Қарағанды облысы
Шет ауданы
С.Сейфуллин кенті
Жарық жалпы орта білім беру мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі:Жолшоринова Жанерке Аблаевна.
3-орыс сыныбының қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы : Ауыл. Дейін шылауы.
Сабақтың мақсаты
Дейін шылауын орыс тілімен байланыстыра отырып түсіндіру ,
жаттығу жұмысын орындау.
Міндеттер:Мәтіндегі жаңа сөздерді игере отырып , мәтінді оқиды , өз сөздерімен
әңгімелейді . Мәтіннен дейін шылауын табады. Суретпен жұмыс
жүргізе отырып , «Ауыл» тақырыбында әңгіме құрастырады.
Ойлау , есте сақтау қабілеттері дамиды. Ауызекі сөйлеу тілдері
жетіледі.
Адалдыққа , адамгершілікке , отансүйгіштікке ,
мәдениеттілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі : Жаңа білімді игеру
Көрнекілігі: Суреттер , сызба, кітап , тақта , бор .
Әдіс-тәсілдер: СТО технологиясы , сұрақ-жауап , түсіндірмелі.
Қызығушылығын ояту 1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) амандасу
Ә) кезекші диалогы
Тілдік ортаға ену
Апта , күн, ай
ІІ. Өткен сабақты бекіту.
ІІІ. Мағынаны тану . Жаңа сабақтың мақсатын айту.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты «дейін » шылауын орыс тілімен байланыстыра отырып түсініп , жаттығу жұмыстарын орындау ,«Ауыл» тақырыбындағы мәтінмен жұмыс жүргізу.
Жаңа сабаққа көшу кезеңі: Ой қозғау.
- Вадим, сен қайда тұрасың?
- Мен ауылда тұрамын.
- Алина , қалаға дейін немен барасың?
- Қалаға дейін пойызбен барамын.
Сызбамен жұмыс :
Дәптермен жұмыс
Ауылға
Қалаға
дейін ....
Үйге
Мектепке
( орыс тіліне аудару )
Орыс тілінде сөз тіркесін , сөйлемдер құрау.
Сөздік жұмыс : оқу , оқыту, сөз тіркесін құру
Достарыңызбен бөлісу: |