39. Негізгі қорлар аудиті және ықтимал бұзушылықтар. Негізгі құралдардың қолда барының, сақталуы және пайдалану аудиті бағдарламасының құрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады: 1. Негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі; 2. Негізгі құралдардың бар болуы мен сақталуы; 3. Негізгі құралдардың түсуі мен істен шығуы жөніндегі операциялардың есебінде бағалаудың, рәсімдеудің және көрсетудің дәлдігі; 4. Негізгі құралдардың тозуы мен жөндеу есебі; 5. Бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрерінде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі; 6. Негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі және т.б. Негізгі құралдар аудитінің жоғарыда көрсетілген процедураларының мазмұнын ескере отырып, мыналарды зерттеп білу қажет: а) негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданды ма, кәсіпорын басшысының бұйрығымен материалдарға жауапты адамдар тағайындалды ма, олармен толық жеке материалдық жауапкершілік туралы жазбаша келісім шарт жасалды ма; ә) негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету үшін, материалдық жауапты адамдарға жағдайларға жасалды ма, жабылатын қойма ғимараттары бар ма, олар күзет сигнализацияларымен жарақтандырылған ба; б) кәсіпорын аумағынан тауарлық-материалдық құндылықтарды тасып-шығару тәртібі ұйымдастырылған ба, басшының бұйрығымен негізгі құрал-жабдықтардың сақталуын тексеру үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия тағайындалды ма; в) негізгі құралдардың сақталуын түгендеу мен іріктемелі тексерулер жүргізілді ме, олардың қорытындылары рәсімделген бе, кем шыққан жағдайларда айыптыларға қандай шаралар қолданылады.