Дүниетану 2 сынып Тақырыбы



Дата04.05.2017
өлшемі69.69 Kb.

Дүниетану 2 сынып

Тақырыбы:

Өсімдікке су және топырақ керек

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларда өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсінікті қалыптастыру; ой-өрісін дамыту; сыни ойлау арқылы тақырыптың идеясына түсіну, диологты әдісті қолданумен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру; ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау табиғатты қорғауға,сүюге тәрбиелеу


Күтілетін нәтиже:

өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсінік қалыптасады,алған мәліметті талдай алады, өз білімдерін бағалай алады

Негізгі идеялар

Табиғатты қорғау- парызымыз

Оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер:Қолданатын әдіс-тәсіл

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, критериалды бағалау

Ресурстар

тапсырмалар, презентация, оқулық, суреттер

Пәнаралық байланыс




Қолданылатын модуль

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім беру үшін бағалау мен оқытуды бағалау, білім беруде АКТ қолдану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту, білім беруді басқару мен көшбасшылық.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру


1.Ынтымақтастықты орнату "Сәлемдесу"


Сәлемдесу:Оқушылар бір-бірімен қол алысып, қол бұлғап, бас изеп амандасады.




1. Топқа бөліну

2. Топ басшысын осы сұрақтар арқылы анықтау:

-Өсімдік неше топқа бөлінеді?

-Шөл өсімдіктерінің тамыры неге ұзын болады?

-Жапырақ көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, не бөліп шығарады?

-Өсімдікті топыраққа не бекітеді?



Тамыр, сабақ, жапырақ , өсімдік сөздері бойынша топқа бөліну, топ құру. Топ басшыларына бағалау парағын ұсыну.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:


1..“ Ыстық орындық” әдісі. Қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

1. Жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабатты не дейді?

2.Қандай топырақта өсімдік жақсы өседі?

3.Судың артық мөлшерін буландыратын өсімдік мүшесі не?

4.Қай жемістің жапырағы түсісімен қыс келеді? 5.Жапырақ қай мезгілде сарғайып,түседі?

6.Жеміс не?


7.Шырынды жемістің түрін ата.
8.Құрғақ жемістерді ата.
9.Өсімдік тұқымдары жер бетінде қалай тарайды?

2. Топтық жұмыс: «Бірге ойлаймыз»

І-топ «Тамырдың атқаратын қызметі»

ІІ-топ «Сабақтың атқаратын қызметі»

ІІІ-топ «Жапырақтың атқаратын қызметі»

ІҮ- топ «Өсімдік- тірі ағза»


топтар бірін-бірі бағалайды,


Қызығушылықты ояту

-Өсімдікке не қажет?



Оқушылар өздерінің пікірлерін айтады

ІІІ.Жаңа сабақ «Мағынаны тану» (слайд арқылы түсіндіру)

Өсімдік – тірі ағза. Өсімдік өседі, гүл жарады, жемісін береді.Ол өсу үшін не қажет екен?Ал осылардың бірі жоқ болса, өсімдік нашар өседі.Тіпті кейбіреуінің салдарынан өсімдік өз тіршілігін тоқтатуы мүмкін. Соның бірі- су. Өсімдіктердің сынған жерінен оның бойында су бар екенін байқауға болады.Суы жеткілікті өсімдік жайқалып өседі.Су өсімдікке не арқылы келеді. Әріне топырақ арқылы өсімдікке су келеді.Топырақтағы қоректі заттар сумен араласып ериді. Өсімдіктің тамыры суды бойы-на сіңіріп, келесі мүшелеріне жібереді. Шірін-дісі көп топырақ өсімдік өсуіне қолайлы. Шіріндіні қайдан алады.. Топырақта неғұрлым шірінді көп болса, соғұрлым ол құнарлы болады және өсімдік жақсы өседі. Топырақтың ең басты қасиеті құнарлылығы. Сондықтан құнарлы топырағы бар жерде өсімдік көп, әрі тез өседі. Топырақтың құнарлығын адамдар оған тыңайтқыштар қосып жақсартады. Тыңайту үшін не керек деп ойлайсыңдар? Көң, құстың саңғырығы, шымтезек, қарашірік.



ІҮ.Сергіту сәті







Ү.Жаңа сабақты меңгерту


1. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқушыларға оқыту.



2.Сұрақ-жауап алысу. (оқушылар бір-біріне сұрақ қояды)

1.Өсімдік не үшін тірі ағза?

2.Өсімдік өзіне қажетті қоректі қайдан алады?

3.Өлі табиғат дегеніміз не?

4.Тірі табиғат дегеніміз не?

5.Өсімдіктің бойында су барын қайдан білеміз?

6.Өсімдік суды не арқылы сіңіреді?

7.Қураған өсімдіктердің пайдасы қандай?

8. «Тыңайту» дегеніміз не?

3.«Ойлан, бірге талқыла» әдісі бойынша топтық жұмыс.

І – топ «Өсімдікке су керек»

ІІ- топ «Өсімдікке топырақ керек»

ІІІ- топ «Өсімдіктің қандай пайдасы бар?»
ІҮ- топ «Өсімдік қалай көбейеді?»


Топта бірлесе отырып , жұмыс жасайды. Өз ойларын айтады.Тапсырмаларды орындайды.

ҮІ Қорыту


  1. Шығармашылық тапсырма:

І-топ «Су- тіршілік көзі» шағын шығарма жазу

ІІ-топ «Су туралы өлең жазу»

ІІІ-топ «Су туралы тыйым сөздер»

ІҮ-топ «Суды үнемдеу»



2.«Ой түйіндеу»

-Бүгінгі сабағымызда нені білдік?

-Өсімдік өсу үшін не қажет?

-Топырақты тыңайту үшін нелер керек?







ҮІІ.Бағалау

Критериалды




Рефлекция

«Алма ағашы» әдісі

• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.



«Тазалық» ойыны

• Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:

1. Чемодан(суреті)

2. қоқыс жәшігі (суреті)

3. еттартқыш (Суреті)

- Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)




Оқушылар өз ойларын жазады

ҮІІІ. Үйге тапсырма

66-69 беттерді оқу,





Критериялар бойынша бағалау:

Жоғарғы ұпай -5

Орташа ұпай-3

Төмен ұпай-1



р/с

Мәтінді мәнерлеп оқуы

(Толық оқуы-5 ұпай; орташа оқуы -3 ұпай; төмен оқуы-1 ұпай)




Сұрақ қоя білуі

(нақты-5 ұпай,толық емес-3 ұпай

төмен-1 ұпай)


Сұрақтарға жауап беруі

(Толық -5 ұпай; толық емес -3 ұпай; төмен -1 ұпай)




Ойын еркін жеткізе білуі

(еркін сөйлеуі-5 ұпай,еркін сөйлей алмауы-3 ұпай,мүлдем орындамауы- 1 ұпай)



Қорытынды

1
















2
















3
















14-20 ұпай – «5»

13-10 ұпай – «4»



10-5 ұпай – «3»



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет