1.Өмірбаяны Шығармашылығы


Ол туралы ғалымдар пікірі



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі25,53 Kb.
#84629
түріӨмірбаяны
1   2   3   4
Байланысты:
ОЛКЕ 6

Ол туралы ғалымдар пікірі
Белгілі этнограф ғалым В.Григорьев оны «...аса қабілетті және тамаша білімді адам» деп өте жоғары бағалаған. 1860 жылы қазақ депутациясының құрамында Петерборға барды. Осы сапарында ол белгілі этнограф, шығыстанушы П.Небольсинмен, ұлы саяхатшы Семенов-Тянь-Шанскиймен жүздесіп, танысады. Атағы зор екі ғалым да жас қазақ ғалымын жақсы көріп, еңбегін бағалады. П.Небольсин «25 жаста. Келбетті. Ат жақты. Өңі қараторы, көзінің аясы үлкен, шашы қара, қалың. Бабажанов орыстың айшықты әдеби тілін жақсы меңгерген. Сөздері өткір, әрі көркем, әсіресе өзін толғандыратын мәселеге келгенде қызып кетіп, шешен сөйлейді... Әңгімелескен кезімде оны әсіресе екі мәселенің ерекше толғандыратынын байқадым. Оның бірі біздің бәрімізге ортақ кесел – біздің заңымыз және уездік сот қызметкерлерінің қылығы мен былығы болса, екіншісі надандыққа толы татар насихатының қазақ арасындағы зиянды кеселі және ешбір негізі жоқ соқыр сенімдер мен ескі аңыздарды құранға қосып халықты бұзып, аздыруы еді» деп жазды. Бұл үлкен ғалымның жас ғалымды тануы әрі берген бағасы еді.
Петерборға барған қазақ депутациясы осы сапарында Эрмитажда, мұражайдарда, көркемсурет академиясында, Пулков обсерваториясында тағы басқа тарихи, мәдени орындарда болған. Шоқан Уәлиханов осы депутация құрамындағы Ғ.Есенбаев, А.Байғалин, М.Жантөрин, М.Бабажанов, Ә.Сейталин, тағы басқаларды қонаққа шақырғанын депутация жетекшісі Л.Плотников «Руский вестник» журналында (1860 ж. №12, 263 бет) жазған. Қайтар жолында Мұхамбет-Салық Мәскеу шаһарына әдейі соғып Кремльде, Үлкен театрда, тағы басқа мәдени орындарда болған.
Тағы бір айтар сөз этнограф П.Небольсин аталған қазақ депутациясы туралы «Путешествующие киргизы» деген мақала жазып, қазақ даласынан келген адамдардың саналы істерін жоғары бағалайды. Осыны оқыған Орал казактарының мүшесі И.Железнов қарсы «Киргизомания» атты мақала жазып («Руский вестник» журналына 1860 ж) қазақтардың намысына тиетін сөздер айтады. Бұған назаланған М.Бабажанов аталған журналға И.Железновқа қарсы мақала жазып, қатты соққы береді. Оның шовинистік, пасық ойларын, надандық жазбасын айыптай отырып, кеудемсоқ казактардың ұрдажық, топастық келбеттерін айқын көрсетіп, бұлтартпас дәлелдермен әйгілеп береді.

Артына көп мұра қалдырған М.Бабажанов туралы соңғы жылдары көптеген еңбектер жарық көрді. Х.Маданов пен А.Мұсабаева «Мұхамбетсалық Бабажанов» (Алматы, Санат баспасы, 1995 ж.) атты зерттеу еңбегін шығарды. Р.Отарбаев (Жалын, №3, 1988 ж), Т.Боранғалиұлы («Егемен Қазақстан» 24.11.1995 ж), Н.Ивлев («Жұлдыз» №1, 1990 ж, 199-202 беттер), С.Даумов («Жас Алаш» 16.07.2002 ж, және 29.06.2002 ж) және басқа ғалымдар көп еңбек сіңірді. Осы жолдардың авторы Торғай, Қостанай облыстық теледидарынан (1997-1998 жылдары) Бабажанов өмірі мен қызметіне орай хабарлар ұйымдастырды, дәріс оқыды. Осындай білімді, зиялы қауым арқасында М.Бабажанов өмірге қайта оралды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет