1.ҚР экономмикалық бақылауды ұйымдастыру


Аудиторлық тексеруді жүзеге асыруға келісім хат



бет45/70
Дата07.02.2022
өлшемі108,21 Kb.
#87571
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70
Байланысты:
аудит экз ответы готовый

48. Аудиторлық тексеруді жүзеге асыруға келісім хат.
Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері аудит фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме — хат жазуға тиісті.Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.Міндеттеме хаттың түрі және мазмүны тапсырушы талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:қаржы есебін тексерудің мақсаты;тапсырушылардың тексеретін мәліметтерінің дұрыстығына жауапкершілігі;аудит жүмысының көлемі, ондағы аудитордың жұмыс бабындағы қолданатын заң қүжаттары және ереже-нұсқаулар, нормативтік құжаттар;тапсырылатын аудит есебінің, аудит қорытындысының үлгісі;жүргізілетін аудит жүмысының бағдарламасы;аудит жұмысының төлем ақысы.Аудит келісім-шартының мазмұны бірнеше бөлімнен тұрады:Бірінші бөлімінде екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп, жауапкершіліктеріне анықтама беріледі. Мысалы, аудитор фирмасының аты, оның жауапты директоры, тапсырушы жағынан шаруашылық субъектісінің аты, оның жауапты қызметкері.Екінші бөлімінде аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит жүмысын орындау мерзімі, құжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық қүпиялылықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттері көрсетіледі.Үшінші бөлімінде тапсырушының міндеттері анықталады. Мысалы, аудит жүмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, есептерді уақтында беру. Қажет болған жағдайда әр түрлі анықтамалар беру, қызметкерлерден түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттерді орындауы қажет.Осы шартта, аудит жұмысының қорытындысын тапсырушыға өткізу тәртібі де қарастырылады. Міндетті түрде аудит шартына бірінші хаттама тіркеледі. Онда аудит жүмысына төлем нақты көрсетіліп, екі жақ алдын-ала шартқа тіркеу құжатын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет