Тіл тұтастығы туралы



Дата02.07.2018
өлшемі30,5 Kb.
#45271
Тіл тұтастығы туралы

Біз Алла тағала берген өз мәртебемізді өзіміз кемітпейік. Диаспораның тілінде сөйлеп отыру дүниежүзілік қауымдастық алдында ұят емес пе? Бұл - өзімізді-өзіміз сыйламау ғой. Өзін-өзі сыйламайтын елді, түптің түбінде, ешкім де сыйламайтын болады.


... Америка Құрама Штаттары, аты айтып тұрғандай, құрама ұлттардан құралған. Егер ол штаттардың әрқайсысы әр ұлт тілімен сөйлесе, онда ол ел баяғыда-ақ ыдырап, жеке-жеке мемлекеттерге бөлініп кеткен болар еді. Ол елді біріктіріп тұрған – ең алдымен, тіл!
... Сол Америкамен жапсарлас орналасқан Канадада англо-канадалықтар мен франко-канадалықтар қатар өмір сүріп жатқаны белгілі. Соның Квебек жағын мекен ететін француздар біздер жеке мемлекет боламыз деп қайта-қайта референдум өткізеді. Неге? Тіл тұтастығы жоқтықтан.
Ұлт қауіпсіздігін қандай бір саясатыңыз да, қандай бір қарулы күштеріңіз де, қандай бір заң орындарыңыз да тіл сияқты сақтап, қорғай алмайды. Олардың бәрі де ұлы мәртебелі Тілдің алдында дәрменсіз!

Темірхан Медетбек,


ақын.

* * *


«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның бірқатар баптары әлі күнге … қозғалыссыз күйінде қалып келеді. Тіпті Үкімет тапсырмасы бойынша 2002 жылы күшіне енуге тиісті жоғарыда аталған заңның 23-бабының 3-тармағы бойынша, атап айтқанда, мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде біліктілік талабына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесін белгілейтін заң жобасы …әзер деп қолға алына бастады. Соның өзінде кейбір лауазым иелері: «Бұның уақыты әлі жетпеген мәселе. Қоя тұрсақ қайтеді?» десе, екіншілері одан Конституцияға қайшылық іздеп әуре болуда. Кезінде Тіл заңын Конституциялық Кеңес қарап, толықтай мақұлдағанын, сірә, ұмытып кетсе керек. Мен мұны мемлекеттік тілге қолдан жасалған қиянат деп санаймын. Мәселен, Пәкістанда мемлекеттік тілге қарсылықты мемлекетке қарсылық деп таниды. Қытай тіл тұтастығын ел тұтастығы деп ұғады. Ал түпкілікті халықтың саны келімсектерден аз болып отырған Малайзияда мемлекеттік тіл мәселесіне күмән келтіруге тыйым салынған.
… Бір кездері тілдік тұйықталуды бастан кешкен жапон тілі қазір әлемнің төрт тарабына еркін тарауда. Өйткені жапон тілін дамытуды мемлекет түгел өз мойнына алған. Бюджеттен қаржыландыратын шет елдердегі Жапон қоры мен Жапон тілі мұғалімдерінің қоғамы Сыртқы істер министрлігімен тізе қоса отырып, 1983 жылы ғана әлемнің 105 орталығы мен 359 ұйымын мұғалімдермен, бейнебағдарламалармен, слайд, сөздік, оқу құралдарымен қамтамасыз еткен.
… Әлемнің Қытай, Түркия, Франция, Латвия және т.б. көптеген елдерінде Тіл заңын іске асыру мен оны бақылауды жүзеге асыратын арнайы мекемелер жұмыс істейді. Мысалы, Латвияның «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Заңы бойынша кәсіптік міндеттерін атқаруда мемлекеттік тілді белгіленген дәрежеде пайдаланбағаны үшін өте үлкен айып салынады. Одан түскен қаражатты тілді дамытуға жұмсайды.
… Тіл тазалығы жөнінде Түркия, Франция мемлекеттерінің жүргізіп отырған саясаттарының сабақтары мол. Түркиядағы Ататүрік бастаған тіл реформаларының орны бөлек.
… Франция президенті Жорж Помпиду кезінде француз тілінің тазалығын қорғау комитетін құрған. Ал 1985 жылы Франсуа Миттеран компьютер бағдарламаларын ағылшын тілінде жүргізуге тыйым салды. Бүгінде Франциядағы саяси партиялар мен қозғалыстар «англо-американдық тілдік империализмге» қарсы күресуде. Мұны барынша қолдаған Сенат «Француз тілі туралы» жаңа Заң жобасын талқылауда. Ол Заң бойынша Францияда француз тілінің тазалығы мемлекет тарапынан жан-жақты қорғалады. Заңда 3500-ден астам ағылшын терминін қолданыстан шығару көзделген. Ал орынсыз қолданғандарға айып салынады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет