1.Өмірбаяны Шығармашылығы



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі25,53 Kb.
#84629
түріӨмірбаяны
1   2   3   4
Байланысты:
ОЛКЕ 6

Өмірбаяны
Ордадағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алған (1841-45) соң, Орынбордағы Неплюев кадет корпусының Азиялық бөлімін бітірген (1851). М.Бабажанов есімі белгілі Жәңгір ханның мектебін бітіріп және оның қамқорлығымен 1845 жылы М.Бекмұхамедов, Ж.Ниязов, М.Жантөриндермен бірге Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусында оқыған 8 жастың бірі. Бұлардың бәрі де кейін ел алдында абыройлы қызмет атқарған алғашқы білімді қазақ азаматтарының қатарынан орын алды.
1852-55 ж. Орынбор шекаралық комиссиясының кеңсесінде қызмет етті.
1855 ж. Ішкі Орда қазақтарының толқуына қатысты деген желеумен қызметінен қуылып, 2 ай абақтыда отырды.
1855-61 ж. Ішкі Орданы басқару жөнінде Уақытша кеңестің кеңесшісі болды.
1862 ж. қызметтен кетіп, 1866 жылға дейін мал шаруашылығымен шұғылданды.
1866-71 ж. Ішкі орданың Қамыс-Самар бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды.
Бабажанов қазақтың салт-дәстүрі, шаруашылығы, діни нанымы, аңшылық кәсібі жөнінде еңбектер жариялады. Халықтың көне тарихи мұраларын, аңыз-ертегілерін, өлең-жырларын, мақал-мәтелдерін жинап, зерттеді. Ресей музейлері мен ғылыми мекемелеріне қазақ тарихы мен тұрмысына қатысты археологиялық, этногр. жәдігерлер жіберді.
1861 ж. Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды. Этнография бөлімінің жұмысына елеулі үлес қосқаны үшін 1862 ж. аталмыш қоғамның күміс медалімен марапатталды. Бабажанов — ғылыми еңбектері үшін ресми марапатталған тұңғыш қазақ.
Ол Ресей империясының қазақ елін отарлау саясатына наразылық танытқан мақалалар да жазды
1860 ж. қазақ халқының уәкілдігі құрамында Санкт-Петербургке келіп, Орынбор генерал-губернаторы В.А. Перовскийдің үстінен патшаға шағым жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет