Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза. Интернат қоймасы. Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушыларды Шерхан Мұртазаның «Интернат қоймасы»



Дата08.09.2017
өлшемі37,33 Kb.
#31090
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза. Интернат қоймасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды Шерхан Мұртазаның «Интернат қоймасы» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Қимақағаздар. «Жазушылар» топтамасы

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі



ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасымен жұмыс:

Б. Майлин. Кедей.

-өлеңнен қай кездегі халық тұрмысын білуге болады?

-кедейдің ауыр тұрмысы қалай бейнеленген?

-қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам кім?

( Т.Рысқұлов пен Ш. Мұртаза портреттерімен таныстыра келе жаңа сабаққа ену)

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



  1. Оқушыларды Шерхан Мұртазаның «Интернат қоймасы» әңгімесімен таныстыру.

  2. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту .

Шығармалардың авторларымен таныстыру. «Жазушылар» топтамасы. Шерхан Мұртаза

Сөзжұмбақ шешу.

  1. Жазықсыз жала құрбандарының бірі Д У Л А Т О В

  2. Абайды әлемге танытушы. М Ұ Х Т А Р

  3. Торғай даласына алғаш мектеп салдырған кім? Ы Б Ы Р А Й

  4. Қазақ ғалымы. Ш О Қ А Н

  5. Киіз үйдің сүйегі. К Е Р Е Г Е


Тұрар туралы не білеміз?


Тұрар Рысқұлов туралы не білеміз?

-Т.Рықұлов (1894-1943) Мектепті үздік бітірген

- Ол кездегі Пішпекте орман шаруашылығы техникумында оқиды

-Одан кейін Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі

-1916 жылы ұлт азаттық көтеріліске қатысады

-1917 жылы Әулиеатаға келеді

Тұрар туралы қандай шығарманы еске түсіре аламыз?

2 сыныпта өткен тақырып « Бала Тұрар» әңгімесінің кейіпкерлері кімдер еді?



Оқулықпен жұмыс

- Мәнерлеп оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.



Сөздікпен жұмыс.

Оқушылар түртіп алу жүйесі бойынша қолдарына қалам алып өздері үшін түсініксіз сөздердің астын белгілеп отырады.

Сол сөздердің мәнін ашу, түсіндіру.

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмаларларды орындау.

1. Әңгімекімтуралы? Мінездеме беру:

2. Салдыр-сұлдыр дыбыс қайдан шықты?

3. Апыр-топыр қаша жөнелгендер кімдер еді?

4. Олар не істегілері келді?
Тұрар

Атамырза.

5. Балалардың қайсысы қолға түсті?

6. Серік Тұрарға не айтты?

7. Тұрар мен Қабылбек Серікті неге аяды?

8. Балалар қандай шешім қабылдады?

1. Әңгімеден Серіктің сөзін тауып оқы.

2. Мәтіннің ең соңғы үш сөйлемін оқып, мәнін түсіндіріп көр.

3. Мәтінге сүйеніп Тұрарға, Атамырза мен Серікке мінездеме беріп көр.

4. Мәтінді екіге бөліп, әрбір бөлікке ат қой.

Сабақты қорытындылау:

Біз не білдік? Талқылау



Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Ш. Мұртаза. Интернат қоймасы. Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Каталог: uploads -> doc -> 018c
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
018c -> Сабақ жоспары «Рудный қаласының №19 орта мектебі»
018c -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Аустралия материгімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктеріне тоқталу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет