Сабақтар топтамасы «Бірмүшелер және көпмүшелер»



Дата27.08.2017
өлшемі50,81 Kb.
#29835
түріСабақ
Орташа мерзімді жоспарлау.
Тізбектелген сабақтар топтамасы күнтізбелік жоспарға сәйкес алынды. Сабақтардың бір-бірімен мақсаттары да, өзара байланысы да бар. Тізбектелген сабақтар топтамасы «Бірмүшелер және көпмүшелер» тарауын қамтиды. Орташа мерзімді жоспарлау 16 сағатқа арналынған.


Сабақ №

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі.

1




2

Бірмүшелерді көбейту

1




3

Бірмүшелерді дәрежеге шығару

1




4

2 бақылау жұмысы ( 1 -тоқсан қортынды)

1




5

Пысықтау есептерін шығару. Бірмүшелерді дәрежеге шығару тақырыбына есептер шығару.

1




6

1 - тоқсанның материалдарын қайталау

1




7

Көпмүше және оның стандарт түрі

1




8

Көпмүшелерді қосу және азайту

1




9

Көпмүшелерді қосу және азайтуға есептер шығару

1




10

Бірмүшені көпмүшеге көбейту.

1




11

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

1




12

Көпмүшені көпмүшеге көбейту

1




13

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

1




14

Көпмүшелерд і көбейтуге есептер шығару

1




15

3 бақылау жұмысы (бірмүшелер және көпмүшелер)

1




16

Пысықтау есептерін шығару. Көпмүшені көпмүшеге көбейту тақырыбына есептер шығару.

1



Сабақ жоспарлары білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, білім беруде АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балалармен жұмысты қамту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылықты анықтау мақсатында жоспарланды және сабақ өту барысында іс-жүзінде қолдануға негізделген.




  • Білім берудегі жаңа тәсілдер

Сабақ барысында сұрақ-жауап, тренингтер енгізу арқылы диалогтық оқытуды енгізіп, қолдану жоспарланған. Бір-бірімен пікір алмасу нәтижесінде оқушылар білім алудың жаңа тәсілдерімен танысып, өз білімдерін жетілдіреді.

Тақырыпқа сай бағдарламаны меңгеру мен оның қолдануы бойынша кеңейтілген мүмкіндіктерімен таныса отырып, оқушылардың жан-жақты терең ойлануына әсер ету. Сабақта проблемалық сұрақтар қоя отырып, миға шабуыл жасап, ой өрісіне қозғау салу арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға икемдеу.

  • АКТ-ны пайдалану;

АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, білімдерін жетілдіріп жан-жақты дамуына ықпал ету, қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды меңгеру мен қолдану қабілеттерін арттырып, олардың түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, оқытуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсету.

  • Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;

Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде белгілеу үшін қолданылады. Сонымен бірге, оқушылардың жұмыс нәтижесін қорытындылау, олардың сабақ турады алған біліміне бағыт бағдар көрсету, өзін-өзі бағалап, орындаған тапсырмалардың жұмысына талдау жасау. Мұның барлығы сабақ барысында оқушылардың қорытынды жасауына өте қажетті құралдардың бірі. Өзін-өзі бағалау арқылы оқушылар өздерінің тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтап, әрі қарай дамуына бағыт алады. Мұғалім, оқушыларды бағалау кезіндегі түсініспеушіліктерді жоюға көмектесіп, оқушылардың нақты нені меңгергенін көрсетеді.

Дарынды және талантты оқушыларды анықтайтын өлшемдерді пайдалану;

Ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдану:



  • есте сақтау және білім;

  • өз білімін жетілдіру;

  • ойлау қабілетінің жылдамдығы;

  • мәселені шешу;

  • икемділік;

  • күрделілікке деген сүйіспеншілік;

  • шоғырлану;

  • белсенділік;

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;

Баланың оқуға және проблемалық сұрақтарды шешуге деген қабілеті. Дәлірек айтқанда, оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты жұмыстар жүргізу.

  • Білім берудегі басқару және көшбасшылық;

Көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше факторлардың түрі жауаптылығы бар немесе жоқ оқушылар деп анықталуы мүмкін:

  • іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;

  • өзгерістер енгізу үшін достарымен стратегиялық шешімдер қабылдауға;

  • бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;

  • кәсіби білімді құруға және таратуға көмектесу;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет