1.Ұрықтану. Ұрықтану еркектің (сперматозоид) және әйелдің (аналық) жетілген жыныс клеткаларының қосылу құбылысы. Фолликулалардың толық пісіп жетілуі еттеккірдің 13-14-күніне сәйкес келеді



бет6/10
Дата21.01.2022
өлшемі17,3 Kb.
#112571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жүктілік физиологиясы

6.Жүктілік диагностикасы.

Ерте жүктіліктің диагностикасын анықтау үшін оның белгілерін 3 топқа бөлген.

Жүктіліктің белгілері:


  1. Күмәнді белгілері: тамаққа тәбеттің өзгеруі, жүректің айнуы, құсу, ішек-қарын қызметінің бұылуы; 4-5 жұмалық жүктілікте іштің өтуі; жүйке жүйесінің бұзылуы; бет, қарын және емшек ұшы терісінің қараюы

  2. Күмәнсіз белгілері: етеккірдің тоқтауы; емшек бездерінде уыздың пайда болуы; қынап пен жатыр мойнының көгеруі; жатырдың пішіні мен көлеменің өзгеруі

Жүктіліктің күмәнсіз белгілерін төмендегі тәсілдермен анықтайды:

а) сүт бездерін уызды сығып шығару

б) сыртқы жыныс мүшелерін қарау

в) айнамен қынап қабырғасын, жатыр мойнын қарау

г) қынаптық және бимануальдық зерттеу

Сыртқы жыныс мүшелерін қарау. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін дәрігер креслода тексереді. Ол үшін сол қолдың ІІ және І саусақтарымен жыныстың кіші және үлкен еріндерін ашып, сыртқы жынс мүшелерін, қынап сағасын, үрпіні, бартолин бездерін қарайды.

Айнамен зерттеу. Сыртқы жыныс мүшелерін қарап болғаннан кейін, қынап қабырғасын, жатыр мойнын қынап айнасымен тексереді.

Қынаптық зерттеу. Сол қолдың саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың саусақтарын қынапқа енгізеді, І саусақты жоғары көтереді, IV және V саусақтарды алақанға бүгіп, сыртын аралыққа тірейді.

Бұл зерттеуде: жатыр түбі бұлшық еттерінің жағдайы, қынап қабырғасының қасиеттері анықталады.

Бимануалды зерттеу. Жатыр мойнын зерттер болғаннан кейін бимануалды зерттеуді бастайды. Сол қолдың бармақтарымен құрсақтың алдыңғы жағынан жайлап басып, бармақтарды жамбас қуысына қарай жылжытады.

Екі қолдың бармақтарын түйістіріп, жатырдың орнығуын, пішінін, көлемін, тығыздығын, жылжымалығын анықтайды.


  1. Анық белгілері- жүктіліктің екінші жартысында пайда болады (жатырдағы ұрықтың мүшелерін, қимылын, жүрек соғуын анықтауға болады). Әйелдің жүктілігін анықтағаннан кейін жүктілікті зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет