3
Модуль 2. Спортпен шұғылдану кезіндегі ағза күйі
|
Спортпен шұғылдану кезіндегі ағза күйінің физиологиялық сипаттамасы
|
Спорттық кызмет кезіндегі ағзаның күйі. Сөре алдыңғы күй. Физиологиялық қызметтердің ерекшеліктері. Сөре алдыңғы күйдің әртүрлілігі және оларды басқару әдістері.
Бабына ену. Қызметтердің бабына енуінің физиологиялық зандылықтары және механизмі. Бой жазу – сөре алдыңғы реакцияларды жетілдіру және бабына енудің кызметін жеделдету факторы ретінде.
Бой жазу және жарыс арасындағы демалу үзілісін негіздеу. "Өлі нүкте" және "Екінші тыныс алу". Олардың даму механизмдері. "Өлі нүктені жеңу жолдары".
|
2
|
Дене сапаларын жетілдірудің физиологиялық механизмдері түрлері
|
Дене (кимыл) сапаларын арттырудың физиологиялык механизмдері. Күш сапаларын (морфологиялық, биохимиялык, физиологиялық) дамытуды анықтайтын факторлар. Статикалық максималді бұлшык ет күші, максималді ерікті күш және күш мұқтаждығы. Ерікті күштің орталық және шеткі факторлары. Динамикалық және жарылыс күші. Күшті арттырудың әдістері: максималді тітіркенлірудің принципі, машыктандыру жүктемелерінің кезектілігі, бұлшық ет топтарын дамытудың арнайылығы, қалпына келудің кезеңді сипатын қолдану. Қайталмалы күштенудің, кайталмалы үзіліссіз және изометрлік жаттығулардың әдістерін қолдануды физиологиялық негіздеу.
|
2
|
Сыртқы қоршаған орта факторларының адам ағзасының жұмысқа қабылеттілігіне әсері
|
Спорттық жұмыс қабылеттілікті төмендететін факторлардың физиологиялық сипаттамасы: 1) ағзаның қызып кетуі; 2)дегидратация; 3) жүрек-тамыр жүйесінін оттегіні тасымалдау мүмкіншілігінің орта биіктік жэне жоғары биіктік жагдайларындағы адам ағзасына әсер ететін факторлардың сипаттамасы, осы жағдайлардағы ағза кызметінің өзгерістері. Оттегі жетістпеушілігінің түрлері және олардың физиологиялық сипаттамасы. Биіктік ауруы. Спортшылардың орта биіктікте болғанға дейінгі және одан кейінгі жұмыс кабілеттілігі.
|
|