44. Қазақстандағы аудиторлардың білім алуы. Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңында аттестациялауға жоғары білімі бар және экономика, қаржы, есеп-талдамалық, бақылау-ревизия немесе құқық қорғау салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде жұмыс тәжірибесін жинақтаған, сонымен бірге жоғарғы оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын және жоғарыда аталған салаларда соңғы бес жылдың екі жылынан кем емес мерзім ішінде тәжірибе жинақталған тұлғалар жіберілетіндігі айтылған. Жоғарыда айтылғандардан аудиторлық қызметпен айналысуға қойылатын негізгі талаптардың бірі — аудитордың білім алуы екендігін көреміз. Аудитор алуға таісті білімінің негізгі элементтері төмеңдегілер болып табылады: негізгі (базалық) білім;жұмыс тәжірибесі; арнайы кәсіптік білім.
45. Еңбекақы төлеу бойынша персоналмен есеп айырысу аудиті және ықтимал бұзушылықтар. Жұмыскерлер мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыданұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығы болып табылады. Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3350 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу( шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекке ақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемді есептеу, нормативті құжаттар, «ҚР Еңбек» туралы Заңы және т.б. басшылыққа алынады. Аудиторлық тексерудің жүзеге асыратын одан әрі кезеңдері: - төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру; - жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты қосымша ақыны рәсімдеу тәртібі; - өнімнің ақауын құжатпен рәсімдеу және оны төлеу; - түнгі мезгілдегі уақытқа қосымша ақы; - мерекелік күндердегі жұмысқа төлеу; уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу; жалақыдан ұстаудың дұрыстығын тексеру.