Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев



Дата04.11.2016
өлшемі33,03 Kb.
#151
  • Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес - Талапбай Ұзақбаев
  • Есенбаева Бағила Әуезханқызы
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Мақсатым:
  • Жергілікті жердегі ақындықты арман еткен жерлестер өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, олардың халық арасына танылуы, сіңірген еңбектерін өскелең ұрпаққа паш ету. Ақындық өнерді дарытқан киелі Қызылжар топырағының қасиетін ашып түсіндіру, түрлі тақырыпқа негізделген өлеңдердің мәнін ашу, ғибратқа толы ғұмырларын жария ету, оқушыларды шығармашылықпен айналысуға тәрбиелеу;
  • Міндетім:
  • Киелі Қызылжар ауылының тарихымен танысу.
  • Ауылдан шыққан ақындар өміріне шолу
  • Жерлестердің қалам тартқан тақырыптарын зерттеу
  • Талапбай Ұзақбаевтың ақындық өнерін дәріптеу
  • Жерлестердің өнерін жинақ етіп тарату
  • Б
  • о
  • л
  • ж
  • а
  • м
  • Ой
  • Жергілікті жердегі ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев кім?
  • Зерттеу нысаны: Талапбай Ұзақбаевтың өлеңдеріндегі жер-су атауларының тарихи маңыздылығы
  • Аты – жөні: Талапбай Ұзақбаев
  • Өмір сүрген жылдары:1927 -1999 ж.ж.
  • Артында қалған мұрасы: “Сырлыбай аталығының шежіресі”, баспа беттеріндегі жарияланған өлеңдер жинағы .
  • Атқарған қызметі: Балықшы, ұстаз, әкімшілік аппаратының хатшысы, партия саласында хатшы.
  • Өзектілігі
  • Қызылжар ауыл - өнер дарыған қасиетті мекен. Олай болатын себебі: ауылдан шыққан ақын, термеші, жыраулар көп-ақ. Жергілікті жердегі тұлғалар өз ауылының тарихын, табиғатын, қоршаған өсімдіктерді, өз сезімдерін әнмен өрнектеген. Өмірлері өнегеге толы ақындардың ғибратты сөздері кім-кімді де ынталандырады.
  • Кезінде Кеңес одағы тұсында тайдай тулаған балығымен ерекшеленген мекенде термені термелеткендер, таңды таңға ұрып, жырды жатқа айтқан жыраулар қаншама. Райым ауылдық округінің орталығы болып саналатын Қызылжар ауылы талай өнерлі мен білімділердің алтын ұясы болып саналады. Әсем әнімен елге танылған әнші Гүлнұр Оразымбетова, айтыскер ақын Ш. Сүлейменов, Г. Баймұратова сынды өнер иелері де осы ауылдың түлегі. Қызылжардан түлеген ақындардың легі – қазірде 1тобы Шымкентте болса, бір легі Қызылорда облыстарында. Жай қарапайым балықшы болып, өз кәсібінің айналасында ғана қалып қойған, көрінбей, құмға жасырынған құмырадай болған ақындар көзі қаншама.
  • Қызылжардан шыққан термеші - жыраулар есімі – республикаға аян. Қазіргі таңда аты аталмай, жабулы күйінде қалған ақын, термеші, жырауларды жаңғырту – біздің үлесімізде.
  • Ол үшін ауылдағы көнекөз қариялардың сөздері, тарих беттері, зерттеу, ізденістер қажет.
  • Жергілікті жердегі өнерді дарытқан өнер иелерін толық танып білу үшін, арнайы бағдарлама қажет – ақ. Ал сол бағдарламаны жасау үшін ең алдымен ауыл тарихын зерттеу, олардың әлеуметтік – мәдени және экономикалық аясының инфрақұрылымының қалыптасу ерекшелігін жан - жақты сараптау қажет.
  • Бұндай жан – жақты сараптау соңғы 10 жылдықтағы ауыл өмірінде күрделі мәдени - әлеуметтік жағдайлардың тамырын анықтауға мүмкіндік береді.
  • Бұл мәселені зерттеу маңыздылығы жергілікті ақындардың, термеші - жыраулардың көп жағдайларын анықтау мақсатында сандық, әлеуметтік, ұлттық білім құрылымдарының өткен кезеңдеріндегі өзгеруінің ғылыми тұрғыда бағалануынан туындаған.
  • Жоғарыдағы айтылған мәселенің бәрі - шығармашылық баяндаманың ең алдымен болжамдық аспектісінің маңыздылығын көрсетеді.
  • Зерттелу дәрежесі
  • Зерттеуші № 81 орта мектебінің “Ізденіс” тобының 11 сынып оқушылары осы мәселені зерттеуге үлес қосты.
  • Зерттеушілер ауылдағы көнекөз қариялар, мұғалімдермен байланыс жасаған.
  • Ауылдағы ақындықты арман еткен ұстаздар өмірін зерттеген журналистерден мәлімет алынды. Ауыл ақындарының баспа беттеріне жарияланған еңбектерін іздестіру, оларды жинақ етіп бүктеме жасау – “Ізденіс” тобының көрсеткіші.
  • “Тамшыдан теңіз құралады” демекші жергілікті жердің ақындарын топтастыру, материалдарын жинақтау, оларды баспаға беру – Қызылжардағы жас зерттеушілердің ұжымдық әрекеті үлкен іске қосқан қомақты үлес болары хақ.
  • Зерттеу көзі
  • Зерттеу пәні
  • Зерттеудің теория - әдістемелік негізі
  • Ақындықты арман еткен жерлестер тарихы
  • Жергілікті жердің ақын - термешілері
  • Зерттеуге байланысты ауылдағы өнер қонған азаматтардың шығармаларының аудан, облыс, республика көлемінде жарық көруі.
  • Зерттеу жұмысының жаңалығы
  • Іздестіру нәтижесінде Қызылжар ауылындағы ақын – ұстаздар нақтыланып, айқындалады
  • Баспа беттеріне жарияланған өлеңдерді, кітаптарды қарастыра отырып, “ақындар” ұғымына авторлық ұғымдық, мазмұндық және әдістемелік дәлелдемелер берілді, табиғатты жырлаудағы ақындардың алатын ролі анықталды.
  • Жүйелі түрде талдау жасау тұрғысынан ақындардың қоғамдағы орны мен ролі, жекелеген айырмашылықтары көрсетілді.
  • Ақын – термеші, жыраулардың жеке жинақтары электрондық оқулыққа арқау болды
  • Тұжырымдар:
  • Шымкент, Қызылорда облысындағы аудан көлеміндегі ауылдан шыққан ақындардың кешегісі м ен бүгінгісін топтастыру аспектілері
  • Ауыл мәдениетін аша түсетін түрлі тақырыптардың дамуына әсерін тигізетін ерекше факторлар айқындалса және оларды есепке алу қажеттілігі дәлелденсе;
  • Қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселелерді тың шығарма ретінде қарастыратын ұсыныстар болса;
  • Заман талабына сай критерийлер ұсынылды
  • Тәжірибелік маңыздылығы
  • Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығын анықтауда жасалған тұжырымдамалар мен ұсыныстар инновациялық дамудың, жергілікті шығармашыл тұлғалардан бағдарлама әзірлеу
  • болатындығын паш еткендікте. Зерттеу нәтижелері сыныптан тыс жұмыстарда ауыл өнерлілері туралы толық мәліметтерді пайдалануға болатындығында.
  • Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
  • Қызылжардағы ақындардың алғашқы легі мен олардың ерекшеліктері
  • Қаладан шалғай орналасқан көз тартар сұлулығы болмаса да, адам жүрегіне жылылық пен нұр себетін бір киелі жер “Қызылжар”. Осындай кие қонған өнер жұлдыздары шыққан шағын ауыл кім –кімге де таныс атау. Пенде болып жаратылған әрбір жанның өзіне өте ыстық, жүрегінің түбіне ең жақын бір жері бар. Ол – туған жер, туған ауыл. Сондай алтын бесігімізді біз де пір тұтамыз. Өз туған ауылымызды алтын тұғырға теңеп, жыр арнап, әнге қосып жүрген ақындықты арман еткен жерлестер көп-ақ.Суретші туған ауылын бояумен сөйлетсе,ақын қаламымен сөз сөйлетеді.
  • Туған жер,атамекен,алтын бесік,
  • Келеміз құшағыңда бірге өсіп.
  • Аударсақ ауылымның алтын қорын,
  • Тарихпен ашылады алтын есік.
  • Сырдария жағасындағы Қызылжар ауылын әнге, жырға қосқан ақын жанды тұлғалар балықшылар арасынан шыққан. Соның бірі – Талапбай Ұзақбаев. Әсіресе, Т. Ұзақбаевтың 18 жасында балық аулап, қарапайым балықшының отбасынан шыққан, жүрегі жырға, көзі нұрға толы баладан ақындық қабілеттің шығатынын кім білген? Сол кездегі райком секретары Ешпенов өз өмірін өлеңмен жазып бер дегенде, қара сөзбен жазылған өмірбаянды өлең етіп жазған екен.
  • Талантымен танылып, жеті жылдық “Таспа” мектебіне мұғалім болған, партком жұмыстарына белсене араласқан ақын, әрі ұстаз, шежіреші.
  • Т. Ұзақбаевтың бүгінде 7 баласы, 24 немересі бар. Көзінің тірісінде былай деген екен: “Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық” дегендей, мен екеуінен де айырылған жанмын. Себебі: көбірек денсаулығым болмай, екіншіден әйелімнен ерте балалардың қолына қарап қалдым, - деп отыратын. Өзінің ішкі жан дүниесіндегі зарды өлеңмен жеткізетін. Өмірден ерте өткен Орал атты қызына, Нұржан атты ұлына арнаған арнаулары өз жеке кітапханасында әлі күнге сақтаулы.
  • Қ
  • а
  • д
  • а
  • м
  • д
  • а
  • р
  • өз ісінің есебін білуі
  • Бағамдап қарауы
  • Деректер жинауы
  • Көз жеткізуі
  • Түйіндеуі
  • Жетістік баспалдағы
  • Ауыл ақындары жырына нені арқау еткен?
  • Ауыл кітапханасында жергілікті ақындарға арналған бұрыш бар ма?
  • Қай ақынның кітабын сыныпта талқыладыңдар?
  • Саты жасау әдісі
  • Шарты: Белгіленген шартты белгілер арқылы, сатылай отырып, бір мақсатқа жету. Егер кімнің сатысы көбірек болса, ол зерттеушілердің көп жұмыс жасағанын көрсетеді.
  • табиғат
  • махаббат
  • Әр түрлі
  • Отан
  • Нәтижесінде
  • Т. Ұзақбаевтың өлеңдері
  • Оралмай кеткен боздақтар
  • Әруақты ерлер еді
  • Туған жер
  • Аралдың еске аламын атауларын
  • Сыр бойының шайырлары хақында
  • Талдау жұмыстары
  • Т. Ұзақбаевтың “Әруақты ерлер еді” өлеңі ауылдағы әруақты ерлерді, үш жүздің билерін, батырларын, Қотаңкөл көлінің ерекшелігін, Жылқаман ата, Толыбай, Мыңбай, Сартай хан, Жаңқожа батыр, Жылқайдар баба, Ақтан батыр туралы тарихи маңызы бар адам дүниесімен астасқан өлең. Мысалы,
  • Үш жүзден шыққан ерлерім,
  • Қаласын қалмақ қамапты.
  • Кіруге есік табылмай,
  • Бұзуға қылды талапты.
  • Бұзарын қалмақ білген соң,
  • Төбеден оқты боратты
  • Деген үзіндіде сөздің қолданылуында белгілі бір жүйе бар. Өлең 8 буыннан, 3 бунақтан, кезектес ұйқасып құралған. Өлеңнің 2, 4, 6 тармақтарының соңғы сөздері бір-бірімен дыбыстық жағынан үндесе ұйқасып тұр.
  • Не білемін?
  • Білгім келеді?
  • Үйрендім
  • - Т. Ұзақбаев өмір жолын
  • - 72 жыл өмір сүргенін
  • - Бірнеше өлең авторы
  • - Ұстаздық еткен жылдарын
  • - Кімдермен оқыған?
  • - Қандай қызметтер атқарған?
  • - Қай жылы оқыған?
  • - Қанша шәкірт тәрбиелеген?
  • - Шежіренің түп төркінін
  • - Туған жер, Отан туралы өлеңдер жазған.
  • - 1960 жылы КПСС мүшесі, партия ұйымының хатшысы, ауылдық советтің депутаты болған.
  • “Мұрат” тобы
  • “Қайсар” тобы
  • “Жеңіс” тобы
  • “Билерді өтіп кеткен еске аламын ”
  • Б
  • и
  • л
  • е
  • р
  • д
  • і
  • рет саны – 3, дауыссыз дыбыс, ұяң
  • рет саны – 12, дауысты дыбыс, жіңішке, езулік, қысаң
  • рет саны – 16, дауыссыз, үнді
  • рет саны – 8, дауысты, жіңішке, езулік, ашық
  • рет саны – 19, дауыссыз, үнді
  • рет саны – 7, дауыссыз, ұяң
  • рет саны – 39, дауысты, жіңішке, езулік, қысаң
  • “Мұрат” тобы
  • “Жеңіс” тобы
  • Ізденіс бірлестігі
  • “Қайсар” тобы
  • Кітапхана, мектеп, көнекөз қариялар
  • “Мұрат” тобының мүшесі Жансая Қуанышқызының пікірі
  • Ауылдың ардақты азаматы болған Талапбай атаның немерелері де өлең жазады. Мысалы, Қадірхан Ұзақбаев мектеп, онан қалды колледжде өлең шығарып, өз оқу орнының мақтанышы болған. Талапбай ата туралы мектеп архивінен мәлімет алдым. Мен Сырлыбай руына жиенмін. Нағашым Талапбай ата рухына бас ием. “Бізді желеп жебей берсін”.
  • “Қайсар” тобының мүшесі Қарабалаев Әділет
  • Біздің көшенің қарсысында Талапбай атаның баласы Нұржан ағаның үйі бар. Біз қатысып тұрамыз. Көп жаңалықты Нұржан ағаның келіншегінен білемін. Себебі: Нұржан аға Талапбайдың көзі тірісінде дарияға суға кетіп, ерте қайтыс болған. Баласына, әйеліне арнап шығарған өлеңдері сол үйде әлі күнге сарғайып сақталуда. Әрі шежіре жазған “Сырлыбай аталығының шежіресі” туралы кітабы бар.
  • “Жеңіс” тобының мүшесі Кадирова Айнұр
  • Талапбай ата туралы іздену жұмыстарымен айналысқанымда, алғаш ауыл кітапханасына барып, Әйімбетова Мөлдірмен пікірлестім. Топта жұмыс істеу мен үшін қызықты. “Автобиблиографиялық шолу” бұрышынан көп мәліметтер алдым. Ол кісінің
  • “Билерді өтіп кеткен еске аламын өлеңі” “Толқынға” жарияланған ұлы тұлғаларды керемет ұйқаспен келтіре білген.
  • Әсіресе, “Оралмай кеткен боздақтар” өлеңін оқығанымда, көзіме еріксіз жас келді.
  • Біздер Т. Ұзақбаевтың жер, су атауларына байланысты туған өлеңдерін өз тобымызда талқыладық.
  • Атап айтар болсақ: “Әруақты ерлер еді”, “Аралдың еске аламын атауларын”, “Оралмай кеткен боздақтар”, “Сыр бойының шайырлары хақында”, “Билерді өтіп кеткен еске аламын” өлеңдері ауылдағы жұмбақ төбелердің адам есімімен тығыз байланыста екендігін аңғартады.
  • Осы жинақтар негізінде өз ауылдағы ақындардың, термешілердің, жыраулардың өмірі біз үшін өнеге болып қалатынын дәріптейміз. Осы есімімен мақтанамыз.
  • Осы жинақтар мектеп көлемінде сыныпта тәрбиелік мәні бар шаралар өткізуге бастама болды. Әрі ауыл тарихы туралы, ауылдағы ақын, термеші, жыраулар туралы зерттеп, оқып үйренуге, ізденуге себепші болды.
  • Зерттеу обьектісіне не себеп болды?
  • Құндылықтар:
  • Ақындықты арман еткен жерлестердің жинақтарын көз қарашығындай сақтау, бағалау
  • Қажеттілік :
  • Белгілі бір тақырып аясында, сынып жұмыстарында пайдалану
  • Қызығушылық:
  • Өмірге қызығушылығын арттыру үшін өз қабілетін аша түсуді бейімделу
  • Зерттеудің қуатты тұстары
  • Зерттеудің осал тұстары
  • - Т. Ұзақбаевтың балаларының болуы;
  • - “Толқын” аудандық газеттерінде Т. Ұзақбаев туралы орталық бар;
  • Мектеп тарихында Т. Ұзақбаевтың өмірбаяны сақтаулы;
  • Балалары әр сала бойынша түрлі маман қызметкерлері.
  • - Т. Ұзақбаев өлеңдерінің жарыққа шықпай жатуы;
  • - Баспаға берілген материальдың ескеруі,
  • Шежіресінің 2 бөлімі аяқсыз қалған;
  • Әлі өлеңдері кітап болып шықпаған.
  • Тақырыпқа сай келетін өлең жазуға қабілеті бар оқушыларды саралау, қолдау көрсету
  • Мектеп қабырғасындағы газеттерге шығармашыл оқушылардың өлеңдерін, мақалаларын жариялау
  • Т. Ұзақбаев атында жыр мүшәйра ұйымдастыру
  • Жер, су атауларына байланысты өлең шығаратын оқушылар арасында бәсекелестікті туғызу
  • Топқа бөле отырып, қазіргі талапқа сай “Балауса” шығармашылық орталығын құру
  • Қорытындылар мен ұсыныстар
  • Мектеп қабырғасындағы өнерге қабілетті оқушылардан арнайы топтар құру
  • Қабілетті шығармашыл оқушыларға арнайы жетекшілер тағайындау
  • Ақын жерлестеріміздің өлеңдерін жинақтап, арнайы бүктемелер жасауға тапсырма беру
  • Қабілетті оқушыларға көмек көрсету
  • Мектепте “Балауса”, “Өркен”, “Жас қаламгер” газеттеріне оқушылардың туындыларын ай сайын шығарып отыру
  • Үздік шығармаларды аудандық “Толқын”, “Үмітті Арал”, облыстық “Жастар”, “Балдәурен” газеттеріне жіберу
  • Топ мүшелерінің байқағандары
  • Өлең шумақтарындағы ұйқастың әр түрлілігі
  • Кітапханамен байланыс
  • Табиғатпен өзара үндестік
  • Көрсеткіш
  • Жергілікті ақын, жырау-термешілерді насихаттау
  • Ғибадат алу
  • Әр ақынның өз жолы
  • Бір тақырып – бір әлем
  • Ой түю
  • Темірхан Әбдіков -лирик ақын,
  • Кадирова А
  • Термені термелеткен -Жұмагүл
  • И. Іскендірова
  • Жырау Б. Омаров туралы
  • А. Ормаханова
  • Өнер қонған ұстаз – Ж. Мұсаев
  • М. Аяғанова
  • Өнер әлеміндегі тірек сөздер
  • Сыр бойының шайырлары
  • Ауыл түлектері
  • Әдебиет, сурет, тарих
  • Библиография
  • Табиғат, дін, шежіре
  • Ақын, термеші, жырау
  • Түйін
  • Өмірден оқшау өнер еш өмір сүрмек емес. Табиғат кейде нәрсіз, ал өнер ешқашан нәрсіз болмауы тиіс. Ақындықты арман еткен жерлестің бірі – Т. Ұзақбаевты зерттеу бір күндік жұмыс емес, бірнеше жылдық еңбектің көрсеткіші.
  • Туған жер топырағыңда өстік еркін,
  • Бұл күні тағдырыңа көз тігер кім?
  • Қойнауың тұнған тарих біз білмейтін,
  • Тілейді амандығын барша қауым.
  • Өз тарихымызды, өз ақындарымызды зерттей отырып, өзгелерді де бағалаймыз. Ақындықты арман еткен жерлестерге сәттілік тілеймін!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет