1практика Жоспар: Халық ауыз әдебиеті-балалар әдебиетінің бастауы. Халықтық бесік жырларының мазмұны



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі72,11 Kb.
#118704
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1практика Халық ауыз әдебиеті

Тұсау кесу ” жырындағы эстетика. Қазақ халқы тек бесікте жатқан балдырғандарды ғана қалай тәрбиелеу керектігіне көңіл бөліп қоймаған, олар сонымен қатар аяғын апыл-тапыл басып , қаз-қаз тұрған балаға қалай қарау керектігін өлеңге , әңге қосып айтып, оны дазор қуаныш көрген, “Тұсау кесу” жыры деп айтылатын халықтық өлеңде бұл жайында мынадай терең ой бар:
Қаз,қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейік,
Тұсауыңды кесейік.
Бұл балдырғандарға қойылған бір інші шарт, бір інші тілек десек, бала сол тілекті орындауды өзіне зор қуаныш көреді де, оған мәз болады. Оның қаз тұруы ата-ана тілекгін орындағандықтың алғашқы қадамы болып саналады. Өлеңде ешқандай бұйыру жоқ, тек қана тілек бар.Ол тілек әсем сазды өлеңмен айтылады.
Қаз,қаз,балам,қаз, балам
Тақымыңды жаз,балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Бір ден-бірге алға қарай жетектеп, өмірге баулып, үйретіп келеді.
Осының бәрі де баланың Жан жүйесіне әсер еткен эстетикалық тәрбиесінің жемісі.Өйткені жастайынан ән мен өлең арқылы көп нәрсені ұққан бала, есере келе өздері де көңіл күйін әнмен, өлеңмен білдіруге талаптанып, осыған әуестене бастайды.
3 Төрт түлік мал туралы өлеңдеріндегі халық даналығы. Жан – жануарлар, жәндіктер туралы өлеңдеріндегі әсемдік әлемі.
Қазақ халқында төрт түлік мал деген ұғым бар. Әр түліктің киесі мен иесі бар деп есептеген. Жылқы - иесі Қамбар ата. Түйе - иесі Ойсыл қара. Сиыр - иесі Зеңгі баба. Қой - иеcі Шопан ата. “Жылқы – малдың патшасы” Қазақтың халық жырларындағы батырларының қайсысын алсаң да ішінде жаяуы жоқ және олардың аттары құр көлік емес, батырлардың жан серігі, қиын кезеңде тіпті тілдесетін, “ақыл айтатын” кеңесшісі де. Тайбурыл мен Байшұбар, Тарлан мен Қарасақал ат қандай қасиетті пырақтар, оларды мал санатына қосуға аузың да бармайды.
Қазақ халқының эпостарындағы жылқы бейнелері адамзаттың аспанға ұшқысы келген қиялының дәлелі.Қобландының Тайбурылы қырық күндік жерге бір бір күнде алып келеді
Қобланды сонда: “Шу” деді Құбылып бурыл гуледі... Табаны жерге тимеді, Көлденен жатқан көк тасты Тікеп тиген тұяғы Саз балшықтай иледі... Қарсы келген қабақтан Қарғып басып жөнелді. Сеңгір – сеңгір таулардан Секіре басып жөнелді. Ол төбе мен бұл төбе, Бауыры шұбар көл төбе, Онан да өтіп жөнелді. Ұмтылғанда қысылып Бес жүз құлаш жазылды. Бурыл көкке секірді, Омырауда тер көпірді. Шаба – шаба шағылды, Табаны тиіп ұшқан тас, Қызылбас мылтық оғындай Шаншылып көкке атылды, Тақиядай көрмеді Үстіндегі батырды. Арандай аузын ашады, Аяғын топ–топ басады Бір төбенің тозаңын Бір төбеге қосады.
Ал, Алпамыстың Байшұбары мыстан кемпірдің иесі білмей тұрған арамдығын сезіп, оны теуіп, мінгестірмейді. Алпамыс зынданда жатқанда Байшұбар дұшпанға бағынбайды. “сол уақытта шұбар ат Алдына келсе тістейді, Артына келсе тебеді, Бетіне түгіл шұбардың Сыртына адам келмейді. ............................................. Қаншама көп болса да Шұбарға әлі келмеді Неше дәулер жабылды Бәрін де Шұбар сүйреді, Біріне – бірі соқтығып, Қабырғасы күйреді. Ұшып кетіп кәллесі. Көбейді жоңғар өлгені, Ордада тұрды ойнақтап, Шұбарға ешкім мінбеді. Ашуланып хан тажы Әр жерден ұста алдырды, Енділігі жеті кез Темір үйді салдырды Темір үйге тастарды, Шұбар атты кіргізіп. Жеті жылдан кейін Байшұбар темір үйді бұзып шығып, Алпамысты зынданнан босатады.
Төрт түліктің бір пірі-Қамбар ата, Тілегенде өзің бер ақтан бата. Үйір-үйір жылқыны шұрқыратып, Ойдан-қырдан арқалап әкеп мата. Қамбар ата
Қазақ түйенің пірі – Ойсыл қарадан былай тілейді: ...“маң – маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Төрт аяғын тең басқан, Екі өркешін қом басқан, Тілін тікен теспеген, Алабота, теріскен, Мұрындығы келіскен, “Шәк!” – дегенде, «Бық!» деген, Шешіп үйін жүктеген, Ойсыл қара баласы – Түйе бассын үйінді, Кие бассын үйіңді!”
Түйе, түйе, түйелер! Тұзың қайда, түйелер?” Қазақтың көшпелі мал шаруашылығы түйессіз мүмкін еместі, сондықтан түйе қазақ үшін қымбат мал. Қазақ түйені киелі мал деп есептеген.Түйенің зор денесі, күші, жуас та жайлы мінезі, көнбістігі оған адам баласын ырза еткендей
Төрт түліктің бір пірі-Ойсыл қара, Қара жердің қайығы күшті дара Ит-құспенен індеттен аман сақтап, Боталасын әр жылы ару ана. Ойсыл қара
Көшпелі тұрмыста түйені құнанша кезден бас үйретіп, көш – қоңға жеңіл жүк артып пайдалана бастайды. Түйенің жабдығы жылқынікінен мүлде өзге – салт міну үшін емес, жүк арту үшін ыңғайланған. Түйені ерттемейді – жазылайды. Әуелі түйені шөгеріп белдік салады, оның үстінен жазы салынады. Жазының үстінен ұштары бір – біріне байланған жазы ағаш салынады. Жазы ағашқа айыл – құр байлаулы болады. Жазы ағаш солғасын түйені тұрғызады. астына арқан бауыр киіз салып айыл – құрды ар жағына өткізіп, түйені қайта шөгереді
Сиыр бақтым – сидаң қақтым» Сиыр көшпелі елдің емес, отырықшы елдің малы. Сиыр малының пірі – Зеңгі бабаның қазақтың сенім – мифологилық, ескі пантеонындағы нық орны қазақта сиыр өсіру қашаннан барын дәлелдейді.
Қазақ Зеңгі бабадан былай деп тілейді: “Сиыр берсең сүтті бер өңкей мама, Кең өріске шұбыртып өзің бағып, Кешке жақын қотанға әкеп қама. Қос жегуге жарамды Ылғи бойшаң өгіз бар, Жұп – жұбымен егіз бер. Бұқалары тіреудей, Әр түстен ыңғай сегіз бар. Сәйгел тисе мөңкіген, Оқыра тисе жөңкіген, Ала бас жіп естірген, Мұрнын тура тестірген, Құйрығында шоғы бар, Жапалап тастары тағы бар, Саздау жерге тоқтаған Сиыр деген мал екен ... Зеңгі баба баласы Сиыр бассың үйіңді, Сыймай бассын үйінді!”
Түйенің төлін- бота, жылқының төлін- құлын, сиырдың төлін-бұзау, қойдың төлін- қозы, ал ешкінің төлін- лақ деп атайды. Төлдер
Бұзау және Лақ
БОТА МЕН ҚОЗЫ
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп, «Ештеңені білмейтін момыным!» деп. Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп, «Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп. Түйе сүйеді баласын «боташым» деп, «Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп. Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп, «Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп. Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп, «Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.
1. Келеді бір жануар,үстінде екі тауы бар. (Түйе) 2. Көкке шаншып құйрығын, Келеді шауып жүйрігім. (Жылқы) 3. Басында мүйізі бар, Үстінде киізі бар. (Сиыр) Жұмбақтар
Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (Қой) Басында таяғы бар, Төрт аяғы бар, Сегіз тұяғы бар, Иегінде сақалы бар. (Ешкі)
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР Сиырлының үйі – айран Сиырсыздың үйі – сырдаң. 2. Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл-көсір. 3. Малды бақсаң сиыр бақ, Сүт кетпейді шарадан.
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды. Семіздікті қой ғана көтереді. Саулықтың жасы үлкен, Қошқардың басы үлкен. Мал – адамның бауыр еті.
Малды теппе Малды басынан ұрма Ақты баспа Түйенің астынан өтпе Атқа теріс мінбе Малды үркітпе, қарғама. Тыйымдар
Қамбар ата –үйірдің айғыры екен, Құландатып көбейткен байлық екен. Зеңгі баба-табынның бұқасы екен, Ет пен майға өң бойы тұтас екен. Шопан ата-отардың қошқары екен Егіздетіп жылда төл қосқан екен.
4 Жаңылтпаштар тіл дамыту құралы /Баяндама/
Жаңылтпаштар халықтық шығармалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс, айқын сөйлеуге үйретеді.
Халық ауыз әдебиетінде жаңылтпаштың алатын орны ерекше. Жаңылтпаш – тіл дамыту құралы. Жаңылтпаш—мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайық шығарма. Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі—жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады. Бастауыш сынып мұғаліміне жүктелер міндет көп. Алдына келген «ақ жұмыртқа сары уыз» балапанға хат танытып, сауатын ашумен бірге оның сөйлеу тілін дамыту үшін де аз тер төкпесі ақиқат. Жаңылтпаштарды тіл дамыту құралы десек, мұғалімнің міндеті – оларды балалардың жас ерекшеліктеріне , сауат ашу сабақтарының мазмұнына сәйкес лайыөты, орынды қолдана білу. Бұл міндетті жүзеге асыруда мұғалімнің өзі қазақ халқында, өзге халықтарда көркем сөзді қандай жаңылтпаштар бар екенін жақсы білуі, әрбір ақынның жыр қоржынынан қарапайым да ойлы сипатымен бала жанын баурап алатын, тіл дамытудың қисынды қиюластырылған көркем де құатты құралы – жаңылтпаштардың әр түрін сараптап, талдай алатындай болуы шарт. Белгілі балалар ақыны Ә.Табылдиев «Жаңылтпаштар көбіне әрі тіл ширату, әрі дүние таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу мақсатында жазылады..» дейді. Ал сабақ процесінде, оның ішінде сауат ашу сабақтарында жаңылтпаштарды қолданудың маңызы төмендегі міндеттерді шешуге әкеледі: - әр дыбысты өту барысында оның акустика – артикуляциялық ерекшеліктерін ескере отырып дыбыстану; - мұғалімнің түсіндірмесімен немесе сөздік жұмысын жүргізу нәтижесінде мағынасы айқындалған жаңа сөз, жаңа ұғымдармен баланың сөздік қорын молайту; - кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қылықтарын баяндайтын қысқа да нұсқа, нақты бейнелі ұтымды ұйқасқан сөздермен сөз тіркестерінен құралған мәтін мазмұнының тәрбиелік мәні; «Туғанда дүние есігін өлеңмен ашатын» қазақ баласына өлең, ұйқас, ырғақ, бунақ, буын жөнінде алғашқы түсініктер беру;

  • Қара сөзбен өлең сөздің оқылуында сөйлеу сазы- интонациялық ерекшеліктерді ұғындыру;

  • Шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа, жинақылыққа баулу;

  • Өтілген сабаққа сәйкес дыбыстың қайталанып келуі жазу жұмысындаәріптердің жазба түрінесте тез қалдыруға тиімді;

«Жаңылтпаш » деген ұғыммен балалар жазу сабақтарында алғаш таныса бастайды. Жеке дыбыстарды таныстыру сабақтары барысында сол дыбыстарға сәйкес жазылған жаңылтпаштарды мұғалім балаларға жаттатып, сабақты бекітерде, бой сергіту сәтінде қолдана білсе нұр үстіне нұр. Мысалы «Т т» дыбысы мен әрпін өткенде «Тас тостаған, тас тостаған ішінде тас тостаған» деген жаңылтпашты үйретіп жіберуге болады. «Піскен пісте, пісте жерге түспе» осы секілді жаңылтпаштар бала тіліне, жаттауға жеңіл. Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған. Бала тілінде көбінесе «р» дыбысы мен «и» дыбысын, «ш» дыбысын «с» дыбысымен шатастыру байқалады. Әсіресе тілалды дірілмен айтылатын «р» дыбысын айту алғаш қиын сияқты болып көрінеді. Сондықтан жаңылтпаштарда «р» дыбысын айтуға құралады.

  • Тары деші - Жем –Дәрі деші - Ем - Неге олай дейсің ей ? - «р» деу оңай дейсіңбе ? Қорыта айтқанда жаңылтпаштар бала тілін дамытуда үлкен рөл атқарады. Балалар жаңылтпаш мазмұнын жаттап қана қоймай, жазуға да үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет