1.ҚР-дың «Білім беру туралы» Заңына сипаттама



Дата28.04.2020
өлшемі22,5 Kb.
#64928
Байланысты:
2 тапсырма менеджмент


1.ҚР-дың «Білім беру туралы» Заңына сипаттама.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның жетісінде қабылданды. Одан кейін 2007 жылы 27 шілдеде қабылданды. ҚР Білім туралы заңы 68 баптан, 12 тараудан тұрады. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар. Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған

2.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың бағдарламасы мен тұжырымдамалары.

Білім беруді дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан-2030» стратегиясына, «Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына», «Білім» мемлекеттік бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік конференцияның декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер білім министрлерінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы жөніндегі кеңестің конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.

Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық ретінде белгілейді және мемлекеттің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.

Осы Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жөніндегі бағдарлама әзірленетін болады.

Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:

• ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар;

• Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;

• білім берудің деңгейлері мен мазмұны;

• Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер;

• Тұжырымдаманы іске асырудың кезеңдері.
3.Мектеп жұмысын реттеудің негізгі құжаты – жарғы, оған сипаттама.

Жарғы. Мекеме жарғысы белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі. Жаргыда мекеменің іс-әрекеті, негізгі бағыты, басқа бірлестіктер, жеке, заңды түлғалармен қарым-қатынасы, қүқықтары мен міндеттері жазылады. Жарғы меке-менің үйымдық-қүқығын, оның атын, мекен-жайын, басңару органын, баңылаушыларын, мекеменің қайта ңүрылуын, ісін тоңтатуын реттейді, растайды.

Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, ал қоғамдық ұйымдардың жарғыларын (съезд) құрылтай қабылдайды және бекітеді.

Жарғы негізінде мекеменің құрылымдық жүйесі мен жүмысшылар саны анықталады. Штат кестесінде қызметтік атаулар мен еңбек ақылар көрсетіледі. Мекеменің бірнеше құрылымдың бөлімдері болган жағдайда құрылымдық бөлімшелердің құқықтық жағдайын айқындайтын, жауапкершілік міндеттерін, қызметтерін белгілейтін бағыттағы ереже жасалады. Жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру мекеме әкімшілігінің міндеттеріне жатады және ол ішкі тәртіп ережелерінен көрініс табады.

Мекеменің өзіндік әрекеті мен қызметтік бағыты негізінде бұл құжат Ішкі тәртіп ережелерінің типтік үлгісін басшылыңқа ала отырып жасалады.

ЖАРҒЫНЫҢ формуляр-үлгісі мынадай деректерден тұрады:

·мекеменің (министрлік, кәсіпорын, ұйым) атауы;

·құжаттың авторы;

·ЖАРҒЫ – құжаты атауының түрі;

·күні;


·индексі (нөмірі);

·басылған жері (қала);

·бекітілген грифі (егер кәсіпорын жеке меншік болса, кім тіркегені көрсетілуі тиіс);

·мәтін,


·кәсіпорын басшысының қолы.

Жарғының негізгі деректемесі – мәтін. Ол саны мен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Мәтіннің құрылымы төмендегідей тәртіппен жасалады:

·жалпы ережелер;

·негізгі міндеттер;

·атқаратын қызметі;

·құқықтары мен міндеттері;

·басшылық;

·қарым-қатынас, байланыс;

·өндірістік – шаруашылық қызмет;

·мүлік және құралдар;

·Қызметті бақылау, тексеру, жүргізу;

·Қайта құру және жою.

Жарғы міндетті түрде нотариалдық куәландырылуы тиіс. Онсыз ол (жарғы) заңды деп танылмайды.

Заң құжаттары – жарғы, ереже, тұжырымдама, кодекс, шарт құрылымы, қажетті реквизиттері, қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір-біріне ұқсас келеді.

4.Мемлекеттік Білім беру стандарты.

ҚР “Білім заңына” сəйкес елімізде білім стандарттары қабылданған.

“Стандарт” түсінігі латын сөзі негізінде қабылданып, “үлгі”, “өлшем” деген мағынаны аңдатады. Білім стандарты мəн-мағыналық тұрғыдан сауат, білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа орайластырылған, əрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жету негізгі белгі - талаптар (параметры) жиынтығын қамтиды.

Білім саласындағы стандарттаудың негізгі нысандары –стандарт құрылымы, оқу жүктемелерінің мазмұны, көлемі жəне оқушыны дайындау деңгейі. Стандарт бойынша белгіленген деңгей, дəрежелер мен талаптар білім сапасын бағалау мен білімдену процесінің негізгі қырларын сараптауда мызғымас шек (эталон) сипатында қабылданады.

Білімді стандарттаудың қажеттігі қоғамдық құбылыс ретінде танылған білім саласындағы түбегейлі өзгерістерге орай туындап отыр. Қазақстан Республикасының егеменді елдер қатарында демократияға, нарықтық қатынастарға, тұлғаның құқы мен еркіндігіне бетбұрысы білім аймағындағы саясатты қайта қарастырып, жаңаланған заман көзқарасымен түсінуді талап етіп отыр.Білім саласы енді ең алдымен жеке тұлғаның рухани қасиеттерін қамтамасыз етуге бет бұрды. Бұл өз кезегінде оқу процесін ұйымдастыру, оқу –оқыту формалары мен əдістерін таңдау жəне білім мазмұнын іріктеу істеріне көптеген өзгерістердің енуіне себепші болды.

Стандарттау сонымен бірге білім саласындағы көптеген жаңашыл қадамдарға байланысты қажет болып отыр. Атап көрсететін болсақ, олар:

1) мектеп оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі;

2) көптеген мектептердің құқықтық дəрежесінің өзгеруі;

3) тың оқу жоспарларының енгізілуі;

4) мектептердің оқу пəндері мен олардың игерілу көлемін өз қалауымен таңдауы;

5) баламалы оқулықтардың қосылуы;

6) оқудың жаңа технологияларының жасалуы; көп деңгейлі жəне жіктемелі оқуға өту.

Байқағанымыздай, аталған демократиялық қадамдар өткендегіміздей тезге салынған бір сарынды (шаблон) оқу жүйесіне тосқауыл қойып, əрқандай жəйт, жағдайларды ескеріп, білім беру процесіне шығармашылдықпен қатынас жасау қажеттігін айғақтауда. Осыдан, əрқилы оқу мекемелерінде оқушылар игеретін білімнің біргелкі деңгейін қамтамасыз ететін білімдену кеңістігінің базалық тұтастығын сақтау- міндетті шараға айналды.

Ал Мемлекеттік стандарт елдегі жалпыға ортақ бірдей білім қорының болуын қамсыздандыратын жалғыз тетік.

Сонымен бірге, білім стандартының алғы шепке тартылуына себеп - Қазақстан Республикасының əлемдік мəдениет жүйесіне енуге болған талпынысы. Бұл білім сапасын қалыптастыруда халықаралық білімдену тəжірибесінің жетістіктерін ескеруді қажет етеді. Осы талаптың орындалуынан Қазақстан азаматтарының білімі жөніндегі құжаттары шет елдерде мойындалатын болады.

Мектеп тəжірибесіне енген Мемлекеттік стандарт оқу процесін мызғымас, қатаң ресми байламға матау емес, керісінше, ол педагогикалық шығармашылдыққа, міндетті мазмұндық өзек (стандарттың өзі) төңірегінде баламалы бағдарламалар, оқудың əрқилы технологияларын, оқу құралдарын жасауға кең жол ашады.

Мемлекеттік міндетті стандарттар бəсеке негізінде қабылданады,10 жылда бір рет қайта өңделіп, қажетті реттеулер мен түзетулер енгізіледі, мемлекеттік заңмен бекиді. Ол барша оқу орындарының қай салаға бағынуына, типіне, меншіктік формасына тəуелсіз орындалуы міндетті.

Жалпы білім беруші мекемелердің білім стандарты үш бөліктен құралады: мемлекеттік, ұлттық – аймақтық жəне мектептік.

Стандарттың мемлекеттік бөлігі (инвариант) елдегі білім кеңістігінің біртұтастығы мен тұлғаның əлемдік мəдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық – аймақтық елдің жер-жерлеріндегі ерекшелік, талаптарына (ана тілі мен əдебиетіне, жағрафиясына, мəдениет пен өнеріне, еңбек, өндіріс дайындығына жəне т.б.) байланысты анықталады.

Мектептік білім мазмұны нақты оқу орнының анайылығы мен бағыт –бағдарына орай оқу пəндерінің енгізілуімен белгіленеді.

Стандарттың мемлекеттік бөлігі – бұлжымас, қайта қарастырылуы өте сирек, ұлттық аймақтық жəне мектептік бөліктер- баламалы, оның құрамды бірліктері жүйелі жаңаланып барады.



Қазақстан республикасының “Білім туралы Заңында” көрсетілгендей, жоғары өкілетті мемлекеттік органдар негізгі білім ақпараттарының ең төмен көлемдегі мазмұнын, оқу жүктемесінің ең жоғары деңгейін белгілеп, түлектер дайындығына қойылатын талаптарды алға тартады. Қабылданған оқу жүктемесі шегіндегі міндетті білім көлемінен тыс, қосымша білім мазмұнын ұсыну жергілікті оқу орындарының билігінде. Стандарт құрамы келесі бірліктерді қамтиды: жалпы білімдік оқу орындарының түбір (типтік) жоспары, мазмұн құраушы мызғымас (инвариант) жəне баламалы бөліктер, оқушыларың жалпы дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет