1.ҚР-дағы білім беруді ұйымдастырудың кешенді бағдарламасы негізінде белгілі бір кезеңге жас ерекшелігіне сәйкес сыныптағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын құрастыру


Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты



бет3/6
Дата04.03.2023
өлшемі122,04 Kb.
#171050
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1.?Ð-äà?û á³ë³ì áåðóä³ ?éûìäàñòûðóäû? êåøåíä³ áà?äàðëàìàñû íåã³ç
Рахимгалиева Д тапсыра, 347943 (копия), 2 ìîäóëü áîéûíøà òàïñûðìà, Elegant and Professional Company Business Proposal Presentation, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік каб
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:
1.Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
2.Пәнге терең қызығушылығын арттыру;
3.Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
4.Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
5.Жалпы білім – білік дағдыларын дамыта оқыту;
6.Білімнің бағасын арттыру.


Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына ситапттамаларды атап айтуға болады:

  • зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;

  • ақыл – ойдың жоғарғы қажеттілігі;

  • тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылық;

  • белгілі бір іс — әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;

  • өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;

  • тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.



Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:

  • оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп- зерделеу;

  • шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;

  • оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.

Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

  1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.

  2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

  3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

  4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.

  5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет