаев [5, 167-б.].
Қ.И. Сәтпаев 1964 жылы 31 қаңтарда Мәскеу ауруханасында 65 жасында қайтыс болды. Оның көп қырлы қызметінің материалдық жағынан жүзеге асырылуының нәтижесі Үлкен Жезқазған және Жезді ғана емес, сонымен бірге Орталық Қазақстанның, республиканың шығысы мен оңтүстігінің ірі кен-металлургия кешендері болды, оның батыстың мұнай және газ кен орындарын қазудағы еңбегі ерекше. Жақында оның есімімен аталатын, ҚазҰТУ жанында ескерткіш ашылды. ЮНЕСКО академиктің 100 жылдық мерейтойын тойлауды осы ықпалды халықаралық ұйымның басшылығымен және қатысуымен білім, ғылым және мәдениет саласындағы мәселелер бойынша атаулы және мерейтойлы күндер күнтізбесіне енгізді [7, 43-б.].
Қ.И. Сәтпаевтің тапқан маңызды жаңалығы Алтын Шоқы тауының оңтүстік-батыс баурайында байқалған, Темірдің жазуы бар тақта болып табылады. Бұл тау Ұлытаудың бас жотасынан солтүстік-батысқа қарай 30-40 км-де орналасқан. Мұнда Орта Азиядан Оңтүстік Уралға керуен жолы өткен. Жазу 1391 жылы Темірдің Дешті-Қыпшаққа жорығы кезінде ойып түсірілген. Академик И.А. Орбелидің өтініші бойынша тақта Ленинградқа әкелініп, Эрмитаж залдарының біріне қойылған. Енді Қарсақпай деген атпен белгілі, атақты Ұлытау жазбасы шифрланып, ғылым әлемінде лайықты бағаланған [1, 8-б.].
Академик Қ.И. Сәтпаевтің есімімен ҚР ғылымдар Академиясының Геологиялық ғылымдар институты, Қарағанды облысында қала, Жезқазған кен-металлургия комбинаты, Торпақ шоқжұлдызындағы кіші планета, минерал, Жоңғар Алатауының мұздығы және тау шыңы, гүлдердің сорты, Қазақстан Республикасының қалалары мен кенттеріндегі көшелер мен мектептер аталған.
Қазіргі уақытта ҚР БҒМ жаратылыстану ғылымдары саласындағы көрнекті жетістіктері үшін академик Қ.И. Сәтпаев атындағы сыйлықтар тағайындайды. 2008 жылы осы бірінші дәрежелі сыйлықты марқұм профессор А.Н. Данияровтың жетекшілік етуімен жұмыс жасаған ҚарМТУ ғылыми мектебі иеленді.
Сонымен, академик Қ.И. Сәтпаевтің ғылыми-ұйымдастырушы және қоғамдық қызметі өзінің қарқындылығымен ерекшеленді және өмір сүру нормасы болып табылып, адамдарға қызмет етуге арналған. Ғылымға және шындыққа ұмтылысы ғалымның ғылыми-зерттеу мұрасының алуан түрлі аспектілерінде өрнектеліп, оған табыс әкелді [3,102-б].
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.А. Великий сын земли казахской. Выступление на 100-летнем юбилее академика Сатпаева // Сб. статей Академик К.И. Сатпаев и наука Казахстана. - Алматы: Ғылым,1999. - 270 с.
2. Бакиров А.Б. Слово о К.И. Сатпаеве // Сб. статей. Академик К.И.Сатпаев и наука Казахстана. - Алматы: Ғылым,1999. - 270 с.
3. Академик К.И. Сатпаев // Сб. статей к 110-летию со дня рождения. - Алматы: 2010 - 273 с.
4. Академик К.И. Сатпаев и наука Казахстана // (к 100-летию со дня рождения) - Алматы: Ғылым,1999. - 270 с.
5. Академик К.И. Сатпаев // Сб., посвященный памяти выдающего советского ученого. - Алма-Ата:1985. - 208 с.
6. Сарсекеев М. К.И. Сатпаев // серия ЖЗЛ. Москва: 1999. Вып. 14. -316.
7. Бекжанов Г.Р. К.И. Сатпаев - выдающийся геолог современности. – Алматы: Ғылым, 2008. - 116 с.
8. Сарсеке М. Семь великих свершений академика Сатпаева. – Алматы, 2005. - 230 с.
9. Послание Главы государства Н.А Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь- 2050»: Единая цель,единые интересы,единное будущее //Казахстанская правда, 2014, 18 января.
Мазмұны
Кіріспе………………………………………….…………….…….....….....
|
3
|
В.В. Киянский. Бір арман……………………………………………........
|
4
|
С.И. Ферхо. Сабақтастық және ұлы ерліктер рухында..........…………...
|
6
|
С.Д. Шаймұханова. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, ұлт көшбасшысы, ойшыл, гуманист........................
|
9
|
Н.З. Ошанов. Ежелгі дәуірдің ұлы қолбасшылары мен хандары
Мөде мен Әділ................................................................................................
|
14
|
Т.Ж. Мақалаков. Шыңғысхан – дүниені дүр сілкіндіруші, ұлы түрік-монғол империясының негізін салушы және оның ұлдары...……….......
|
17
|
З.Н. Нурлигенова. Қазақ мемлекеттілігінің айнасындағы қазақ хандығы. Жәнібек және Керей сұлтандар – Қазақ хандығының құрылуының бастамашылары...................................…………….………...
|
22
|
Н.З. Ошанов. Мұхаммед Хайдар Дулати – көрнекті тарихшы-ғалым, әдебиеттанушы, кейінгі орта ғасырдың ірі мемлекет қайраткері.............
|
27
|
А.Е. Даниярова. Қасым, Хақ-Назар, Есім және Тәуке хандардың Қазақ хандығының нығаюындағы ролі және орны........…………………
|
32
|
А.Е. Даниярова. Ұлы Абылай және Әбілқайыр хандар – мәмлегерлер, қолбасшылар, билеушілер және саясаткерлер…….....…….……………
|
38
|
А.А. Әбдрахманова. Қазақтың ұлы билері – Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би……………………………………………………………….….
|
43
|
Е.Г. Огольцова. Сырым Датұлы, Махамбет Өтемісов, Исатай Тайманұлы, Кенесары хан – қазақ жерінің ұлттық тәуелсіздігі үшін күрескендер ………………………………………………….………….
|
48
|
А.А. Әбдрахманова. «Алаш-Орда» – азаттықтың ұзақ жолы («Алаш» қозғалысының 100 жылдығына, Ә. Бөкейхановтың 150 жылдығына орай)............................................................................................................
|
54
|
Огольцова Е.Г. Қазақ зиялыларының жалпы ұлттық құндылықтарды сақтаудағы ролі (М. Шоқай, М. Тынышпаев, Т. Рысқұлов, Т. Бокин,
Н. Нұрмақов, А. Айтиев, О. Жандосов, А. Розыбакиев, С. Асфендияров)...
|
60
|
М.Ж. Сүлейменова. Қазақстандықтар – Ұлы Отан соғысының батырлары (Б. Момышұлы, И.В. Панфилов, Т. Бегелдинов, М. Ғабдуллин,
С. Луганский, М. Маметова, А. Молдағұлова, Н. Әбдіров және т.б.)...............
|
66
|
Т.Ж. Мақалаков. Олжас Сүлейменов – қоғамдық-саяси қайраткер, Қазақстанның халық жазушысы.................……………………………..…
|
72
|
К.С. Тілеуғабылова. Д.А. Қонаев – көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер.....................……………………………………………………
|
78
|
К.С. Тілеуғабылова. Қ.И. Сәтпаев – мемлекет қайраткері, ғалым және ғылымды ұйымдастырушы………………………………………........
|
84
|
ҚР ҰҒА акдемигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен
ҰЛТ ТАРИХЫ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР
2-жинақ
2-ші басылым, өңдел. және толық.
Құрастырушы-авторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, Л.Г. Матвеенкова,
А.К. Мубаракова, М.Ж. Сүлейменова, С.Д. Шаймұханова, Н.З. Ошанов,
Т.Ж. Мақалаков, З.Н. Нурлигенова, А.Е. Даниярова, Е.Г. Огольцова,
А.А. Әбдірахманова, К.С. Тілеуғабылова.
Баспаға 03.08.2015 ж. қол қойылды. Пішіні 60х84/8.
Шартты баспа таб. 12. Таралымы 100 дана Тапсырыс № 140
ҚарМТУ баспасы, 100027, Қарағанды, Бейбітшілік б., 56
Достарыңызбен бөлісу: |