1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері



бет58/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

63.1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.
Кеңес Одағы кезінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себептері дұрыс көрсетілген жоқ, олар әдейі, бұрмаланып, теріс баға беріліп келді. Тарихи деректерде бұл көтерілістің басты себебін патша өкіметінің 1916 жылғы 25 - маусымдағы Қазақстан мен Орта Азияның тұрғылықты халықтың азаматтарын майдандағы қара жұмысқа шақыру туралы жарлығы себеп болды деп делінді.
1916 жылдың ортасына таман 45 миллион десятина жер қазақтардан тартылып алынды. Бұл жағдайлар қазақ халқын ауыр күйзеліске ұшыратып, патша өкіметіне деген наразылығын күшейтіп, өз азаттығы үшін көтеріліске шығуға итермеледі. Бұдан басқа дүниежүзілік соғыс азық-түлікті, шикізатты, малды, басқа материалдық байлыктарды азайтты. Қазақ халқының мойнына соғыс жылдарында көптеген ауыртпалықтар түсті: әрбір үйге жаңа соғыс салығын алу, міндетті түрде ет тапсыру, мемлекет керегіне мал алу (әсіресе соғыс керегіне жылқы алу), земстволық салымдар, бай - болыстарды бағып - қағуға арналған салымдар т.б. салықтардың мөлшерін арттырды. Сөйтіп, әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс тудырған қиыншылықтар халық бұқарасының қайыршылдығын, наразылығын арттырды. Жалпы алғанда соғыс бүкіл елдегі жалпы ұлттық дағдарысты шиеленістірді. Дағдарыстыңжарқын көрінісі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі болды.
Алаш қайраткері М.Тынышбаевтың пікірі бойынша, 1916 жылғы көтерілістің басты себебі, патшаның жергілікті халықтың ер-азаматтарын майданның қара жұмысына алу туралы 25 - маусымдағы жарлығы емес, әлеуметтік және ұлттық езгінің бірінші дүниежүзілік соғыс барысында барынша күшейгендігі болғандығын көрсетеді. Қайраткердің пікірінше, 1916 жылғы патшаның маусым жарлығы көтерілістің басталуына түрткі ғана болғанын айтады. Бұл туралы ол Түркістан генерал - губернаторына жазған түсініктемесінде ашық көрсетеді. Ол ойын былайша жалғастырады. «Құнарлы жерді тартып алған соң, мал шаруашылығы құлдырады, жер өңдеу қысқартылды. 1907 - 1914 жыл арасындағы жеті жылда облыс қатты өзгеріске түсті..» - деп шындықты айтады [1].
Жоғарыда көрсетілгендей, көтерілістің басты себептерінің саяси-әлеуметтік, экономикалық, рухани мәні болды. Нақтылап айтқанда: отарлық езгінің күшеюі, халықты атақоныстан айыру, салықтар мен алымдардың шексіз өсуі, патша өкіметінің орыстандыру саясаты, саяси-рухани отарлау, соғысқа байланысты халықтың тұрмыс жағдайларының нашарлауы т.б.
Бұл көтеріліс Қазақстанның түгелге жуық аймақтарын қамти отырып, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында патшалық Ресейде қалыптасқан саяси - әлеуметтік шиеленістің, дағдарыстың бір көрінісі болуымен қатар, оның шет аймақтарындағы езілген халықтардың ұлттық және таптық сана сезімін оятып, өз бостандықтары үшін күреске даярлауда үлкен рөл атқарды.
Жалпы алғанда патша өкіметінің Қазақстан мен Орта Азияда жүргізген отарлау және ұлт саясатының әсері тиді. Себебі Ресейдің бұл аймақтарға жүргізген саясаты тек жерін, шикізат ресурстарын алып қоюмен шектелген жоқ, оларды рухани мешеуліктен ұстауға тырысты. Бұл халықтарға астамшылық, кемсітушілік саясатын жүргізді. Тіпті оларды ұлтына қарай бөлмей, «бұратан халық», «түземдік халық», «Киргиз - Кайсак» деп атап, ойларына келгендерін жасады, олардың ұлттық тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын жоюды көздеді. Бұл жағдайларда 1916 жылғы көтеріліске себебін тигізбей қойған жоқ.
1916 жылғы майданның қара жұмысына адамдар алу туралы патша жарлығына байланысты әр жерлердебасталған толқулар көп кешікпей қару күшімен басылды да, реквизиция жүзеге асырылып, майданның қара жұмысына адамдар жіберілді. 1916 жылы Қазақстан мен Орта Азиядағы көтеріліс осы ұлан-ғайыр жерді мекендеген жергілікті халықгардың көптен бері орын алған ұлт-азаттық күрестерінің заңды жалғасы, әрі шырқау шыңы болды. Соғыстың ауыртпашылығы, зорлықпен жергілікті халықтан жердің тартып алынуы, шаруашылықтың күйзелісі, патша жендеттері тұрғысынан тонаудың күшеюі т.б. жағдайлар халықтың шыдамын тауысты, ал патша жарлығы оған май құйды. Сөйтіп, ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына жағдай жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет