12.5 Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатының басты мәселесі. Елбасының қазақ тарихын Бәйтерекке теңеуі. Тобы: 6В03105-психология Қабылдаған: Амандоссова Мадина
Бұл сұхбатта Елбасы ұлттың өткен тарихынан бастап бүгінгі даму жоспарына дейін, мәдениет, дін, тіл секілді мәселермен бірге ел экономикасы, инновациялық даму бойынша сөз етті.
Елбасының Ұлытау төрінде, бұлақтың сағасында отырып берген сұхбаты жұртшылықтың осындай жылы сөзге сусап, Президенттің емен-жарқын әңгімесін сағынып қалғанын аңдатты. Бұл сұхбатта Елбасы ұлттың өткен тарихынан бастап бүгінгі даму жоспарына дейін, мәдениет, дін, тіл секілді мәселермен бірге ел экономикасы, инновациялық даму бойынша сөз етті. Сұхбат аяқталғаннан кейін халық көкейіндегі көп сұраққа жауап тапқандай сүйіншілеп, өз пікірлерімен жарыса бөлісіп жатты.
Елбасының Ұлытау төріндегі сұхбатына байланысты философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай та өз пікірімен бөлісті.
– Елбасы «Әулие бұлақтан» сұхбат берді. Қазақтың төрі Ұлытаудан естілген Елбасы лебізі тарихтың қойнауынан естілгендей болды. Шындығында Ұлытау мың өліп мың тірілген қазақтың ұстыны, алтын діңгегі. Кейбір бауырларымыз бұрыс түсінбесін, «әулие» сөзі қазақ мұсылмандық түсінігінде адамға ғана емес, мына әлемге де айтыла береді. Себебі ол киелілік пен сырды ішіне қамтып жататын құбылыстарға беріледі. Адам да сырға толы. Сол төрде отырып, Елбасы елдігіміздің негізгі ұстындары болып табылатын тіл, мәдениет, дін, тарих, экономика, саясат, мәңгілік ел туралы ойларын төкті. Ислам діні мен бүгінгі діндарлар, олардың психологиялық қабаттары туралы да ғылыми сараптамалық пікірлерін айтып салды. Ол сөзі мынаған саяды: дінді таныммен, біліммен алғандар бар да, олардың жетегінде жамағатшылық психологиямен бес алты кітап не болмаса бес алты аят жаттап алып «діндар көрініп» шауып жүргендер де бар. Бірақ бұл құбылыс діни танымның табиғатында бар. Елде тыныштық болсын, басқасы орнына келеді. Ескі мен жаңа арасында сұхбат болса, орта жол әрдайым табылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абай Тасболатов:
– Академик Қаныш Сәтбаев Ұлытау туралы: «Бұрынғы уақытта Ұлытау Қазақстанның саяси өмірінің орталығы болған. Қазақтың Алаш, Ақназар, Абылай, Кенесары сияқты атақты хандары Ұлытауды мекен еткен. Бұған таудың жаратылысы жағынан өте әдемі және Қазақстанның географиялық орталығы болуы себеп. Ұлытаудың саяси-экономикалық маңызын орыс отаршылдары да білген. Олар XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап тауды табандап мекен етуге тырысқан, әскерлерін әкеліп орналастырған. Бірақ, жергілікті қазақтар елі соларға шабуыл жасап, тыныштық бермеген», дейді.
Ұлытау туралы биыл туғанына 110 жыл толып отырған академик Әлкей Марғұлан: «Ұлытау – халқымыздың ел болып қалыптасуына, бірлік-тірлігіне діңгек болған, иісі қазақтың айналып соғар түп қазығындай қасиетті мекен. Ұлытау қазақтың ерте кездегі саяси орталығы ретінде маңызды болғандығына бір дәлел қазақ ұлысының негізін құрған басты-басты тайпалардың барлығының жері осы Ұлытаудан тараған» деп жазды. Ұлытау туралы Президент Н.Ә.Назарбаев: «Қасиетті Ұлытау – Қазақ елінің баяғыдан бергі тарихи және саяси кіндігі», деп атап өтті.
....Ұлытау – тарих шежіресінің қоймасы, әр тасы, әр төбесіне тіл бітсе, тәуелсіздік үшін күрескен бабалардың өршіл рухын көз алдыңа әкеліп, қиялыңды шарықтатады. «Ұлытауға бардың ба, ұлар құсты көрдің бе?» деп тіл қататын абыз осы өлкенің қазақ баласының бір айналып соғар киесі екенін білдіреді. Осы орайда, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Біздің Ұлытауымыз бен Ордабасымыз досымызға да, дұшпанымызға да ұялмай көрсететін ардағымыз, айбарымыз», деген сөзі еріксіз ойға оралды.
Ой-толғанысымызды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мына бір сөзімен қорытындылағым келеді: «Кешегі келеңсіз күндерде бабадан қалған сөзден жаңылып, бағзыдан қалған ізден адасып қала жаздаппыз. Талай-талай алқалы кеңес өткен атақты Күлтөбе баяғыда жыртылып кетіпті. Сайрам түбіндегі Мәртөбе күні кеше құртылып кетіпті. Қасиетті орыннан қалғаны – Ұлытау мен Ордабасы. Бауырында бабалардан түскен із әлі сайрап жатыр. Басында бабалар дауысы әлі саңқылдап тұр. Енді сөзден жаңылып, ізден адасар ретіміз жоқ».
Достарыңызбен бөлісу: |