1.ҚР экономмикалық бақылауды ұйымдастыру


Аудиторлық фирманың аудитордың қызметіне бақылау жасауы



бет14/70
Дата07.02.2022
өлшемі108,21 Kb.
#87571
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
Байланысты:
аудит экз ответы готовый

14. Аудиторлық фирманың аудитордың қызметіне бақылау жасауы.
Аудиторлық фирманың аудитор жұмысын бақылау біріншіден, аудиторлық жоспар және аудит өткізу бағдарламасының негізділігін тексеру және талқылаудан көрінеді.Екіншіден, аудиторлардың ұйымдық – этикалық принциптерін қатаң сақтау (клиентке кеңес беруші немесе клиенттің бухгалтерлік есебін қалпына келтіруші аудитор, сол клиентті тексеруге бармайды), үшіншіден, дамыған елдерде кейбір аудиторлық фирмалар, басты аудиторлық фирмалар тексеріп, қорытынды бергеннен кейін, клиент үшін тегін есептіліктің сенімділігі үшін қайта тексереді. рташа және ірі аудиторлық фирмаларда орындалатын жұмыстардың сапасына және аудит бойынша процедуралардың жүзеге асырылуына бақылау жасау біліктілігі жоғары мамандардан құрылған Сарапшылар Кеңесіне жүктеледі.Бұл кеңес жұмыс тобының қатысушылары дайындаған барлық жұмыс файлдарын тексереді.Фирмаішілік сандарттарға сәйкес аудиттің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін тұрақты және ағымдағы файлдар енгізілген құжаттар жасалуға тиісті.Ағымдағы файлдар-жұмыс тобының жетекшісі тексерген құжаттар.Аудит нәтижелерін тексеру кезінде негізен төмендегі мәселелерге көңіл аудару қажет:-аудиттің жалпы жоспарға және бағдарламаға сәйкес орындалғандығы;-жасалынған жұмыстардың және олардың нәтижелерінің тиісінше құжатталғандығы;-айқындалған аудиторлық пройударалардың мақсатына жеткендігі;-тексеру нәтижелерінің қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы жөнінде ой-пікір білдіру үшін негіз болатындығы.Тұрақты файлдар-Сарапшылар кеңесі мен аудиторлық фирманың басшысы тексеріп, бекіткен құжаттар.Ондай құжаттарға төмендегілерді жатқызуға болады:-қызмет көрсету процессіндегі екі жақтың міндеттері мен шарттары туралы ақпараттары бар клиентке арналған хат-келісім;-клиенттің ішкі бақылау жүйесіндегі негізгі кемшіліктер және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды хабарлаушы хат;-аудиторлық тексеру нәтижелерін қарастыру хаттамалары және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет