1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтау және оның «жартымсыз» сипатына баға беру



бет80/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

92. Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтау және оның «жартымсыз» сипатына баға беру.
Қазақ елі үшін 4 қараша несімен құнды? Бәлкім біреу білер, біреу білмес, дәл осы күні алаш арыстары ҚазКСР Жоғарғы соттың шешімі бойынша ақталған болатын. Нақтырақ айтсақ, 1988 жылдың 4 қарашасында Жоғарғы соттың қылмысты iстер жөнiндегi алқа мәжiлiсiнде «Кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан «Алашорда» қайраткерлерінің контрреволюциялық, террористік астыртын құпия ұйымын әшкерелеу ісіне» қатысты сот үкімі қайта қаралады. Аталған істі қайта қарау алаш ардақтыларының ақталып, ортамызға оралуына түрткі болды. Мұның шарапатын ең біріншіден, жазықсыз жапа шеккен арыстардың ұрпақтары көрді. Өйткені, ес білгелі олардың мойнына «халық жауының ұрпағы» деген қарғыс таңбасы ілінген болатын. Екіншіден, осы оқиғадан кейін еліміздегі тарихшы-ғалымдар алаштануға ден қойып, батыл әрекетке бара бастады. Қазіргі таңда алаш арыстарының еңбектері қайта жарық көріп, ғалымдардың көптеген монографиясы оқырманға жол тартты. Әйтсе де соған қарамастан алаштану саласы алшаң басып кетті деп айта алмаймыз. Алаштануға арналған алғашқы пікірлер мен зерттеулер 1919-1920 жылдары мерізімді баспасөзде жариялана бастады. Осы мәселе бойынша қалам тартушылардың көш басында ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы мен қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин болды. Сондай-ақ бұдан өзге де азаматтар алаш тарихы туралы еңбектер жаза бастады. Дегенмен олардың жазған еңбектері алашорда тарихын біржақты қаралап, жоққа шығаруға бағытталған болатын. 25 жыл бұрын алаш арыстарына жабылған жаланы қайта қарау туралы үкім шықты. Міне, осы үкімді қайта қарауға Қазақ КСР Жоғарғы сотының төрағасы Т.К.Аймұхамбетов, Жоғарғы соттың мүшелерi К.Т.Кенжебаев, Е.Л.Грабарник және Қазақ КСР Бас прокуроры Ғ.Б.Елемесов қатысты. Жиыны 14 томдық тергеу iсiнiң егжей-тегжейiн зерделей тексерiп, барлық куәлардың шағымдарымен танысып, тергеу тарапынан өрескел бұрмалаушылық пен заңсыздықтардың жол берiлгенiн анықтады. Сол кездегі Құқықтық комиссияның төрағасы, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі, жазушы Т.Жұртбайдың Жоғарғы соттың мүшесі К.Кенжебаевқа берген әдеби сараптамалық қорытындысы бойынша «Алашорда» қайраткерлерінің шығармалары мен ғылыми еңбектерінде кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізілмегені расталды. Соның нәтижесінде Қазақ КСР-нің Қылмыстық және праволық Кодексінiң 375-бабын басшылыққа ала отырып Жоғарғы сот: «Шешiм: СССР Халық Комиссарлар Советiнiң жанындағы ОГПУ-дің (Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарманың - Т.Ж.) ІV коллегиясының 1930 жылғы 4 сәуірдегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Байтұрсынов Ахмет, Дулатов Міржақып, Аймауытов Жүсiпбек, Есполов Мирза-Ғазы, Ғаббасов Халел, Әдiлев Дiнмұхамед, Бiрiмжанов Ғазымбек, Юсупов Ахмед-Сафа, Жұмабаев Мағжан, Омаров Елдес, Битiлеуов Дамолла, Болғанбаев Хайретдин, Байтасов Абдолла, Жәленов Кәрiм т.б жөнiндегi қаулысының күшi жойылсын, олардың iс-қимылдарынан қылмыстық әрекеттер табылмағандықтан да тергеу барысы тоқтатылсын. Қазақ ССР прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын» деген шешім шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет