1.Құрылымдалған сұхбатта сұрақтар мен олардың реті алдын ала анықталады. Сондықтан құрылымдалған сұхбат жазбаша сауалнаманың ауызша түрі болып есептеледі. Құрылымдалған сұхбат сұрақтарды сұхбатқа қатысушылардың барлығы бірдей түсінеді деген болжамға негізделеді.
2.Жартылай құрылымдалған сұхбатта сұрақтар икемдірек құрылымдалады. Сұхбаттың құрылымдылығы белгілі бір нақты мәліметтерді жинауға байланысты. Сұхбаттың басым бөлігі зерттеу сұрақтарының тізбесіне сәйкес жүргізіледі, алайда сұрақтардың нақты қалпы да, реті де алдын ала белгіленбейді.
3. Құрылымдалмаған сұхбатта сұрақтар алдын-ала жинақталып белгіленбейді. Ал
сұхбат,
негізінен,
таныстыру сипатында келіп, әңгімеге ұқсайды. Құрылымдалмаған сұхбат мақсаттарының бірі кейінгі сұхбаттарға нақты сұрақтар әзірлеу үшін зерттеліп отырған тақырып туралы жеткілікті ақпарат алу.
4. Толық құрылымдалмаған сұхбат дерек жинаудың жалғыз құралы ретінде сирек қолданылады. Алдыңғы секілді сұхбаттың бұл түрі де кейінгі сұхбаттар үшін нақты сұрақтар құрастыруға бағытталған. Құрылымдалмаған сұхбат, негізінен, этнографиялық зерттеулерде және кейсстадиге қатысушыларды бақылау барысында қолданылады.
Фокус-топтағы сұхбат – зерттелетін тақырыпты жақсы білетін адамдар тобымен ашық пікірталас арқылы белгілі бір зерттеу мәселесі бойынша мәліметтер жинау әдісі.
Онлайн-сұхбаттыбелгілі бір нақты уақытта компьютерлік коммуникацияның әртүрлі құралдарын (Skype, Zoom және т.б.) пайдалана отырыпжүргізуге болады. Әдетте бейнебайланыс арқылы өтетін бұл ауызша сұхбат «тікелей» сұхбатқа көбірек ұқсайды.