Тапсырма: сұрақтарға жауап беру.
1.«Паллиативті көмек» түсінігі,паллиативті көмектің қажеттілігі жайлы айтып беріңіз?
Жауабы:Паллиативті көмек – ем қонбайтын созылмалы ауруларға, әрине соның ішінде онкологиялық науқастарға қолданылады. Біздің жұмысымыздың басты мақсаты төртінші клиникалық топтағы науқастардың өмірінің соңғы кезеңдерін қиындық пен азапсыз өткізіп, өмір сүру сапасын және жалпы жай-күйін жасқартуға бағытталған. Паллиативті ем – науқасты ауруынан айықтыра алмайды. Бұл әдіс тек ауырсынуды сездірмейтін дәрі-дәрмектер беру арқылы науқастың жағдайын қалыпты ұстап тұруға мүмкіндік жасайды. Біз паллиативті ем көрсетуді бастамас бұрын, дәрігерлер консилиумында науқастың жағдайын толыққанды зерттеп, қолымыздан келетін барлық мүмкіндіктерді бағалай отырып шешім қабылдаймыз. Көп жағдайда науқастар да, олардың туыстары да паллиативті емнің не екенін білмей, үміттерін үзіп, қол қусырып қалады. Дәл сол кезде біз олармен сөйлесіп, барынша ақпараттандырамыз. Тіпті аурудың соңғы кезеңінде де қалыпты, толыққанды өмірін жалғастыруға мүмкіндік барын айтып, симптомдық ем қабылдауды бастауды ұсынамы –, дейді ол.
Сапалы дәрі-дәрмектер мен түрлі технологиялардың күші жетпей, дерті асқынып, жанын қоярға жер таппаған науқастың алдағы өмірі не болмақ? Қатерлі ісік, АИТВ, жүрек немесе бүйрек жетіспеушілігі, диабет, тыныс алу және жүйке жүйесінің ауруының соңғы кезеңінде ешқандай ем қонбайтыны бәріне мәлім. «Медицинаның мүмкіндігі осымен шектеледі» деген дәрігердің үкімінен кейін айықпас дертке шалдыққан адамға қандай көмек көрсете аламыз? Өлім аузында жатқан науқасқа медицина мен жоғары білікті дәрігерлердің жасай алатын соңғы амалы «паллиативті ем» немесе «паллиативті көмек көрсету» деп аталады. Бұл әдістің басты мақсаты – ем жүрмейтін науқастарды күту, олардың ауыртпашылығын жеңілдету, тіпті отбасы мүшелеріне қиын сәттерде қолдау білдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |