Тәрбие - мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі.
Тәрбие – тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық орындардың (отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестік) балаға әсер ету процесі.
Тәрбие бағыттары
Рухани-адамгершілік тәрбие
Ұлттық тәрбие
Отбасы тәрбиесі
Патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие
Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты
Зияткерлік тәрбие,Ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Еңбек экономикалық және экологиялық тәрбие
Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие. Бұл бағыттың мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Рухани –адамгершілік тәрбие
Мақсат: өз міндеттерін түсінетін және қабылдайтын; өмірді және өзін, өзінің әрекеттерін рухани- адамгершілік тәртіп нормалары көзқарасынан дұрыс бағалайтын тұтас тұлғаны тәрбиелеу; рухани- адамгершілік өзін- өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру және өзіндік жетілуі үшін өзін, өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін тану.
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы
Достарыңызбен бөлісу: |