1Материалдық құндылықтарды сатып алу және жеткізушілермен есеп айырысу


Сатып алынған материалды құндылықтар бойынша ҚҚС және акциздер есебі



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі50,16 Kb.
#122023
1   2   3   4
Байланысты:
26.03 қаржі есеп
100 метр қашықтықта жүгіру, 09.04 статистика, бух есеп 1тапсырма, 17.03
Сатып алынған материалды құндылықтар бойынша ҚҚС және акциздер есебі.

Салық есебі (56баб.) - бұл салық төлеушінің бюджет алдында салықтар бойынша міндеттемелеріне есеп беру үшін салыққа салынатын объектілердің, салық есептемелердің, төлемдердің жүйелі құжаттық рәсімдеуі. Ал салықтарды дұрыс есептеп, қажет қаржылық ақпараттарды жинақтап, тіркеп (белгілеп жазу), өңдеп және беру үшін салықтөлеушілер «Салық кодексін» жетік білу керек.
Салық есебінің негізгі мақсаты – салық міндеттемелерінің туындау кезі мен мөлшерін дұрыс анықтау, есепті кезеңдерге кірістер мен шегерімдерді дұрыс жеткізу және ең соңында, заңмен белгіленген мерзімде бюджетке төленуі тиіс соманы алу болып саналады.
Салық есебінің объектілеріне салық салынатын көрсеткіштердің мынадай үш тобын жатқызуға болады:

  • мүлік (ұзақ мерзімді активтер);

  • кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірістер (барлық түрлері);

  • активтер құнын бағалаудағы айырма.

Салық есебінің функцияларына жатады: фискалдық; ақпараттық; бақылау.
Салық есебі бюджетке бекітілген типтік формалармен тапсырылады.
Салықтық формалар – салық есептіліктері, салықтық өтініштер және регистрлер. Есептік құжаттар деген, ол бухгалтерлік құжаттар, салықтық формалар, салықтық есеп саясаты және басқада салықтық объектілерін анықтайтын құжаттар. Салықтық есеп бухгалтерлік есеп негізінде жасалады.
Бюджетпен салықтар бойынша есеп айрысудың есебі бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының І бөлімнің 1400 «Ағымдағы салық активтері» шоттар (егер бюджетке артық төленсе немесе жасалатын алдын ала есептемелер бойынша) және бюджетке берешек бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының ІІІ бөлімнің 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» шоттары қарастырылған. Салықтар - ол, кәсіпорынның шығындары болып танылады.
Салық кодексі бойынша жалпы мемлекеттік салықтарға жататындар:
1. Корпоративтік табыс салығы (СК 4 бөлімі 10тарау, 81-152 бабтар);
2.Жеке табыс салығы (СК 6 бөлімі 18тарау, 153- 192 бабтар);
3. Әлеуметтік салық (СК 12 бөлімі 47тарау, 355-364 бабтар);
4. Занды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық(СК 15 бөлімі 57тарау, 394- 410 бабтар);
5. Жер салығы (СК 14 бөлімі 53тарау, 372- 393 бабтар);
6. Көлік құралдарына салынатын салық(СК 13 бөлімі 50тарау, 365-371 бабтар);
7.ҚҚС (қосымша құн салығы) (СК 8 бөлімі 28тарау,228-276 бабтар);
8. Акциздер (СК 9 бөлімі 38тарау,277-299 бабтар);
9. Экспортқа рента салығы (СК 10б.41 тарау 300-306бабтар)
10. Арнайы төлемдер және жкр қойнауын пайдаланушылардың салығы (СК 11бөлімі 42 тарау 307-310бабтар, 18бөлімі 426баб)
11.Ойын бизнес салығы (СК 16 бөлімі 59тарау,411-418 бабтар);
12.Тиісті салықтар (бильярдтық столдар, ұтымсыз автоматтар, боулинг, (СК 17 бөлімі 60 тарау, 419-425 бабтар);
13. Біртұтас жер салығы
Бұдан басқа СК – пен бюджетке міндетті төлемдермен алымдар бар, олар:
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды тіркегені үшін алым;
Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алым;
Акциондық сатудан алынатын алым;
Лицензиондық алымдар;
Қоршаған ортаны дастаған үшін төлем;
Автокөлік құралдарының ҚР аймағында жүрген үшін төлем;
Радиожүйелік спекторын пайдаланған үшін тқлем; және т.б. салық кодексі бойынша.
Осылардың ішінде салықтөлеушілерге ең маңызды салық түрі ҚҚС. ҚҚС – өткізілген тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің айналымының бір белгіленген ставка бойынша бюджетке аударылатын жанама салық. Бюджетке төленуге тиіс ҚҚС өткізілген тауар, жұмыстар, қызметтер үшін көрсетілген ҚҚС сомасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төленуге тиіс ҚҚС сомалары арасындағы айырма ретінде анықталады.
ҚҚС есептеу мен төлем жасау механизм негізінде «қосымша құн» деген ұғым бар. Қосымша құн сырт ұйымдардаң көрсеткен қызметтерінің және пайдаланған материалдық құралдар құнымен өндірілген өндірістік өнімнің құн араларындағы айырмашылық. ҚҚС объектілері болып салыққа салынатын айналым және салыққы салынатын импорт танылады.


ҚҚС төлеушілер




жеке кәсіпкерлер


Мемлекеттіктен басқа, заңды тұлғалар



Қазақстанда ұйымдары бар резидент еместер




Заңды тұлғалардың құрымдылық бөлімшелері, өзіндік ҚҚС төлеушілері

ҚҚС ставкасы салық салынатын айналымның 12 % құрайды. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар да бар. ҚҚС салынатын объектілері бар операциялардың бәрі шот-фактурамен расталады. Сондықтан ҚҚС төлеуші ретінде Салықтық басқармаға тұрылған салық төлеуші (жеткізуші) шот-фактура жазады. Есепке алуға қабылданатын ҚҚС активтер 1420-« ҚҚС» шотының Д-де ескеріледі.


Сатып алынған құндылықтар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төленуге келісім берілген шоттар бойынша ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 3310, 3390,1250.
Есепке алуға қабылданған (субъектінің ҚҚС бойынша берешегін кемітуге жатқызылған) ҚҚС сомасы Д-т 3130 К-т 1420.
Мысалы, жеткізушілерден шот-фактура бойынша тауарлар кіріске алынды 170500тг. ҚҚС 12 % -20460тг., қызметкердің дебиторлық берешегі арқылы компьютер (ноутбук) кіріске алынды 75000тг. ҚҚС 12 % - 9000тг., қайтарымсыз жабдық кіріске алынды 330000тг., ҚҚС 12 %- 39600тг., «Казахтелеком» АҚ шот-фактура акцептелді 56300тг., ҚҚС 12 %- 6756тг. Сонда, №6 журнал-ордерде жазылады :

Р/р№

Операция мазмұны

Шот корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1.

Жеткізушіден шот-фактура бойынша тауарлар кірістелді
ҚҚС 12 %

1330
1420

3310

2.

қызметкердің дебиторлық берешегі арқылы компьютер (ноутбук) кіріске алынды
ҚҚС 12 %

2410
1420



1250

3.

қайтарымсыз жабдық кіріске алынды
ҚҚС 12 %

2410
1420

6220

4.

«Казахтелеком» АҚ шот-фактура акцептелді
ҚҚС 12 %

7210
1420

3310

Салыққа салынатын айналым сомасы құрайды- 631800тг., ал ҚҚС сомасы 75816тг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет