Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары. Шаруашылық-қаржылық қызмет үдерісінде шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық қорларды - белгілі бір мақсаттарға арналған ақшалай қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақшалай қаражаттар үнемі қозғалыста болады: түседі, жұмсалады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуі үшін негұрлым елеулілері мен маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары. Дербестік жағдайларында шаруашылық жүргізуші субъектілер басқа да мақсатты ақшалай қорларды құруы мүмкін, мысалы, медициналықсақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік инфракұрылым дамуына қатысудың үлестік қоры және басқалары.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешендіқорларды - тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.

Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:
бүкіл жұмыскердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдыңқорытындысы бойынша сыйақылар;
еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақшалай және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
материалдық көмек;
еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкіне салынған жұмыскерлердін акциялары мен салымдары бойынша төленетін табыстар(дивидендтер, пайыздар);
оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнертабу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа жеке сипаттағы төлемдер.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады:
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады:
экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңи тұлғалардың валюталық кредиттерінен;
ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері аркылы валюта сатып алу;
бейрезиденттер көрсететін қаржылық көмек (гранттар).