Ашық сабақ: Орал, 2016. Ожббм №45



Дата21.07.2017
өлшемі26,29 Kb.
#21585
  • Құрақ тігу. Құрақ құрау әдісімен көрпе тігу
  • 8 сынып
  • Дайындаған: Кенжегалиева Б.А.
  • Ашық сабақ:
  • Орал, 2016.
  • ОЖББМ № 45
  •       Сабақтың мақсаты: Құрақ туралы мағлұмат беру
  •          Білімділікоқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат бере отырып, нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеуге, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыруға үйрету.
  •          Дамытушылық:  Оқушылардың теориялық білімдерін іс – жүзінде шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
  •          Тәрбиелік: көне заманнан келе жатқан қазақ халқының өнерін, салт- дәстүрін бағалай білуге, өнер адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
  • Үй тапсырмасын сұрау:
  • “ Ұлттық колөнердің түрлері “.
  • «Сөз мерген» сайысы:
  • 1 топ: «Шебер қолдар»,
  • 2 топ: «Өнерпаздар»
  • Бұл сайыстың ережесі қазақ халқында көп қолданылатын сөздерге түсінік беру, сол сөзге мақал –мәтел құрап, түсіндіру.
  • Құрақ құрау бұл аса шеберлікті,шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі .
  • Құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі.
  • Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер, құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар.
  •          — Құрақ туралы түсінік
  • Ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі- құрақ құрау. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500-3000 жылдар бұрын дамып, тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным-сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз қолына түскен мата қалдықтарын тастамай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін — жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапан, тақия дайындайтын. Құрақ — сан қилы қиықтан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі — ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі.           Құрастырылатын мата таза, тегіс үтіктелген болуы керек. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдылығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Жалпы қазіргі тұрмысымызға құрақтың көптеген түрлерін пайдалануымызға болады. Мысалы орындықтарға, жиҺаздар бетіне, диванға, креслоға, т.б. әсемдеп тігілген үлкенді-кішілі құрақ көрпешелер, төр көрпелер әрбір үйге сән берері сөзсіз.
  • Құрақ құраумен барлық жұрт шұғылданады, бірақ оны әр ұлт әрқалай атайды:
  •  
  • Қазақ тілінде құрақ құрау өнері — құрақ
  • Орыс тілінде құрақ құрау өнері —  лоскутное шитье
  • Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері - пэчворк
  • Жапон тілінде құрақ құрау өнері — сашико деп аталады.
  • Құрақ
  • Пайдасы
  • Тұрмыста қолданылуы
  • Қажетті құрал-жабдықтар
  • Геометриялық пішіндер
  • Түстер
  • Мата
  • Құрақ түрлері
  • Шетін әшекейлеу
  • Қажетті құрал-жабдықтар
  • Құрақ бөлшектеріндегі геометриялық
  • фигуралар.
  • Шаршы
  • Алтыбұрыш
  • Трапеция
  • Тең бүйірлі Үшбұрыш Пирамида
  • Ромб
  • Тіктөртбұрыш
  • Параллелограм.
  • Түстер
  • Негізгі түстер
  • Жылы және суық түстер
  • Қазақ халқының сәндік өнеріндегі басты бояудың түрі – көк түс. Шоқан Уалихановтың айтуы бойынша, бұл түстің заттық мағынасы бар.
  • Қызыл – оттың, күннің рәміздік белгісі. Көне түрік тілінде қызыл түс – оңтүстікті, қара – солтүстікті, ақ – батысты, көк – шығысты білдіреді.
  • Қара – жердің түсі, берекенің белгісі.
  • Ақ та қасиетті түс. Ол қуанышты хабардың, бақыттың, тазалықтың белгісі. Ақ – сонымен бірге шындықтың, ақиқаттың, адалдықтың белгісі іспеттес.
  • Сары түс – негізінен ақыл-парасаттың белгісі деп есептелінеді.
  • Жасыл түс – жастық пен көктемнің белгісі.
  • Құрақтың шетін әшекейлеу.
  • Құрақ түрлері
  • * Геометриялық
  • * Зооморфты
  • * Өсімдіктес
  • * Тұрмыстық
  • * Космогоникалық
  • Құрақта қолданылатын мата.
  • Қамқа –алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіппен тоқылған жібек мата.
  • Қатипа –жол-жолы бар, жұқа жібек мата.
  • Барқыт,шыт.
  • Торқа-ең қымбат жібек мата.
  • Мақпал- тығыз тоқылған , жұмсақ,түкті барқыттың бір түрі.
  • Парша- алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқыған жылтырақ жібек мата.
  • Қыжым- сапалы жүннен тоқылған түкті мата, плюш.
  • Тұрмыста қолданылуы
  • Панно.
  • Жапқыш.
  • Көрпе.
  • Көпшік.
  • Пайдасы
  • Қоржын.
  • Аяққап.
  • Жастық.
  • Жерге төсеуіш.
  • Практикалық жұмыс .
  • Кіріспе нұсқау. 1. Құрақ бөлшегіне астар қию жолдары. 2. Астар мен құрақ бөлігін біріктіру. Көктеу. 3. Құрақ көрпеше немесе жастық ішіне мақта немесе жүн салу. 4. Ашық жерлерін біріктіру. 5. Буйымды дайындау. Ағымды нұсқау. 1-құрақ 1. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау. 2. Құрақ бұйымын астарлық шыт матаның бір шетінен орналастырып, жиектеп сызып аламыз. 3. Сызылған сызық бойынша матаны қиып алу. 4. Қиылған астар мен құрақ бөлшегін оң бетімен беттестіріп, теріс бетінен шетін 1 см тігіске есептеп сызу. 5. Сызылған сызық бойымен көктеп тігіп шығу. 6. Бір шетінен 10-15см тігусіз жер қалдыру. 7. 10 – 15 см тігіс жерден бұйымды оң бетіне айналдырып, ішіне тегістеп жүн немесе мақта салып ашық жерін ішкі тігіспен тігу. 2-құрақ. Астарды қияр алдында матаны жайып үстіне құраған бұйымды орналастырамыз. Құрақ жиегінен жиектеп сызып, сызық бойынша қиып алынады. Қиылған астармен құрақ бұйымды оң бетімен беттестіріп шетіне 1см тігіс есептеп сызып шығамыз, сызылған сызық бойынша көктеу керек. Ал құрақ көрпешенің арасына мақта және жүн салу үшін бір шетінен 10-15см тігілмеген жер қалдыру керек. Бұйымның ашық жерінен жүн немесе мақта салынады. Егер жүн салатын болсақ жақсылап жуып, тазалап кептіріп алу керек. Кепкен жүнді түтіп көрпеше ішіне тегістеп салу керек. Көрпешенің жүнін салғаннан кейін ашық жерін ішкі тігіспен тігеді. Үлкен көрпеше болса, көрпешенің үстінен ұзыннан тепшіп тігеді.
  • Қорытынды нұсқау
  • Орындалған жұмысының сапасын тексеру
  • Әр жұмысына сараптама жасап, өз ойларын айту.
  •  
  • Қауіпсіздік ережесі:
  •  -Қол инесімен жұмыс:
  • Инені киімге қыстыруға болмайды.
  • Инені арнаулы қобдишада сақтау керек
  • Ине жібін тіспен үзуге болмайды
  • Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс
  • Инені жіпсіз тастауға болмайды
  •  
  • —  Қайшымен жұмыс:
  • 1. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек
  • Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
  • Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
  • Қайшымен жұмыс кезінде жолдасыңның көңілін бөлме.
  • Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды
  •  
  • — Үтікпен жұмыс:
  • 1. Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген жерлерін тексер.
  • Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.
  • Үтікті арнайы тіреуішке қою керек
  • Үтікті тұтқасынан ұста
  • Үтікті мұғалімнің рұқсатымен токқа қосуға болады
  • Ылғал қолмен токқа қосылған үтікті ұстауға болмайды
  • Жұмыстың орындалуы
  • Қажетті заттар
  •  
  • 1
  • Материал дайындау
  • Мата қиындысы
  • 2
  • Үлгіні дайындау
  • Картон, қайшы
  • 3
  • Құрақты қырқып дайындау
  • Қайшы, бор, үлгі
  • 4
  • Көктеп тігу
  • Ине-жіп, тігін машинасы
  • 5
  • Тұмарша дайындау
  • Мата қалдығы
  • 6
  • Құрақ  көрпешені астарлау
  • Мата, ине-жіп
  • 7
  • Бұйымды мақта салып аяқтау
  • Ине-жіп, мата
  •                                 Сөзжұмбақ
  • 1.Жас жұбайлардың шымылдырығында қолданылатын құрақ түрі қандай?
  • 2.Аспан денесіне байланысты аталатын құрақ түрін ата.
  • 3. Европа халқында құрақ құрау қалай аталады ? 4. Жапон халқында құрақ құрау қалай аталады ?
  • 5.Гүлдің атына байланысты құрақ атауы .
  • А
  • Қ
  • қ
  • у
  • Ж
  • ұ
  • л
  • д
  • ы
  • з
  • ш
  • а
  • П
  • э
  • ч
  • в
  • о
  • р
  • к
  • қ
  • ы
  • з
  • ғ
  • а
  • л
  • д
  • а
  • қ
  • С
  • а
  • ш
  • и
  • к
  • о
  •                              
  •                     
  •     Тест
  • 1.Құрақ өнері неше түрге бөлінеді?
  • А.4                   Б.2 Ә.5          В.3
  • 2.Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды?
  • А. 19-20            Б.17-18 Ә. 15-16            В. 16-17
  • 3.Жұлдыз құрағы қай топқа жатады?
  • А.Зооморфты              Б. Геометриялық Ә.Космогоникалық     В. Тұрмыстық
  • 4.Құрақ үлгілерін сызып бояуда қандай редактормен жұмыс істейміз?
  • А.Word                  Б.Paint Ә.Power Paint                 B. Exsel
  • 5.Сегіз жапырақ құрағы қай топқа жатады?
  • А.Өсімдік тектес       Б.Космогоникалық Ә. Геометриялық В.Тұрмыстық
  • 6.Жапон халқында құрақ өнері қалай аталады?
  • А.Печворк           Б.Лоскутная техника Ә. Patchwork                 В. Сошико
  • 7.Құрақтың сәнді болуы несіне байланысты?
  • А. Үлгісіне           Б.Тігісіне Ә. Көлеміне                   В. Орындалуына
  • 8.26 шаршыдан 8 үшбұрыштан құралған құрақты ата?
  • А. Қызғалдақ            Б. Аққу Ә.Жұлдызша                 В.Иықты
  • 9.Құрақ құрау қандай ма териалдан жасалады?
  • А.Былғары           Б. Мата Ә. Тері                 В. Полиэтилен
  • 10.Құрақты тіккен кезде түзу, әдемі шығу үшін тігіске қанша мм қалдырамыз?
  • А. 15-20мм            Б.2-3 мм Ә. 20-25мм            В. 5-10мм
  • Дұрыс жауаптар:
  • 1. ә
  • 2. а
  • 3. ә
  • 4. б
  • 5. а
  • 6. в
  • 7. а
  • 8. а
  • б
  • в
  • IV. Қорытындылау. Сонымен қатар құрақ құрау адамды үнемділікке үйретеді. Кішкентай мата қиындысынан сәнді заттар жасау қабілеттілікке тәрбиелейді. Өз қолдарымен жасаған бұйым әрқашанда ыстық болады. Сондықтан уақыт тауып жиі – жиі құрақ құраумен, тігін тігумен айналысқан жөн. Бағалау.
  • Үйге тапсырма беру: құрақты тігіп аяқтау, батикке матасын дайындап келу, құралдар.
  • Үйге тапсырма
  • Құрақ көрпеше құрау
  • Нұсқау картамен жұмыс жасау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет