1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Отандық және әлемдік тарихи әдебиеттегі 1916 жылғы көтерілістіке берілген баға



бет60/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

65.Отандық және әлемдік тарихи әдебиеттегі 1916 жылғы көтерілістіке берілген баға.
Қазақстанда 1916 жылы тыл жұмысына «бұратана» халықтардан 400 мың адам алу жайлы патша жарлығына қарсы көтеріліс болды. Бұл күнге құжаттармен бірге жазушылар жасаған наразы халықтың "бейнесі" де жетті.
Бірақ кей тарихшылар "көтерілісті методологиялық-теориялық тар шеңберде зерттеу қате болып шықты, оны әлемдік контексте қарау қажет" немесе "көтерілістің діни факторы көп айтылмайды" дейді.
Көтеріліс жайлы СССР кезінде де, тәуелсіз заманда да әдеби туындылар да жазылды. Бірақ "көркем шығарма тарихи шындықты дәл бере алмайды" деген пікірлер де бар.
AzattyqLIVE хабарында жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай "Көтерілістің тарихи және көркем әдебиеттегі сипаты сәйкес келе ме?", "Көтеріліс жайлы әдеби шығармаларды қалай қабылдаған жөн?" деген сауалдарға жауап берді.


66. Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғ. басы)


XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясыныңбасшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халыктарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасан қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразиядаласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қаралуы, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақ халқы тарихының (XVIII—XIX ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет