«Қазақ әдебиеті» пәнінен 6-cыныпқа арналған 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің идеясына сай қатарды белгілеңіз.
А) өзіндік ойымен бөлісу В) әдемі сөздерді көп қолдану
С) айшықты сөздермен өлең жазу Д) өлең арқылы үлгі-өнеге көрсету
2....Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл – гүл... қарамен берілген сөздер троптың қай түріне жатады?
А) теңеу В) метафора С) синекдоха Д) метонимия
3.«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде қандай мәселе көтерілді?
А) кедейлік мәселесі В) мал табу мәселесі С) тәлім-тәрбие мәселесі Д)адамгершілік мәселесі
4.«Естігенді есте сақтау жолдары» Абайдың қай қара сөзінде айтылады?
А) 1 В) 17 С) 31 Д) 29
5.Абайдың «Жетінші қара сөзіндегі» білсем екен демекке тән қатарды белгілеңіз.
А) дүниені тану В) оқумен айналысу С) музыкаға құмарту Д) айналаны қызықтау
6.Абайдың «бес асыл ісіне» сіз тағы не қосар едіңіз? Ойыңызды 4-5 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз.
---- Адам бойынан табылуы керек ең жақсы қасиеттің бірі – уәдеге берік болу. Қандай қоғамда да, қай адам болсын сөзінде тұратын адамды құрметтеп, сыйлап өткен. Уәдесінде тұрмаған адамды екіжүзділікке санаған. Жалпы адамдар уәдесіне берік адамды құрметтейді деп ойлаймын. Ата-бабамыз уәдеге тұрмаған адамдар үшін «Жігіттің екі сөйлегені өлгені» деген мақалды бізге мұра етіп қалдырған.
.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
7«Отыз бірінші қара сөзінде» айтылған «ой кеселді нәрселерден қашық болу» дегенді қалай түсінесіз? Ойыңызды 4-5 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз.
. Ой кеселдерінен құтылу үшін бір нәрсеге құлшынып кірісе отырып, ол нәрсенің жағымды жақтарын ойлау керек. Естіген нәрсені салмақтылықпен сабырлықпен тыңдау қажет деп ойлаймын. Күлкішілдік- орынсыз күлкі немесе елдің мазағына айналу. Бұл жерде Абай атамыз мәнді, мағыналы өмір сүруге үндейді. Ал уайым адамды жинақылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеп, әрекетшілдікке талаптандырады деп біледі. Түпсіз уайым түбіне кетудің де зиянын ескеріп, орынды әрекетпен қиындықтарды жеңе білуге шақырады. Уайымсыз салғырттық ақылдың кеселі болуымен қатар, ардың да дәулеттің де дұшпаны.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |