1.ҚР экономмикалық бақылауды ұйымдастыру



бет36/70
Дата07.02.2022
өлшемі108,21 Kb.
#87571
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70
Байланысты:
аудит экз ответы готовый

36. Аудит міндеттері.
Аудиттің ең негізгі мақсаттарыныың бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады. Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшелігі мыналарды бөліп көрсетуі керек: 1. Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуелді қолайлы деңгейге дейін азайту; 2. Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзыретті мағлұмттарды алып, бағалау; 3. Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық,маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау; 4. Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру; 5. Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бағалау; 6. Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операциялардың қаншалықты сәйкестіндігін тексеру; 7. Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі салласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету; 8. Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет