2.Ұрықтың даму сатылары.
Жатыр қабырғасына енуі.
Ұрықтанудан кейін түтікте зигота бөлінеді де, бластомерлер әрі қарай бөлініп “тұт жемісі” тәрізді болады, бұл сатыны - морула сатысы деп атайды, осы сатыда жатыр қабырғасына енеді.
Келесі бөліну сатысы - бластоциста.Екі түрлі бластомерлер түзіледі: 1)эмбриобласт; 2)трофобласт. Келешекте эмбрибластан ұрық, трофобласттан плацента түзіледі. Осы екеуінің арасында қуыс пайда болады.
Ұрықтың жатыр шырышты қабатқа жабысуын имплантация деп атайды. Импланация протеолиттік ферменттердің әсерінен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |